Программа дисциплины ф со пгу 18. 2/07 для студентов Қазақстан Республикасының ғылым және білім миністірлігі



бет4/4
Дата09.06.2016
өлшемі0.52 Mb.
#123904
түріПрограмма дисциплины
1   2   3   4

ҮТ – үй тапсырмасын орындау, Қ – сабаққа қатысу, К – конспект жазу, Е – есеп беру, АБ – ағымдық бақылау, МБ – межелік бақылау.


КУРС САЯСАТЫ
Оқытушы мен студенттердің академиялық этикасының саясаты университеттің ішкі тәртібінің ережелеріне сәйкес болуы тиіс. Оқу процесіне белсенді түрде қатысу қажет. Оқу материалы бойынша сұрақтар қою, тиянақты жауаптар беру және өзіндік көзқарастарды таныту өте маңызды. Оқытушы мен курстастарды сыйлау керек. Оқытушы сөйлегенде, дауыстап әңгімелесуге болмайды, екінші ескертуден соң студент аудиториядан шығарылады. Сабақтарды орынды себепсіз босатуға тыйым салынады. Әрбір себеп анықтамамен расталуы қажет. Студент босатқан сабақтарының орнын оқытушының анықтаған уақытында толықтыруы тиіс. 10 минуттан артық кешіккен студент сабаққа жіберілмейді. Сабаққа кешігудің немесе келмеудің себептерін алдын-ала ескерткен жөн. Үй тапсырмасын және басқа жазба жұмыстарды дер кезінде тапсыру қажет. Бақылау жұмысын, тестті, емтиханды тапсыруда көшіруге жол берілмейді. Оқытушының консультациясына қатысу міндетті. Сабақ барысында ұялы телефондар сөндірілген қалыпта болуы талап етіледі. Сағыз шайнауға дөрекілік пен мәдениетсіздіктің белгісі ретінде қатаң тыйым салынады.

Оқу процесіне қатысу дегеніміз – сабаққа қатысу, пікірталаста және топ жұмысында белсенділік көрсету, топтастарының оқуына әсер ету.

Сабаққа 100 пайыз қатысып, берілген тапсырмаларды уақытымен және дұрыс орындаса – ең жоғарғы 100 балл қойылады. Курсты меңгеру барысында балдар былай бөлінеді:


  • дәріске қатысу – 1 балл, конспектің бар болуы – 1 балл;

  • тәжірибелік сабаққа қатысу – 1 балл, тәжірибелік жұмысты орындау – 5 балл (оның ішінде үй тапсырмасын орындау -3 балл, сұрақтарға жауап беру, жаттығу жұмыстарын орындау, тақырып бойынша талдау жасау - 2 балл).

Ағымдық бақылау студенттердің өзіндік жұмыстарын қорғауы барысында іске асырылады. Бағалау кезінде төмендегі көрсеткіштер ескеріледі:

  • материалды толық меңгеру - 10 (екінші рейтинг кезеңінде – 13) балл;

  • сұрақтарға жауап бере алу – 4 (5) балл;

  • материалдың мазмұндалуына шығармашылық көзқарас және өз ойын айта білу – 3 балл;

  • грамматикалық және стилистикалық сауаттылық - 1 балл.

Айып балы білімді бағалаудың жүйесіне орай белгіленеді.

Мәселен, дәрісті орынды себепсіз босату үшін 2 балл шегеріледі (-2); дәрістің шала конспектіленгені үшін жарты балл кемітіледі (-0,5); тәжірибелік сабақтарда белсенділік танытпай, немқұрайды қатынасу ең кем дегенде жарты балды шегерумен (-0,5) жазаланады.



Межелік бақылау пәннің тиесілі кезеңде өтілген тақырыптары бойынша сынақ немесе коллоквиум түрінде ұйымдастырылады. Межелік бақылауда келесі критерийлер ескеріледі:

Толық дұрыс жауап 100 балмен бағаланады, оның ішінде:

100–90 балл – тиянақты, дәйекті, байланысты, толыққанды жауап; балдардың шегерілуі жауаптың мәнін және дұрыстығын бұзбайтын кемшіліктердің кездесуімен байланысты;

89-75 балл – материалды толық игергендігі, мәселе бойынша әдебиеттерді білетіндігі көрінетін және қосымша сұрақтардың қажеттігінсіз берілген жауапқа қойылады;

74-50 балл – студент тек негізгі материалды біледі, мәселе бойынша әдебиеттерді шатастырады, қойылған қосымша сұрақтарға жеткіліксіз жауаптар қайырады;

49-0 балл – студент толық және дұрыс жауап беруге қауқарсыз, қосымша сұрақтар оған көмектеспейді, мәселе бойынша әдебиеттер қарастырмаған.



Қорытынды бақылау. Курс пән бойынша тестілеу түрінде өтетін емтихан тапсырумен аяқталады. Бақылау үстінде көшіріп жазуға тыйым салынады. Емтиханда студенттің әрқайсысына тесттік формадағы 50 сұрақ беріледі. Әрбір дұрыс жауап екі баллмен бағаланады. Емтиханның жалпы бағасы дұрыс жауаптардың бағаларын қосу арқылы анықталады.

Курстың ақтық бағасы бұған дейінгі жинақталған барлық балдарды ескеру арқылы қойылады.
Пән бойынша рейтингті есептеу әдісі

Пән бойынша әрбір рейтинг мына формула бойынша анықталады:



Р1,2,3,4 = АҮ*0,7+МБ*0,3

мұндағы Р1, Р2,Р3,Р4 АҮбірінші, екінші рейтингтің, ағымды үлгерімнің балдары.


Төрт рейтингтің орташа арифметикалық көрсеткіші негізінде , курстық жұмысының есебімен емтиханға жіберілу рейтингі белгіленеді:

ЖР = (Р1+Р2+Р3+Р4)*0,7/2+КЖ*0,3
мұндағы ЖРстуденттің емтиханға жіберілу рейтингі.

Қорытынды рейтинг төмендегі формула арқылы анықталады:

ҚР = ЖР*0,6+ҚБ*0,4,

мұндағы ҚР – қорытынды рейтинг, ҚБ – қорытынды емтиханның балл түріндегі бағасы.


Егер студент емтиханда Ғ деген баға алса, оның қорытынды рейтингі анықталмайды. Ведомосқа «қанағаттанарлықсыз» деген баға қойылады.
Қорытынды рейтинг төмендегі кестеге сай балдан сандық баламаға, әріптік және дәстүрлі бағаға ауыстырылып, оқу жетістіктері журналына және рейтингтік ведомосқа жазылады. Ведомость пен сынақ кітапшасына дәстүрлі үлгімен баға қойылады.
Студенттердің білімдерін бағалау жүйесі


Балл түріндегі қорытынды баға

Балдың сандық баламасы

Әріп жүйесі бойынша бағалау

Дәстүрлі жүйе бойынша қойылатын баға

Емтихан, дифф. сынақ

сынақ

1

2

3

4

5

95-100

4

А

өте жақсы

есептелді


90-94

3,67

А-

85-89

3,33

В+

жақсы



80-84

3,0

В

75-79

2,67

В-

70-74

2,33

С+

қанағаттанарлық

65-69

2,0

С

60-64

1,67

С-

55-59

1,33

Д+

50-54

1,0

Д

0-49

0

F

қанағаттанарлықсыз

есептелмеді

Егер пән бірнеше семестрде өтетін болса, онда балл түріндегі баға орташа есеппен қорытылады:


Қ= Қ1122+...+Қnn .

К12+...+Кn
Мұнда Қ1 2 n – семестр бойынша балл түріндегі қорытынды баға; К12n – семестр бойынша пән сағаты; n – семестрлер саны.

Табыс тілейміз!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет