Программа дисциплины для студентов


Операциялық жүйе пайдаланушылардың және бағдарламалардың қорғаушысы ретінде



бет6/44
Дата14.03.2023
өлшемі1.8 Mb.
#470786
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
БА дарламасы ( Syllabus ) Павлодар, 2014ж П н ба дарламасы (Syll

Операциялық жүйе пайдаланушылардың және бағдарламалардың қорғаушысы ретінде
Егер есептеуіш жүйе бірнеше пайдаланушының бірге жұмыс жасауын рұқсат етсе, онда олардың қызмет етуінің қауіпсіздігін ұйымдастыру проблемасы туындайды. Ешкім бөтен файлдарды жойып алмауына немесе зақым келтірмеуі үшін дискідегі ақпараттың амандығын қамсыздандыру қажетті. Пайдаланушылардың біреулерінің бағдарламалары басқа пайдаланушылардың бағдарламаларының жұмысына өз бетімен килігуіне рұқсат беруге болмайды. Есептеуіш жүйені бекітілмей(несанкционированный) қолдану әрекеттерін кесіп тастау керек. Барлық осы қызметті операциялық жүйе пайдаланушымен, олардың бағдарламаларының қауіпсіз жұмысын ұйымдастырушысы ретінде жүзеге асырады. Осындай көзқарас бойынша операциялық жүйе өзін мемлекет қауіпсіздігі жүйесі ретінде таныстырады.
Операциялық жүйе тұрақты атқарылымдық түйін (ядро) ретінде
Операциялық жүйеге келесі анықтама беруге болады: операциялық жүйе дегеніміз компьютерде тұрақты жұмыс істеуші және қолданбалы бағдарламалардың бәрімен әрекет етуші программа деп. Бәрімізге осы анықтама абсолютті дұрыс деп көрінер еді, бірақ, ары қарай көретін болсақ, қазіргі заманғы операциялық жүйелердің көптегендерінде, компьютерде операциялық жүйенің түйін деп аталатын тек қана бір бөлімі тұрақты жұмыс істейді.
Біз көріп отырғандай, операциялық жүйеге әртүрлі көзқараспен өте көп анықтама беруге болады. ­Оған қатаң түрде анықтама беруге болмайды.
Бізге операциялық жүйеге анықтама бергеннен көрі, ол не үшін керек және ол қандай іс атқаратыны туралы айту тіпті оңай. Осы сұрақтарды айқындау үшін есептеуіш жүйелердің дамуының тарихін қарап шығайық.
Есептеуіш жүйелердің эволюциясының қысқаша тарихы
Біз операциялық жүйелердің емес, ал есептеуіш жүйелердің даму тарихын анықтап қараймыз, себебі hardware және бағдарламалық қамтамасыздандыру бірге, бір-біріне өзара ықпалын тигізе отырып дамыған. Жаңа техникалық мүмкіншіліктердің пайда болуы ыңғайлы, нәтижелі және қауіпсіз программалар құру салаларына желпіністер(прорыв) алып келді, ал бағдарламалық салаларға жаңа техникалық шешімдерді іздеу ойлары ынталандырды. Нақ осы белгілер - ыңғайлылық, нәтижелік және қауіпсіздік есептеуіш жүйелердің эволюциясы жанында табиғи сұрыптау факторларының ролін атқарды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет