Программа дисциплины для студентов


Операциялық жүйе виртуалды машина ретінде



бет5/44
Дата14.03.2023
өлшемі1.8 Mb.
#470786
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
БА дарламасы ( Syllabus ) Павлодар, 2014ж П н ба дарламасы (Syll

Операциялық жүйе виртуалды машина ретінде
Операциялық жүйелерді өңдеу кезінде абстракциялау кең қолданылады, ол маңызды, оңайлату әдіс болып келеді және жоғары деңгейлі жүйе компоненттерінің әрекеттестігінің бір жерге топталуына, олардың іске асырылу бөлшектерін елемей, рұқсат етеді. Осы мағынада операциялық жүйе пайдаланушы мен компьютер арасындағы интерфейс болып келеді.
Машиналық командалар деңгейінде, компьютерлердің көпшілігінің сәулетін қолдану қолданбалы бағдарламалар үшін өте ыңғайсыз. Мысалы,­ дискімен жұмыс жасауда оның электронды компоненттерінің ішкі құрылғылары – диск айналдыру командаларын енгізу контроллерлері, жолдарды іздеу және форматтау, секторларды оқу және жазу және т.б. туралы білімді талап етеді. Бәрімізге анық, орта білімді программист жабдықтаудың жұмыс жасауының барлық ерекшеліктерін ескере алмайды (қазіргі заманғы терминологиядағы - құрылғылардың драйверлерінің өңдеуімен шұғылдану), мысалы айтайық, дискінің ақпараттық кеңістігін файлдар жиынтығы ретінде елестетуі туралы тек қана қарапайым жоғары деңгейлі абстракциясы болуы тиіс. Файлды оқу немесе жазу үшін ашуға, ақпаратты алу немесе тастау үшін қолдануға, ал сонан соң жабуға болады. Бұл дегеніміз дискінің бастиегінің айналдыру бөлшектерін немесе мотор жұмысын ұйымдастыру қамын ойластырғанға қарағанда, концептуалды түрде тіпті оңай. Осы сияқты, қарапайым және анық абстракциялар арқасында, программистен барлығы керек емес - үзулерді ұйымдастыру, таймер жұмыстары, жадымен басқару және тағы басқа нақтылықтар жасырынады. Қазіргі заманғы есептеуіш кешендерінде операциялық жадының шексіз мөлшері және процессорлар саны жайлы қиялдауға болады. Осының бәрімен операциялық жүйе шұғылданады. Сонымен, операциялық жүйе пайдаланушыға өзін виртуалды машина ретінде таныстырады, компьютер жабдықтауына қарағанда онымен жұмыс жасау тіпті оңай болып келеді.
Операциялық жүйе қор менеджері ретінде
Операциялық жүйе сәулеті өте күрделі компьютердің барлық бөліктерін басқаруға арналған. Мысалы, егер бір компьютерде жұмыс жасаған бірнеше бағдарламаларды бір уақытта принтерге шығаратын болсақ, онда не болатынын көрейік. Біз әртүрлі бағдарламалар арқылы шығарылған жолдар мен беттердің қоспасын алар едік. Операциялық жүйе баспаға шығаруға, дискіге және баспаға шығару үшін кезек ұйымдастыруға арналған ақпаратты буферлеу арқылы осындай хаосты қақпайлайды. Көп пайдалынатын компьютерлер үшін қорларды басқару қажеттілігі және оларды қорғау тағы да көбірек айқын.
Демек, операциялық жүйе, қорлардың менеджері сияқты,­ процессорлардың, жадының және әртүрлі бағдарламалар арасындағы басқа да қорлардың реттелген және бақыланатын таратылуын іске асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет