Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07



Дата20.06.2016
өлшемі346.4 Kb.
#148733
түріПрограмма дисциплины
Программа дисциплины Форма

для студентов Ф СО ПГУ 7.18.2/07


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Қазақ филологиясы кафедрасы

«Тіл біліміне кірспе » пәні бойынша 050117

«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған
ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ

Павлодар


Лист утверждения Форма

к программе дисциплины Ф СО ПГУ 7.18.2/11

для студентов



БЕКІТЕМІН


ФЖиӨ факультетінің деканы _____________ Ж.Т.Сарбалаев

«___»_____________2008ж

Құрастырушы: ф.ғ.к., доцент Г.К.Қажыбаева_____________


Қазақ филологиясы кафедрасы




СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ

«Тіл біліміне кіріспе» пәні бойынша 050117- «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері үшін

Студенттерге арналған пән бағдарламасы «___»________2008 жылы бекіген

жұмыс бағдарламасы негізінде дайындалды.

Қазақ филологиясы кафедрасының «___»___2008ж. мәжілісінде ұсынылды.

Хаттама №__




Кафедра меңгерушісі_______________________Қ.П.Жүсіп


Филология, журналистика және өнер факультетінің «_____»_____2008 ж. әдістемелік кеңесінде мақұлданды. Хаттама №___

ӘК төрайымы____________________ Е.Н.


Оқытушы туралы мәлімет:

ф.ғ.к., аға оқытушы Қажыбаева Гүлден Кенесқызы

Тел. (8-7182) 32-43-08

Қабылдау уақыты: дүйсенбі сағ. 9.00
Пән туралы мәліметтер:

«Тіл біліміне кіріспе» пәні 050117- «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығында семестрде 15 аптада оқытылады. Жалпы сағат саны –90, дәріс -15с, тәжірибешілік -15, СӨЖО-15с, СӨЖ-45с.



Пәннің қысқаша аннотациясы

«Тіл біліміне кіріспе» пәнінде студенттерді тіл білімінің негізгі ұғымдар жүйесімен және тілдік терминдермен таныстыру, тілдің құрылымдық, жүйелік, танымдық болмысы, мәні жайлы түсінікті қалыптастыру және де студенттерді тілдік талдау дағдысымен қаруландыру.


Пәннің мақсаты:
- «Тіл біліміне кіріспе» пәнінде студенттердің өз ана тілінің (қазақ тілінің) құрылымын терең меңгерту;

-тіл білімінің негізгі ұғымдар жүйесімен және тілдік терминдермен таныстыру, тілдің құрылымдық, жүйлік, танымдық болмысы, мәеі жайлы түсінікті қалыптастыру;

- тілдің фактілерін ғылыми терең түсіне білуге үйрету;

- ана тілінің туыс тілдермен генетикалық жақындығын меңгерту;

- басқа туыс емес тілдермен типологиялық ұқсастықтарын салыстыра білуге жаттықтыру.

Қолданылатын әдебиеттер

Негізгі:


  1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 1973, 1977, 1993.

2 Тектіғұл Ж. Тіл біліміне кіріспе (жаттығулар жинағы) Алматы, 2000.

3 Хасенов Ә. Тіл біліміне кіріспе. Алматы, 1990.



Қосымша:

  1. АманжоловА.С. Қазақша-орысша лингвистикалық терминдері. Алматы, 1997.

5 Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. Алматы, 1996.

6 Баскаков Н.А. Введение в изучение тюркских языков. Москва, 1969.

7 Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1999.

8 Жұмабекова А.Қ. Қазақ тілінің антонимдер сөздігі. Алматы, 2000.

9 Головин Б.Н. Введение в языкознание. Москва, 1977, 1980.

10 Кодухов В.И. Введение в языкознание. Москва, 1979, 1987.

11 Қалиев Б. Тіл біліміне кіріспе. Алматы, 1997.

12 Қордабаев Т. Тілдің стркутуралық элементтері. Алматы, 1995.

13 Сыздықова Р. Сөз құдіреті. Алматы, 1997.

14 Хасенов Ә. Тіл білімі. Алматы. 1996.

Тематический план Форма

дисциплины СО ПГУ 7.18.2/07


3 Пәннің мазмұны



3.1 Пәннің тақырыптық жоспары



Тақырып

Сағат саны

Күндізгі бөлім


Сырттай бөлім

СҚТӘ-11

Дәріс

Тәж

СӨЖО

СӨЖ



Дәріс

Тәж

СӨЖО

СӨЖ


1

Кіріспе. Тілдің мәні. Тілдің тарихи дамуы.

1

1

2




1

7

2

Тілдің тарихи дамуы.

1

1

4




1

7

3

Фонетика

2

2

6

1




7

4

Жазу

1

1

6




1

7

5

Лексикология.

2

2

6

1




7

6

Фразеологизм. Ғылыми этимология

1

1

6




1

7

7

Лексикография. Сөздіктердің түрлері.

2

2

6

1




7

8

Сөзжасам және грамматика.

1

1

6

1




7

9

Сөз таптары

1

1

6

1

1

8

10

Сөйлем мен сөз тіркесі.

1

1

6

1




7

11

Тілдердің классификациясы.

2

2

6




1

7




Барлығы:

15

15

60

6

6

78


3.2 Теориялық курс мазмұны

1-тақырып. Кіріспе. Тілдің мәні. Тілдің тарихи дамуы.

«Тіл біліміне кіріспе» курсының мақсаты мен міндеті. Тіл білімінің басқа ғылымдарымен байланысы; тіл білімінің ғылымдар арасында алатын орны. Тіл білімнің методологиялық негіздері. Жалпы тіл білмінің даму жайы. Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму барысы. Тілдің қоғамдық мәні. Мемлекеттік саясат және тіл. Тілдің негізгі қызметі. Тілдің танымдық және коммуникативтік қызметі. Қазақ тілінің қызметінің кеңеюі. Тіл және ойлау. Ойлау жүйесі мен тілдік бірліктердің қарым-қатнасы. Тіл және сөйлеу.



2-тақырып. Тілдің тарихи дамуы.

Тілдің тарихы мен қоғам тарихының байланыстылығы. Тіл дамуының сыртқы және ішкі факторлары.

Тілдің шығуы. Тілдің шығуы жайлы теориялар. Біртұтас тіл теориясы. Тілдің даму кезеңдері. Халықтардың және тілдердің қалыптасуы. Ұлт тілдері.

Қазіргі қоғамның даму кезеңіндегі әдеби тілдердің жайы. Жазба тілдер. Әдеби тіл және сөйлеу тілі ұғымдары. Әдеби тілдік норма. Әдеби тіл және ұлттық мәдениет.Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде. Тілдердің өзара қарым-қатынасы. Субстрат, супрстрат, интерстрат құбылыстары. Қостілділік және көптілділік мәселесі. Кең таралған тілдер. Дүние жүзі тілдері, олардың жіктелуі. Халықаралық жасанды тілдер. Машина тілі және оның қолданылуы.



3-тақырып. Фонетика

Фонетиканың міндеті мен мақсаты, қарастыратын мәселесі. Дыбыс және оның түрлері. Тіл дыбыстары. Дыбыс және таңба.Тіл дыбыстарының акустикалық, артикуляциялық сипаты. Тіл дыбыстарының акустикалық аспектісі. Дауыстың жоғарылығы, ұзақтылығы, күштілігі, тембр. Дыбыс жасауда шуыл мен салдырдың рөлі. Тіл дыбыстарының артикуляциялық аспектілері. Сөйлеу аппараты, оның құрылысы мен сөйлеу мүшелерінің қызметі. Активті және пассивті сөйлеу мүшелері. Әртүрлі тілдердің дыбыс жасау артикуляциясындағы сөйлеу мүшелерінің қызмет ерекшеліктері. Артикуляция ұғымы. Дыбыс артикуляциясының үш кезеңі. Тіл дыбыстарын жіктеу принциптері. Дауысты және дауыссыз дыбыстар. Дауысты дыбыстардың жасалуындағы артикуляциялық белгілер (тілдің, жақтың, еріннің қатысына қарай).

Дауыссыздардың жасалу орнына қарай, дауыстың, шудың қатысына, ұяң, қатаңдығына қарай жіктелуі. Аффрикат дыбыстар. Сонор дауыссыздар. Олардың әртүрлі тілдердегі қызметі.

Буын, оның түрлері. Екпін және оның элементтері. Түрлі тілдердегі екпін мен интонацияның ерекшеліктері. Орыс және қазақ тілдеріндегі дыбыс, буын, екпін, интонациялардың ерекшеліктері.

Тіл дыбыстарының өзара қарым-қатынасы. Дыбыстардың комбинаторлық өзгерістері. Ассимиляция және диссимиляция, анномедация, редукция құбылыстары. Дыбыс үндестігі.

Фонема ұғымы. Дыбыс және фонема. Фонеманың қызметі. Фонеманың мағына ажыратқыштық сипаты. Фонемалар жүйесі жайлы ұғым. Орфоэпия жайлы ұғым.



4-тақырып. Жазу

Дыбыстау тілі және жазу. Қоғамның және тілдің дамуындағы жазудың рөлі. Жазудың шығуы мен даму кезеңдері. Пиктографиялық жазу, идеографиялық жазудың шығуы; иероглифтер. Буын және әріп жазуы; Жазу және әліпби. Грек, латын және араб әліпбиі. Кириллица.

Дыбыс және әріп, әр түрлі тілдердегі дыбыстар мен әріптердің арақтаныасы. Орфография. Орфографияның принциптері; морфологиялық, фонетикалық, қалыпты және идеографиялық принциптер. Қазақ және орыс тілдерінің орфографиялық ерекшеліктері. Транслитерация және тарнскрипция.

5-тақырып. Лексикология.

Лексикологияның міндеті мен зерттейтіні. Лексикологияның бөлімдері: ономосиология, семасиология, фразеология, этимология, лексикография.

Сөз – тілдік единица. Сөзге тән басты белдіглері. Сөздің жалпылаушылық қызметі. Сөз және ұғым. Сөздің атауыштық қызметі. Сөздің «ішкі формасы» жайлы ұғым. Дәлелдемелі (мотивированные) және дәлелдемесіз (немотивированные) сөздер. Сөздің лексикалық мәні.

Сөздің көп мағыналығы. Моносемия және полисемия. Сөздің тура және ауыс мағыналары. Сөз мағынасының ауысу түрлері. Полисемия және омоним. Омоним түрлері. Омонимдердің пайда болу жолдары.

Тілдің сөздік құрамы. Тілдің лексика-семантикалық жүйесі. Синонимия. Синонимдердің түрлері. Синонимдік қатар. Антонимдер. Сөз мағыналарына компоненттік анализ беру. Сөз мағынасы мен тілдер арасындағы айырмашылықтар.

Сөздік құрамның стильдік қабаттары. Жалпыхалықтық лексика. Әдеби тіл, кітаби, қарапйым, ауызекі сөйлеу тілі лексикасы. Сөздің экспрессивті-эмоционалды бояуы. Диалектизмдер. Кәсіби сөздер мен терминдер. Жаргон сөздер мен қарапайым сөздер. Сөздік құрамның тарихи дамуы. Тілдің актив және пассив қабаттары. Тілдің актив қабатынан сөздің ығысуы және жаңа сөздердің пайда болу құбылысы. Сөз мағынасының көнеру процесі. Лексикалық және семантикалық архаизмдер мен историзмдер. Неологизмдер, олардың пайда болу жолдары. Қоғамның қазіргі даму кезеңіндегі қазақ тілі лексикасының даму ерекшелігі. Тілдік сөздік құрамының даму, баю жоддары. Сөзжасам және сөздік құрамның толығу жолдары. Жаңа сөз жасаудың морфологиялық тәсілі, семантикалық тәсілі. Сөз мағынасының тарылу және кеңею жолдары. Сөздің ауыс мағынада қолданылуы. Сөздік құрамның кірме сөздер арқылы толығуы. Кірме сөздің түрлері. Калька тәсілі арқылы сөз жасау.



6-тақырып. Фразеологизм. Ғылыми этимология

Фразеологизмдер туралы ұғым. Еркін тіркестер мен тұрақты тіркестер. Тұрақты тіркес пен идиоматика туралы түсінік. Фразеологиялық единицалардың неігзгі түрлері, олардың қызметі мен пайда болу негіздері. Фразеологизмдерді топтастырудың түрлері.

Ғылыми этимологияның мақсаты мен принциптері. Халық этимологиясы, оның өзіндік ерекшелігі.

7-тақырып. Лексикография. Сөздіктердің түрлері.

Сөздіктердің түрлері. Түсіндірме және аударма сөздіктер. Лингвистикалық терминология және оның толығу көздері.



8-тақырып. Сөзжасам және грамматика.

Тілдің грамматикалық құрылысы – грамматиканың объектісі екендігі. Сөзжасам және грамматика. Тілдің грамматикалық құрылысының негізгі единицалары. Морфема және сөз формасы, сөз тіркесі және сөйлем.

Сөздің грамматикалық мағынасы мен лексикалқ мағынасы. Жалпы және жеке грамматикалық мағыналар. Сөз құрылысы. Морфема – сөздің ең кішкентай мағыналық бөлшегі екендігі. Түбір және аффикс морфемалар. Сөз тудырушы, форма тудырушы аффикстер. Сөз формасы. Сөз формасы негіз бен форма тудырушы аффикстің бірлігі екендігі. Синтетикалық және аналитикалық сөз формалары.

Грамматикалық мағынаның берілу түрлері мен тәсілдері. Аффиксация. Фузия. (флективтілік) және агглютинация. Көмекші сөөздер (предлог, септеулік шылау, артикль, көмекші етістік, жалғаулық шылау және жалғаулық мәнді сөз, демеулік шылау). Нөлдік морфемалық форма. Грамматикалық мағыналарды берудің өзге түрлері мен тәсілдері. Сөздердің орын тәртібі, дыбыстардың алмасуы және «ішкі флексия», екпін мен интонация, суплетивизм мен редупликация. Грамматикалық мағыналарды беру тәсілдерінің түрлі тілдерді әр қилы таралуы және тарихи құбылмалылығы. Граммтикалық категория жайлы ұғым. Грамматикалық және ұғымдық категориялар, олардың қарым-қатынасы.

Морфологиялық және синтаксистік грамматикалық категориялар. Лексико-грамматикалқ категориялар. Әр түрлі тілдердің грамматикалық категориялары арасындағы айырмашылықтар.

9-тақырып. Сөз таптары

Сөз таптары – сөздердің лексика-грамматикалық топтары екендігі. Оларды ажырату принциптері. Сөз таптарының негізгі белгілері: семантикалық, морфологиялық (сөз тудырушылық) және синтаксистік. Сөздерді сөз таптарына ажыратуда мағыналық және формальды критерийлер. Сөздің бір сөз табынан басқа сөз табына ауысу құбылысы. Әртүрлі тілдердегі сөз таптарының жүйесі. Сөз таптары мен оған тән категориялардың тарихи өзгергіштігі.



10-тақырып. Сөйлем мен сөз тіркесі. Сөздердің синтаксистік байланысу түрлері. Сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымына қарай жіктеу

Сөз тіркесі жайлы ұғым. Сөздердің синтаксистік байланысу түрлері (қиысу, қабысу, жанасу, изафет),

Сөйлем-тілдің негізгі коммуникативтік және құрылымдық синтаксистік бірлігі екендігі. Сөйлем және байымдау, сөйлем және сөйлеу. Сөйлемнің (актуальды) коммуникативтік мүшеленуі жайлы түсінік. Сөйлем мүшелері және сөз таптары. Сөйлем мүшелері және олардың орыс, қазақ тілдеріндегі көрінісі.

Сөйлемдердің айтылу мақсаты мен құрылымына қарай жіктеу. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем. Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары мен түрлері. Үйірлі мүшелер. Қазақ және орыс тілдеріндегі төл сөздер, олардың ерекшеліктері.



11-тақырып. Тілдердің классификациясы.

Дүние жүзі тілдерінің әртүрлілігі. Дүние жүзі тілдерінің лингвистикалық картасы. Тілдік туыстық. Материалдық, типологиялық және құрылымдық ұқсастық. Салыстырмалы-тарихи әдіс жайлы түсінік. Тілдердің генеологиялық классификациясы. Тілдік семьялар (үнді-еуропа, қытай-тибет, дравид, семит-хамит, орал, иберия кавказ, палеоазия, малайя-полинезия т.б. семьялар), олардың құрамындағы топтар. Үнді-еуропа тілдері семьясы, оның негізгі топтары. Алтай тілдері семьясы. Алтай тілдерінің (түркі, монғол және тунгус-маньчжур) бірлестік проблемасы. Түркі тілдері, олардың пайда болуы және қазіргі таралуы.

Тілдердің морфологиялық типтері жайлы ұғым. Тілдердің типтерін айқындайтын белгілер (сөзжасамдық және сөз тіркесі т.б.). Тілдердің морфологиялық (типтік) классификациясы. Синтетикалық құрылысты тілдер. Тілдердің даралаушы (түбір), жалғамалы (аглютинативті) және фузиялы (флективті) типтері. Қазақ тілі – синтетикалық құрылысты, жалғамалы тіл екендігі. Қазақ тіліндегі даралушы және фузиялы (флективті) тілдік элементтердің көрінісі, аналитикалық тәсілдің қолданылуы.
3.3 Тәжірибешілік сабақтардың мазмұны

1-тақырып. Кіріспе. Тілдің мәні. Тілдің тарихи дамуы.

Тілдің құрылымы мен жүйесі. Тілдің жүйелілігіне фонетикалық, лексикалық, грамматикалық мысалдар жинау.



2-тақырып. Тілдің тарихи дамуы.

Тілдің шығуы мен дамуы. Тілдің шығуы туралы теориялар. Ф.Энгельстің «маймылдың адамға айналу процесіндегі еңбектің рөлі» еңбегін конспектілеу.



3-тақырып. Фонетика

Дыбыстардың жасалуындағы сөйлеу аппаратының қызметін анықтау. Дыбыстардың жасалу артикулияциясын сипаттау. Ұяң және қатаң дауыссыздар, шуыл және ызың дауыссыздардың жасалу ерекшеліктерін айқындау. Дауысты және дауыссыз дыбыстардың таблицасы арқылы анализ жасау. Мәтіннің ішінде дыбыс үндестігі мен буын үндестігін ажырату.

Мәтіндердің фонетикалық транскрипциясына арналған жаттығулар жүргізу. Жекелеген фонемаларды анықтау.

4-тақырып. Жазу

Пиктографиялық жазу, идеографиялық жазудың шығуы; иероглифтер. Буын және әріп жазуы; Жазу және әліпби. Грек, латын және араб әліпбиі. Кириллица.



5-тақырып. Лексикология.

Көп мағыналы сөздер, олардың тура және ауыс мағыналарына арналған жаттығулар жасау (сөздіктермен жұмыс). Омонимдердің жасалу жолдарын айқындауға арналған жаттығулар. Неологизмдер. Қазақ лексикасындағы жаңа сөздерге арналған мәтіндермен жұмыс жасау. Архаизмдер мен историзмдерге арналған мәтіндерді талдау.

Кітаби сөздер, ауызекі сөйлеу тілі лексикасы, диалект, кәсіби сөздерге арналған жаттығулар. Тұрақты сөз тіркестеріне сипаттама, олардың түрлеріне арналған жаттығулар.

6-тақырып. Фразеологизм. Ғылыми этимология

Еркін тіркестер мен тұрақты тіркестер. Тұрақты тіркес пен идиоматика. Фразеологиялық единицалардың негізгі түрлері.



7-тақырып. Лексикография. Сөздіктердің түрлері.

Түсіндірме сөздіктер, омонимдер сөздігі, синонимдер сөздігі, антонимдер сөздігі, фразеологиялық, термин сөздіктерімен танысу, жұмыс түрлерін жүргізу.



8-тақырып. Сөзжасам және грамматика.

Сөздің лексикалық, грамматикалық мағыналарына талдау жүргізу. Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдеріне арналған жаттығулар жасау. Сөздің түбірін ажырату, түбір, қосымша морфемаларды айқындауға арналған жаттығулар. Аффикстердің түрлері, олардың тарихи өзгеруіне арналған мәтіндер талдау.



9-тақырып. Сөз таптары

Сөз таптары, сөз топтары, олардың категориялары. Жалғамалы тілдердегі грамматикалық категориялар мен грамматикалық формалардың ерекшеліктері. Сөз тіркестеріндегі сөздердің синтаксистік байланысына талдау жасау, қазақ тіліндегі сөйлем мүшелері мен құрмалас сөйлемнің құрамын талдауға арналған жаттығулар.



10-тақырып. Сөйлем мен сөз тіркесі.

Сөз тіркесі және сөйлем түрлері. Қиысу, меңгеру, қабысу, изафетті тіркес, синтагма, синтаксистік конструкция, синтаксистік функция ұғымдары. Сөйлем және сөйлем мүшелері туралы ұғым.



11-тақырып. Тілдердің классификациясы.

Дүние жүзі тілдерінің лингвистикалық картасымен таныстыру. Дүние жүзі тілдерінің генеологиялық классификациясы.

Тілдердің морфологиялық типтерін анықтау. Сөздің құрылысына және грамматикалық мағынаның берілу тәсілдеріне анализ жасау.
Студенттердің өздік жұмыстары

Пәнді игеру барысында тақырыптық жоспар мен бақылау шараларының күнтізбелік кестесіне сәйкес студенттер төмендегі дәрісханадан тыс жұмыстарды орындауы керек.



  • әрбір тәжірибешілік сабаққа дайындалу керек, яғни, үй тапсырмаларын орындау крек;

  • дәріс материалына кірмеген, бірақ міндетті болып саналатын курстың тақырыптарын меңгеріп, конспектілер дайындау керек.


СӨЖ мазмұны



СӨЖ мазмұны

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Сағат көлемі

ҚТмӘ-101


Сағат көлемі

СҚТӘ-11



1

Дәріс сабақтарын өңдеу




Сабаққа қатысу

7(1x7)

15 (1x15)

2

Үй тапсырмасын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

7(1x7)

15 (1x15)

3

Қосымша материалдарға дайындық

Конспект

Коллоквиум

15

18

4

Семестрлік тапсырманы орындау

Реферат

Семестрлік тапсырманы қорғау

14

20

5

Бақылау шараларына дайындық




РК 1, РК 2

2

2

6

Бақылау жұмысын орындау

Бақылау жұмысы













Барлығы







45

70



Студенттерге өздігінен оқуға берілетін тақырыптар
1. Математика мен тіл білімінің байланысы жайлы ғылыми әдебиеттермен танысу

Ұсынылатын әдебиет: [1], 5-10 бет, [4], [2] 3-6 беттер.

2. Халықаралық жасанды тілдер жайлы материалдар жинақтау. Экспоронто тілі, идо тілі т.б. Экспоронто тілі жүйесімен танысу.

Ұсынылатын әдебиет: [5], 15-21 беттер.

3. Қазақ тіл білімінің қалыптасуы мен даму кезеңдері жайлы материалдармен танысу.

Ұсынылатын әдебиет: [7], 89-103 беттер.

4 Жазу. Жазудың түрлері. Жазба тіл. Алфавит.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 72-75 беттер, [2], 49-55 беттер.

5. Дүниежүзі тілдерінің қазіргі жай-күйі. Өлген тілдер жайлы.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 68-73 беттер.


Бақылау жұмыстарының тақырыптары


  1. Тіл білімінің ғылымдар жүйесінде алатын орны.

  2. Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы.

  3. Тіл білімінің теориялық және практикалық мәні.

  4. Тілдің табиғаты мен қоғамдық қызметі, тіл мен ойлау.

  5. Тілдің шығуы мен дамуы және олардың өзара әсерлеі.

  6. Тілдің таңбалық, құрылымдық және жүйелік сипаттары.

  7. Грамматикалық тәсілдер мен формалар және олардың мағыналары.

  8. Сөз топтарының шығуы мен дамуы және олардың топтастырылуы.

  9. Дүние жүзі тілдері және олардың жіктелуі.

  10. Жазудың шығуы мен дамуы.


Бақылау шараларының күнтізбелік кестесі



1 рейтинг (3 семестр)

Барлық

балл


Апта

1

2

3

4

5

6

7

8

Аптадағы максим. сағат

10

11

10

11

10

11

11

26

100

Дәріс сабағына қатысу

СӨЖ түрі

ҮТ 1

ҮТ2

ҮТ3

ҮТ4

ҮТ5

ҮТ6

ҮТ7

ҮТ8

16

Бақылау формасы

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Макс. балл

2

2

2

2

2

2

2

2

‡й тапсырмасын орындау

СӨЖ түрі

ҮТ 1

ҮТ2

ҮТ3

ҮТ4

ҮТ5

ҮТ6

ҮТ7


ҮТ 1

32

Бақылау формасы

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ


Қ

Макс. балл

4

4

4

4

4

4

4

4

Ќосымша материалдарѓа дайындыќ

СӨЖ түрі




ҚМ1




ҚМ2




ҚМ3

ҚМ4




20

Бақылау формасы




К




К




К

К




Макс. балл




5




5




5

5




Семестрлік тапсырманы орындау

СӨЖ түрі

СТ




СТ




СТ










12

Бақылау формасы

Р1




Р2




Р3










Макс. балл

4




4




4










Межелік

бақылау


Тақ. №

























20

Бақылау формасы



















МБ




Макс. балл






















20




2 рейтинг (3 семестр)

Барлық

балл


Апта

9

10

11

12

13

14

15

Аптадағы максим. сағат

12

9

12

9

12

9

37

100

Дәріс сабағына қатысу

СӨЖ түрі

ҮТ 9

ҮТ10

ҮТ11

ҮТ12

ҮТ13

ҮТ14

ҮТ15


14

Бақылау формасы

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ


Макс. балл

2

2

2

2

2

2

2

‡й тапсырмасын орындау

СӨЖ түрі

ҮТ91

ҮТ10

ҮТ11

ҮТ12

ҮТ13

ҮТ14

ҮТ15


28

Бақылау формасы

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ


Макс. балл

4

4

4

4

4

4

4

Ќосымша материалдарѓа дайындыќ

СӨЖ түрі

ҚМ5

ҚМ6

ҚМ7

ҚМ8

ҚМ9

ҚМ10

ҚМ11

21

Бақылау формасы

К

К

К

К

К

К

К

Макс. балл

3

3

3

3

3

3

3

Семестрлік тапсырманы орындау

СӨЖ түрі

СМ4




СМ5




СМ6




СМ7

12

Бақылау формасы

Р




Р




Р




Р

Макс. балл

3




3




3




3

Межелік

бақылау


СӨЖ
















МБ




25

Бақылау формасы






















Макс. балл



















25


Шартты белгілер: ҮТ1 – үй тапсырмасы №, ,Қ –оқу үрдісіне қатысу, ҚМ –қосымша материал, К- конспект, СМ-семестрлік жұмыс, МБ – межелік бақылау №1.

Курс саясаты

Оқу процесіне қатысу дегеніміз – сабаққа қатысу, пікірталаста және топ жұмысында белсенділік көрсету, топтастарының оқуына әсер ету.

Қойылған талаптар орындалмаса, жаза қолданылады. Сабаққа 100 пайыз қатысып, берілген тапсырмаларды уақытымен және дұрыс орындаса – ең жоғарғы ұпай 100 б. қойылады. Курсты өту барысында төмендегідей марапаттау ұпайлары қойылады:

- дәріске қатысу – 2 балл.

- тәжір. сабаққа қатысу – 1балл.

- тәжір. жұмысты орындау – 4 балл



Тәжірибешілік жұмыстарын орындау барысында

  • Сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беру -2 балл;

  • Жаттығу жұмыстарын орындау-1 балл;

  • Грамматикалық талдаулар жасау -1 балл.

Өздік жұмыстарын орындау және қорғау барысында:

  • материалды толық меңгеру -3 балл.

  • Талқыланатын тақырыптың, жоба мәселесінің мазмұнын ашу-2 балл

  • Лексика-грамматикалық және стилистикалық сауаттылығы -2 балл.

- Материалдың мазмұндалуына шығармашылық көзқарас және өз ойын айта білу – 2 ұпай.
Студенттер білімін аралық бақылау тест немесе жазбаша бақылау жұмысы түрінде жүргізіледі.
Осы көрсеткіштер орындалмаған жағдайда жеткіліксіз немесе айып санкциялары қолданылады:

  1. сабақты босату (себепсіз);

  2. тапсырмаларды уақытымен орындамау;

  3. тапсырмаларды орындау барысында қателіктер жіберу, яғни,студент материалды толық меңгермеген жағдайда.

Егер студент сабаққа себепті жағдаймен келе алмаса, келесі аптада сол сабаққа өтеу (отработка) жасайды. Бірақ ұпай азайтылады.
Пән бойынша қорытынды рейтингті есептеу әдісі




Қорытынды бақылау түрі

Бақылау түрлері

¤лшемдік ‰лес

1

Емтихан

Емтихан

0,4

Ағымдық үлгерімді бақылау

0,6

2

Сынақ

Сынақ

0,4

Ағымдық үлгерімді бақылау

0,6

3

Емтихан К/Ж

Емтихан

0,4

Курстық жұмыс

0,3

Ағымдық үлгерімді

бақылау


0,3

4

Курстық жұмыс

Курстық жұмыс

0,6


Ағымдық үлгерімді бақылау

0,4


Пән бойынша қорытынды рейтинг мына формула бойынша анықталады:
Қ = Р1 + Р2__ ӨҮаү + Е*ӨҮе+КЖ*ӨҮкж

мұндағы Р1, Р2, Е, С, КЖ – бірінші, екінші рейтингте алған ұпай бойынша емтихандағы балл көрсеткіші

ӨҮаү, ӨҮе, ӨҮс, ӨҮкж – ағымдық үлгерімнің семестрдегі үлестері.

Студент сынақты тапсырмай алуы үшін жинаған балы 100 болу керек.

Егер оқу жоспарында емтихан мен сынақ қарастырылған болса, онда сынақ ағымдық бақылау түрі деп есептеледі.

КЖ ғылыми жетекші қатысуымен комиссия алдында қорғалады және пікірмен бірге бағаланады. Пән бойынша қорытынды рейтинг 2-кестеге сай баллдан сандық баламаға, әріптік және дәстүрлі бағаға ауыстырылады. Сөйтіп, оқу жетістіктері журналына және рейтингтік ведомостьқа жазылады. Ведомость пен сынақ кітапшасына дәстүрлі үлгімен баға қойылады.

Егер пән бойынша емтиханнан басқа курстық жұмыс қарастырылған болса, онда сынақ кітапшасына дәстүрлі үлгімен Кж балына сай баға қойылады.

Студенттердің білімін анықтау көрсеткіші


Балл түріндегі қорытынды баға

Балдың сандық баламасы

Әріп жүйесі бойынша бағалау

Дәстүрлі жүйе бойынша қойылатын баға

Емтихан, дифф. сынақ

сынақ

1

2

3

4

5

95-100

4

А

өте жақсы

Есептелді


90-94

3,67

А-

85-89

3,33

В+

Жақсы

80-84

3,0

В

Жақсы

75-79

2,67

В-

Жақсы

70-74

2,33

С+

қанағаттанарлық

65-69

2,0

С

60-64

1,67

С-

55-59

1,33

Д+

50-54

1,0

Д

0-49

0

F

қанағаттанарлықсыз

есептелмеді

Егер студент емтиханда F деген баға алса, оның қорытынды рейтингі анықталмайды. Ведомостьқа «қанағаттанарлықсыз» деген баға қойылады. Егер пән бірнеше семестрде өтетін болса, онда балл түріндегі баға орташа есеппен қорытылады:

Қ= _Қ1122+...+Қnn

К12+...+Кn

Мұнда Қ1 2 n – семестр бойынша балл түріндегі қорытынды баға;

К12n – семестр бойынша пән сағаты



n – семестр саны

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет