Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07



Дата22.06.2016
өлшемі384.59 Kb.
#153596
түріПрограмма дисциплины
Программа дисциплины Форма

для студентов Ф СО ПГУ 7.18.2/07


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Қазақ филологиясы кафедрасы

«Тіл біліміне кіріспе » пәні бойынша 050205

«Филология: қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған
ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ

Павлодар


Лист утверждения Форма

к программе дисциплины Ф СО ПГУ 7.18.2/11

для студентов



БЕКІТЕМІН


ФЖиӨ факультетінің деканы _____________ Ж.Т.Сарбалаев

«___»_____________2008ж

Құрастырушы: ф.ғ.к., доцент Г.К.Қажыбаева_____________


Қазақ филологиясы кафедрасы




СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ

«Тіл біліміне кіріспе» пәні бойынша 050205- «Филология: қазақ филологиясы» мамандығының студенттері үшін

Студенттерге арналған пән бағдарламасы «___»________2008 жылы бекіген

жұмыс бағдарламасы негізінде дайындалды.

Қазақ филологиясы кафедрасының «___»___2008ж. мәжілісінде ұсынылды.

Хаттама №__




Кафедра меңгерушісі_______________________Қ.П.Жүсіп


Филология, журналистика және өнер факультетінің «_____»_____2008 ж. әдістемелік кеңесінде мақұлданды. Хаттама №___

ӘК төрайымы____________________ М.В.Семенова


Оқытушы туралы мәлімет:

ф.ғ.к., аға оқытушы Қажыбаева Гүлден Кенесқызы

Тел. (8-7182) 32-43-08

Қабылдау уақыты: бейсенбі сағ. 11.05
Пән туралы мәліметтер:

«Тіл біліміне кіріспе» пәні 050205- «Филология: қазақ филологиясы» мамандығында семестрде 15 аптада оқытылады. Жалпы сағат саны –90, дәріс -15с, тәжірибешілік -15, СӨЖО-15с, СӨЖ-45с.



Пәннің қысқаша аннотациясы
«Тіл біліміне кіріспе» - филологтарды лингвистикалық пәндерге дайындаудың алғашқы баспалдағы. Сондықтан да курс студентерге қазақ немесе орыс тіл білімі жүйесін ғана емес, дүние жүзі тілдері туралы мәлімет береді. Тілдің пайда болуы мен дамуы, олардың генеологиялық және типологиялық ерекшілктері және олардың түрлері, тілдің мәні, оның семиологиялық табиғаты, тілдік бірліктер, тілдің дамуы және оның коммуникативтік қызметі, тіл және ойлаудың қарым-қатынасы, тіл және қоғамның диалектикалық бірлігі және т.б. мәселелер қарастырылады.
Пәнді оқыту мақсаты:

«Тіл біліміне кіріспе» курсы студенттерді тіл туралы ғылымның негізі мен таныстырады. Тіл туралы ғылымның алғашқы кіріспесі, бастамасы болып табылатын бұл курста тіл теориясын, атап айтқанда, тілдің ішкі құрылымы және оның ойлаумен, қоғаммен, қоғам дамуының тарихымен, тілдің функционалдық және құрылымдық баламаларымен байланысы және т.б. мәселелер қарастырылады. Студенттердің кәсііби дайындығының, филолог мамандығын алудың алғашқы кірпішін қалайды.



Қолданылатын єдебиеттер

Негізгі:

1 Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 1993.

2 Баскаков Н.А. Введение в изучение трюских языков. –М., 1969

3 Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. –Алматы, 1999.

4 Қордабаев Т. Қазақ тілі білімінің дамуы мен қалыптасуы. А., 1997

5 Хасенов Ә. Тіл біліміне кіріспе. Алматы, 1999.



Қосымша:

6 Баранникова Л.И. Введение в языкознание.-Саратов, 1973

7 Будагов Р.А. Введение в науку о языке. –М., 1965

8 Введение в языкознание.. Хрестоматия. Составители А.В.Блинов, И.И. Богатырева, В.П.Мурат, Г.И.Рапова. –М., 2000

9 Гак В.Г. Введение во французскую филологию. –М., 1986

10 Головин Б.Н. Введение в языкознание. Москва, 1973

11Звенгинцев В.А. История языкознания XIX-XX вв. В очерках извлечениях. Ч.1, 2., М., 1965

12 Камчатнов А.М., Николина Н.А. Введение в языкознание. –М., 2000

13 Кодухов В.И. Введение в языкознание. Москва, 1979, 1987.

14 Кочергина В.А. Введение в языковедение. –М., МГУ, 1979

15 Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. А., 1999

16 Қордабаев Т. Жалпы тіл білімі. А., 1987

17 Қордабаев Т. Түркология және қазақ тілі білімі. –А., 1998

18 Маслов Ю.С. Введение в языкознание. –М., 1975

19 Реформатский А.А. Введение в языковедение. –М., 1996

20 Рождественский Ю.В. Лекции по общему языкознанию. –М., 1990

21 Семериньи О. Введение в сравнительное языкознание. –М., 1980

22 Степанов Ю.С. Основы общего языкознаия. –М., 1975

23 Сулейменова Э.Д., Мадиева Г.Б., Шаймарденова Н.Ж., Авакова Р.А., Шаяхметова А.К. Словарь по языкознанию. Тіл білімі сөздігі. Под ред. Э.Д.Сулейменовой .-А., 1998

24 Сулейменова Э.Д., Шаймарденова Н.Ж. Словарь социолингвистических терминов. А., 2002

25 Шайкевия А.Я. Введение в лингвистику. –М., 1995

26 Швейцер А.Д. Введение в социолингвистику. –М., 1978

27 Широков О. Введение в языкознание. М. МГУ., 1984

28 Хасенов Ә. Тіл білімінің теориялық және практикалық мәселелері. А., 1995

Тематический план Форма

дисциплины СО ПГУ 7.18.2/07


3 Пәннің мазмұны


3.1 Пәннің тақырыптық жоспары



Тақырып

Сағат саны

Күндізгі бөлім

Дәріс

Тәжір.

СӨЖО

СӨЖ


1

2

3

4

5


1

Кіріспе

1




6

2

Тіл және тіл туралы ғылым. Тілдің қоғамдық табиғаты

1

2

6

3

Тілдің тарихи дамуы

1

1

6

4

Әлем тілдерінің топтастырылуы. Тіл-жүйе және құрылым

1

1

6

5

Фонетика және фонология

3

3

6

6

Грамматика. Морфология

2

2

6

7

Сөзжасам. Синтаксис

1

1

6

8

Лексикология.

2

2

6

9

Лексикография. Фразеология

2

2

6

10

Жазу теориясы және тарихы

1

1

6

Барлығы: сағат

15

15

60



3.2 Теориялық курс мазмұны
1- тақырып. Кіріспе

Тіл – адамзат қоғамында ғана өмір сүретін, адамдардың бір-бірімен қатынас жасайтын құралы. Лингвистика ғылымының негізгі нысаны да осы адамзат тілі болып табылады. Тіл барлық адамзат қоғамына ортақ құрал болғандықтан, лингвистиканың негізгі қағидалары мен ғылыми тұжырымдары да бәріне ортақ болуы да заңды құбылыс.

Дүние жүзіндегі тілдер саны мен олардың қолданылу аясын дәл айту мүмкін емес. Қолда бар мағлұматтар дүние жүзіндегі тілдер санын 3000-нан 10000 –ға дейін жеткізеді. «The Intrenational Encicilopedia of Linguistics» («Халықаралық лингвистикалық энциклопедия», 1992) мағлұматы бойынша жер шарындағы тілдер саны - 6 604 (300 өлі тілді қосқанда) болса, «Atlas of the World’s Lahguages»(«Әлем тілдер атласы», 1994( мәлімет бойынша -6796.

Тілдер санының арасындағы айтарлықтай айырмашылқтар тек лингвистикалық тұрғыдан емес, әрі тарихи, мәдени, саяси, діни, әдеби және т.б. себептермен тікелей байланысты. Мәселен, қазақ тілінің әлем тілдеріндегі орнын Евразия көлемінде де, жалпы әлемдік тұрғыдан да, Республиканың месмлекеттік тілі болып табылатын Қазақстан шеңберінде де қарастыруға болды. Қазақ тілі Азия континентінде оранласқан тілдердің бірі ретінде Орталық, батыс және Орта Азияның, сонымен қатар Шығыс Европаның ұлан-ғайыр территориясында қолданылады. Қазақстанда (жеріглікті, байырғы халық), Ресей Федерациясында, Қырғызстанда, Өзбекстанда, Түрікменстанда, Монғолияда, Иранда, Ауғанстанда, Тәжікстанда, Түркияда, Қытайда, Украинада және т.б. мемлекеттерде қазақ тілінде сөйлейтін қазақ халқы өмір сүреді.

Қазақ тілі 1999 жылғы санақ бойынша әлем тілдерінің 4 %-не кіреді, яғни миллион тілдер қатарына жатады. Дүние жүзі тілдерінің ішінде 93 орынға ие.

«Тіл біліміне кіріспе» пәнінде әлем тілдері, олардың сөйлеу тілі, генеологиялық және типологиялық сипаты, тіл мен ойлаудың, тіл мен қоғамның байланысы, тілдің адамзат өркениетінің дамуына тікелей әсері, ұлттық мәденитеттің әрі істеуіне тілдің ықпалы, маңыздылығы және т.б. лингвистикалық мәселелер қарастырады.

Осы уақытқа дейін «Тіл біліміне кіріспе» пәнінің оқу бағдарламасына толық сәйкес немесе курстың негізгі мәселелерін жүйелі қамти алатын оқулықтар мен оқу құралдарының аздығы студенттерге едәуір қиындық туғызады. Филология факультетінің қазақ тілінде оқылатын бөлімдеріне арналған К.Ахановтың «Тіл білімі негіздері» оқулығы 1965 жылы жазылған. Осы жылдар аралығында оқулық 4-ші рет басылып шығарылды. Алайда, тілдік фактілер мен материалдар ескірген, сонымен қатар тіл білімінің соңғы жаңалықтары мен теориялық негіздері толық қамтылмаған. Қзақ тілінде жарық көрген Ә.Хасеновтың «Тіл білімі», «Тіл білімінң теориялық және практикалық мәселелері» атты оқу құралдары мен проф. Э.Д.Сүлейменованың редакторлығымен, жалпы тіл білімі кафедрасаның авторлар ұжыммымен жарық көрген «Тіл білімі сөздігі» (Аламыт: Ғылым, 1999) пайдаланып жүр.

Студенттер көбінесе орыс тілінде жарық көрген әдебиеттерді қолданады. Сонымен қатар тіл теориясының жаңа бағыттары мен концепциялары қамтылған – «Тіл біліміндегі жаңашылдық» («Новое в лингвистике»), «Шетел лингвистикасындағы жаңашылдық» («Новое в зарубежной лингвистике»), «Әлем тілшілері» («Языковеды мира), «Әлем филологтары» («Филологи мира) айдарымен шығатын кітаптар серияларын қолданады.



2- тақырып. Тіл және тіл туралы ғылым. Тілдің қоғамдық табиғаты.

Тіл білімінің нысаны және пәні. Тіл туралы ғылымының міндеттері.Жалпы және жеке тіл білімі: тлдік универсалиялар, және тілдік ерекшеліктер. Теориялық және қолданбалы тіл білімі. Тіл білімінің негзгі салалары. Синхрондық және диахрондық тіл білімі.

Тіл білімі және шектес ғылымдар: тіл мен әдебиеттеің, философияның, логиканың, коммуникация теориясының, психологияның, социологияның және т.б. ғылымдармен байланысы. Тіл біліміндегі дифференциация және интеграция үрдістері: лингвистикалық семиотика, әлеуметтік тіл білімі, психолингвистика, паралингвистика, когнитивтік лингвистика, компьютерлік лингвистика, интерлингвистика, менталингвистика және т.б.

Тіл - ерекше қоғамдық құбылыс. Тіл - адамзат қоғамының негізгі құралы. Тіл - ойды жарыққа шығару. Тіл және қоғамдық сана. Тіл функциялары (қызметтері). Әлеуметтік тіл білімі. Тіл және қоғам. Тіл-әлеуметтік феномен. Тілдік жағдай және оның типтері. Тіл саясаты, тілдік жоспарлау және тілдік құрылыс. Тіл туралы заң және тіл мәртебесі. Мемлекеттік тіл, ресми тіл, жергілікті тіл. әлемдік тіл, дәнекер-тіл, аймақтық тіл.

Тілдердің қарым-қатынасы. Қостілділік (билингвизм) және мультилингвизм туралы түсінік. Қостілдіктің түрлі типтері. Тілдік қарым-қатынастың нәтижелері: кірме сөздер, интерференция, «тілдік одақтардың» құрылуы, креоль тілдер, пиджин және т.б. Тілдің өміршеңдігі туралы түсінік. Тірі, миноритарлы, өлі және құритын тілдер.

Бұқаралық ақпарат құралдары және ғаламдастыру (глобализация) үрдісі: тілді сақтап қалу мәселесі. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы тілдің қызметі: апелятивтік, информациялық, гнесеологиялық, эстетикалық, идеологиялық, прагматикалы және олардың арақатысы.

Тілдік дифференциация мәселелері тілдік вариаттар: әлеуметтік, территориялық, функционалдық және тарихи аспектілер. Тілдің өмір сүру формалары. (функционалдық типтері). Диглоссия туралы түсінік. Қазіргі қоғамдағы тіл және кәсіби «аралық тілдер». Жаргон және арго. Әлеуметтік рөлі және оның тілдегі көрінісі. Гендерлік лингвистика.

Ұлттық тіл және жергілікті (территориялық) диалектілер. Әдеби тіл және әдеби тілдің белгілері. Әдеби тіл, стандартты тіл, кодификацияланған тіл. Ұлттық әдеби тілдер. Тілдің стилистикалық тарамдалуы.

Диалектология. Лингвистикалық атлас және изоглоссалар. Лингвистикалық география. Табиғи тіл және оның жасанды аналогтары: халықаралық көмекші (қосалқы) жасанды тілдер, информациялық тілдер.

3- тақырып. Тілдің тарихи дамуы.

Лингвогенез және антопогенез. Тілдің пайда болуы туралы палеонтропологиялық, молекулярылық генетика, физиологиялық, психологиялық және т.б. ғылымдар деректері. Моногенез жәнеполигенез мәселелері.

Тілдердің дамуы: дивергенция және конвергенция үрдістері. Тіл дамуына әсер ететтін лингвистикалық, экстралингвистикалық факторлар. Әртүрлі тарихи кезеңдердегі тілдің даму ерекшеліктері. Тілдегі тарихи өзгерістер және тарихи фонетика мен фонологияның, тарихи лексикология мен тарихи грамматиканың пәні.

Тілдердің туыстығын айқындайтын салыстырмалы-тарихи әдістің қалыптасуы. Тілдердің материалдық және құрылымдық ұқсастықтары. Үндіевропа тілдеріндегі тұрақты тілдік сәйкестіктер және салыстырмалы-тарихи әдістің басқа тілдер деректеріне қолданылуы. Ішкі және сыртқы реконструкцияның тәсілдері. Абсолюттік және болжалдық хранология.

Тіл - ерекше жүйелермен салыстыру: ұқсастықтары мен ерекшеліктері. Жалпы таңба және тілдік таңба. Тілдік бірліктердің таңбалылығы. Тілдік таңбалар арасындағы синтагматикалық және парадигматикалық қатынастар.

4- тақырып. Әлем тілдерінің топтастырылуы. Тіл - жүйе және құрылым

Әлем тілдерінің топтастырылуы: генетикалық, типологиялық және ареалдық принцип. Тілдердің генеологиялық топтастырылуы. Гнетикалық ұқсастық (үйлесімділік) – тілдерді топтастырудың негізі. Туыс және туыс емес тілдер. Тілдік семья және «макросемья». Негізгі тілдік семьялар және олардың құрамы. Тілдердің үндіевропалық семьлары, алтай тілдерінің макросемьялары, тілдердің орал семьясы, семит-хамит тілдері. Тілдердің ареалдық шекаралары мен мемлекеттік-әкімшілік шекаралары. Қазақстан территорясындағы тілдік семьялар: миграция (көш-қон) тілдердің қазіргі орналасуы. Тілдердің лингвистикалық картасы.

Тілдердің типологиялық топтастырылуы. Тілдердіңтипологиялық (құрылымдық ұқсастығы, изоморфизм) ұқсастығы. Тілдердің типологиялық топтастыруларының сан жағынан көптігі. Тіл типі – топтастырылуы категориясы. Тілдердің морфологиялық топтастырылуы. Тілдің лективтік (қопармалы), аглютинативтік (жалғамалы), даралаушы және полисинтетикалық типтері. Тілдің аналитикалық және синтетикалық типі. Тіл типтері және тілдегі типтер. Квантативтік типология. Дж. Гринбрг бойынша типологиялық индекстерді санау әдісі.

Тілдердің аналитикалық және синтеикалық құрылысы туралы түсінік. Тілдердің ареалдық топтастыорылуы. Тілдердің «туыстасуы» және тілдік одақтар. Негізгі тілдік одақтар.

Тілдік ұқсастықтар және тілдік универсиялар. Лингвистикалық типология түрлері. Тілдік универсалиялар мен тілдік фреквенталиялар.

Тілдегі жүйе және құрылым (структура( түсінігі. Вариант және инвариант. Тілдердің синтагматикалық, парадигматикалық және иерархиялық қатынастары. Тілдік бірліктер және тілдің жүйелік қабаттары. Тілдің негізгі қабаттары және олардың арақатысы (байланысы).



5- тақырып. Фонетика және фонология.

Фонетика жүйесі туралы түсінік. Фонетика пәні және оның міндеттері. Антропофонетика және фонология. Теориялық, практикалық және эксперименталдық фонетика. Контрастивтік фонетика. Тарихи фонетика. Дыбыстық тілді танудың компьютерлік программасы және синтез.

Сөйлеу дыбыстар (дыбыстық тіл) – тілдік табиғи материясы. Сөйлеу дыбыстарын зерттеудің аспектілері: акустикалық (физикалық) аспект, анатомиялық-физиологиялық аспект, лингвистикалық-функционалдық аспект.

Сөйлеу дыбыстарының акустикалық сипаты: дыбыстардың жоғарылығы, күші және созылыңқылығы. Тон және шу. Резонанс. Дыбыс форманттары. Тембр – акустиканың негізі және оның компоненттері.

Сөйлеу дыбыстарының артикуляциялық сипаты. Сөйлеу аппаратының құрылысы. Сөйлеу органдарының актив және пассив қызметтері. Тілдің артикуляциялық базасы. Артикуляцияныңүш базасы. Сөйлеу дыбыстарын топтастыру принциптері. Дауысты және дауыссыз дыбыстар, олардың артикуляциялық, акустикалық ерекшеліктері. Дауысты дыбыстардың жасалу орнына қарай, еріннің қатысына қарай, мұрын жолына қарай топтастырылуы. Дифтонгтар – күрделі артикуляция арқылы жасалатын дауысты дыбыстар. Дифтоног түрлері. Қазақ және орыс тілдеріндегі вокализм жүйесі.

Дауыссыз дыбыстардың ауыздың, шудың, кедергілер ме оларды игеру орнына қарай, жасалу орны, актив және пассив органдарына, палатализацияның болу/болмауына қарай топтастырылуы. Қырылдақ (аспираттар), шұғыл (абруптив) дауыссыздар. Аффрикаттар – күрделі артикуляция арқылы жасалатын дауыссыз дыбыстар.

Сонанттар, олардың дауыстылар мен дауссыздардың айырмашылығы және ұқсастықтары. Қазақ және орыс тілдеріндегі сонанттардың құрамы.

Просодия. Сегментті және суперсегментті бірліктер. Екпін және оның түрлері: динамикалық (күшті, экспираторлы), квантативті (сандық, ұзақтық), музыкалды (мелодикалық, тондық). Сөздік және фразалық екпін, проклитика және энклитика; логикалық және эмфатикалық екпіндері, байлаулы және еркін екпіндер. Интонация және оның элементтері; қазақ және орыс тілдеріндегі интонациялық конструкциялардың типтері; түрлі тілдердегі интонациялық көріністің ерекшеліктері. Сөйлеудің фонетикалық мүшеленуі: фразалар, такттар, буындар, дыбыстар. Буын-артикуляциялық, акустикалық бірлік. Буынның негізгі теориялары: акустикалық және артикуляциялық. Буын түрлері, буын жасайтын/жасамайтын дыбыстар. Түрлі тілдердегі сөздердің буындық құрылымы.

Сөйлеу ағынындағы дыбыстардың арақатысы. Дыбыстардың позициялық және комбинаторлық өзгерістері. Негізгі фонетикалық процестер және олардың қазақ, орыс тілдеріндегі көріну ерекшеліктері. Позициялық өзгерістер: сөз соңында дыбыстардың айтылмауы, сөз басындағы протетикалық дыбыстар, редукция. Протетикалық дауыстылар –түркі тілдеріне тән құбылыс. Редукция және оның түрлері: аккомодация, ассимиляция, дауыстылар гармониясы, диссимиляция, диэреза, гаплология, эпентеза, метатеза, олардың қазақ, орыс және басқа тілдердегі ерекшеліктері.

Фонетикалық және тарихи алмасулар. Дыбыс заңдары туралы түсінік. Тілдік бірлік болып табылатын фонема туралы түсінік. Дыбыс және фонема. Фонеманың перцептивті және сигнификативті қызметі. Фонеманың дифференциалды және интегралды белгілері. Фонема түрлері (аллофондар), фонема позициялары. Фонемалардың бейтараптануы. Фонема жүйесі туралы түсінік. Фонологиялық мектептер.

Транскрипция. Транскрипцияның түрлері. Халықаралық фонетикалық алфавит (ХФА).

Орфоэпия туралы түсінік. Норма және әдеби норманың варианттары. Айтылу нормасы бұзылуының негізгі көздері.



6- тақырып. Грамматика. Морфология

Тілдің грамматикалық құрылысы – грамматиканың (морфология және синтаксистің) негізгі пәні. Ғылыми және практикалық грамматика. Туыс тілдердің салыстырмалы грамматикасы. Контрастивтік грамматика. Тілдің грамматикалық құрылысының негізгі бірліктері: морфема, сөз формасы, сөз тіркесі және сөйлем.

Грамматикалық форма және грамматикалық категория. Лексикалық және грамматикалық мағыналардың арақатысы. Деривациялық және реляциялық мағына.

Морфология. Морфология – тілдің ең кішкентай бірлігі және сөздің құрамдас бөлігі. Мофрема және морфтар; алломорфтар және морфема варианттары. Нөлдік және бос морфема туралы түсінік. Морфемаолардың топтастырулары: мағныа беру сипатына қарай; сөздегі орнына қарай; сөздігі рөліне қарай. Морфема –мағынанңы үш типін айқындаушы: заттық, деривациялық, реляциылқ. Түбір және аффикстер. Префикстер, постфикстер (суффикстер және флексия), инфикстер, конфикстер, трасфикстер. Интерфиксация. Сөзжасам (сөзтудырушы) және формажасам (форма тудырушы (аффикстер). Өнімді және өнімісіз аффикстер. Сөзжасам қалыптары (моделдері), типтері және сөз ұясы.

Сөз форамсы – түбір мен форма тудырушы аффикстердің бірлігі. Сөздің грамматикалық формасы туралы түсінік – грамматикалық мағына мен оны білдіру тәсілдерінің бірлігі. Сөздің синтетикалық және аналитикалық формалары. Грамматикалық мағынаны берудің тәсілдері мен амалдары. Грамматикалық мағына білдірудің синтетикалық тәсілі. Аффиксация және оның негізгі типтері: фузия (флективтік) және агглютинация. Қазақ және орыс тілдері мысалдары негізінде агглютинация мен фузия құбылыстарының айырмашылықтарын айқындау. Араб тіліндегі ішкі флексия және транфикстер. Қайталаулар (редупликация), қайталаудың түрлері. Суплетивизм. Екпін – грамматикалық мағына білдірудің негізгі тәсілі. Грамматикалық мағына білдірудің аналитикалық тәсілі. Көмекші сөздер. Интонация – грамматикалық мағына білдірудің негізгі тәсілі. Сөздердің орналасу тәртібі – грамматиканың мағына білдірудің негізгі тәсілі. Түрлі тілдердегі грамматикаллық мағына білдірудің ерекшеліктері. Грамматикаллық мағына білдіру тәсілдері мен амалдарының тарихи өзгерістері.

Грамматикалық және танымдық категориялар, олардың арақатыстары.

Морфологиялық және синтаксистік грамматикалық категориялар: сөз түрлендіруші және классификациялық типтердің морфологиялық типтері. Септік категориясы – есімнің негзгі категориясы. Шақ категориясы – етістіктің негізгі категориясы. Түрлі тілдердегі грамматикалық категориялардың берілу ерекшеліктері. Лексика-грамматикалық категория.

Сөз таптары – сөздің лексика-грамматикалық тобы. Флективтік құрылымдағы сөз таптарының таптастыру принциптері. Есім және етістік –негізгі сөз таптары. Сөздің бір сөз табынан екінші сөз табына ауысуы. Сөз таптары мен олардың грамматикалық категорияларындағы тарихи өзгерістер. Түрлі типтегі тілдердегі сөз таптарының ерекшеліктері.



7- тақырып. Сөзжасам. Синтаксис

Сөзжасам және оның грамматика мен лексикологияға қатысы. Сөзжасамдық қалыптар (моделдер).

Синтаксис. Сөйлем және сөз тіркесі. Сөз тіркесі туралы түсінік және оларды топтастырудың принциптері. Сөздің синтаксистік байланыстары: қиысу, кординация, қабысу, меңгеру, инкорпоривтену, изафет. Изафет типтері. Сөйлем – тілдің негізгі коммуникативтік және құрылымдық синтаксистік бірлігі. Сөйлем және байымдау, сөйлем және аталым. Сөйлемдердің актуалды мүшеленуі туралы түсінік. Сөйлем типтері. Сөйлем мүшелері. Түрлі тілдердегі сөйлем құрылымдары. Сөйлем типтері мен сөз тіркесі формаларындағы тарихи өзгерістер.

8-тақырып. Лексикология.

Сөз - лексикология пәні. Тілдегі сөз типтері: мәнді сөздер, есімдіктер, сан есімдер, көмекші сөздер, одағай сөздер. Сөз және морфема. Лексикология салалары: семасиология, ономасиология, этимология, лексикография.

Семасиология. Сөз мағынасы. Сөз және зат. Сөз және ұғым. Сөз және түсінік, сөздің жалпылауыштық мағынасы. Лексикология жүйесіндегі сөз және лингвистикалық байланыс. Сөздің уәжділігі («ішкі форма»). Уәжделентін және уәжделмейтін сөздер. Сөздің семантикалық құрылымы. Сөздің көпмағыналылығы (полисемия). Сөздің лексикалық мағыналарының типтері: біріншілік және екіншілік мағына, тура, номинативтік, еркін және фразеологиялық байлаулы мағына, синтаксистік байлаулы мағына, конструктивті байлаулы мағына. Сөздің тура және ауыс мағыналары. Ауыс мағынаның жасалу тәсілдері: метафора, функциялық ауысу, метонимия, синекдоха. Сөз мағыналарының кеңеюі мен тарлыуы. Энантиосемия. Конверсия туралы түсінік. Көпмағыналы сөздер мен омонимдер. Омоним типтері және олардың жасалу жолдары. Синонимдердің жасалу көздері, синоним типтері. Синонимия және сөздің синонимдік қатары. Паронимдер. Антонимдер, олардың типтері, антонимдердің стилистикалық қызметі.

Табу және эвфемизм. Десфемизм. Инвективтік лексика.

Арнаулы лексика. Термин және терминология. Тілдің сөздік құрамының стилистикалық қабаттары. Стилистикалық бейтарап лексика. Кітаби лексика. Сөйлеу және қарапайым лексика. Әдеби тіл лексикасы және диалектілік лексика. Күнделікті қолданыстағы сөздер –лексика-семантиикалық жүйенің негізгі бірлігі. Түрлі әлеуметтік топтар лексикасының ерекшіліктері. Жаргон және арго. Сөздің эксперрессивтік-эмоционалдық бояуы. Актив және пассив лексика. Архаизмдер мен историзмдер, оалрдың айырым беліглері. Архаизм типтері. Жалпы тілдік және жеке авторлық қолданыстағы неологизмдер, окказионализмдер. Кірме сөздер, олардың кірігу жолдары мен түрлері. Кірме сөздердің негізгі белгілері. Сөздік қорды байытудың негізгі жолдары.

Этимология, этимология зерттеудің принципетрі мен тәсілдері. Өтірік («халықтық») этимология құбылысы.

Ономастика: топонимика және антропология.

9- тақырып. Лексикография. Фразеология

Лексикография. Сөздік мақала. Сөз тізбесі және лемма. Сөздік түрлері. Сөздік құрастыру типтері: алфавиттік, кері, жиілік. Лексикографиялық еңбектерді компьютерлендіру. Лингвистиклық сөздіктердің негізгі типтері. Академиялық және оқу сөздіктері. Ерекше түсіндірме сөздіктер. Сөздіктердің негізгі аспектілері (тарихи, фразеологиялық, этимологиялық, орфографиялық, синонимдік, антонимдік, неологизм сөздіктер, шетел сөздер сөздігі және т.б.). Көптілді және екітілді сөздіктерде сөздік мақалалардың түзілу тәсілдері. Лингвистикалық, энциклопедиялық сөздік.

Фразеология. Сөздердің еркін және фразеологиялық тіркестер. Семантикалық және құрылымдық тұрғыдан фразеологиялық бірліктердің топтастырылуы.

10- тақырып. Жазу теориясы және тарихы

Сурет және суретті емес жазулары. Жазу таңбалары және олардың типтері. Жазу типтері. Пиктография. Идеография. Ежелгі Египет иероглифі. Клинопистік шумер жазуы. Буындық жазу. Консонат жазу. Алфавиттік жазу. Қазіргі әлемдегі алфавиттік жазу түрлері. Алфавит және графика. Графема туралы түсінік. Графема және дыбыс. Транскрипция және транслитерация. Орфография. Орфографиялық принциптер және түрлі тілдердегі орфографиялық ерекшеліктері.


3.3 ТӘЖІРИБЕШІЛІК САБАҚТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ
2- тақырып. Тіл және тіл туралы ғылым. Тілдің қоғамдық табиғаты

Лингвистикадербес ғылым. Тілдің табиғаты мен мәні. Тіл және ойлау, Тіл пікір алысу және ойды шығару құралы. Тілдік қалып және тілдік жағдай. Тілдердің қарым-қатынасы және қостілділік феномені. Қостілділік және диглоссия.



3- тақырып. Тілдің тарихи дамуы

Тіл антиномиялары. Жасанды тілдер. Халықаралық табиғи және жасанды тілдер. Лингвистикалық семиотика.



4-тақырып. Әлем тілдерінің топтастырылуы. Тіл-жүйе және құрылым

Тіл таңбалық жүйе. Тілдің жүйелік қасиеттері. Тілдің құрылымддық-деңгелік сипаты. Тілдердің генеологиялық топтастырылуы. Салыстырмалы-тарихи әдіс. Тілдердің типологиялық топтастырылуы. Салыстырмалы-типологиялық әдіс.



5- тақырып. Фонетика және фонология

Сөйлеу дыбыстарының акустикалық және артикуляциялық сипаттамасы. Сөйлеу дыбыстарын топтастыру принциптері. Сөйлеу ағынындағы дыбыстардың арақатысы. Фонология негіздері.



6- тақырып. Грамматика. Морфология

Сөздің мағыналық құрылымы. Лексикалық және грамматикалық мағына. Сөз формалары мен сөздің морфемдік құрамы. Сөзжсамның негізі тәсілдері. Грамматикалық мағына білдірудің синтетикалық және аналитикалық тәсілдері. Түрлі тілдердегі грамматикалық тәсілдердің көрінісі. Жалғамалы және қопармалы тілдердегі сөз таптарының таптастыру принциптері.



7- тақырып. Сөзжасам. Синтаксис

Тілдің синтаксистік бірліктері және олардың арақатынастары.



8-тақырып. Лексикология.

Сөздің ішкі формасыуәждену және этимология.

Қазақстан өлкесіндегі топонимдер жүйесі.

9- тақырып. Лексикография. Фразеология

Фразеологизмдердің лексика-семантикалық жүйесі. Фразелогизмдердің тақырыптық семантикалық ерекшілігі және ұлттық сипаты.



10- тақырып. Жазу теориясы және тарихы

Жазудың шығуы және оның даму кезеңдері. Көне түркі руникалық жазуы. Қазіргі жазудың түрлері. Ұлттық тіл-тарихи-әлеуметтік категория. Әдеби тілдің қалыптасу заңдылықтары. Тілдің территориялық саралануы, диалектілер және кәсіби лексика.



3.4 С¤Ж мазм±ны



СӨЖ түрі

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Сағат көлемі

ҚФ-11


1

Дәріс сабақтарын өңдеу




Сабаққа қатысу

15 (1x 15)

2

Үй тапсырмасын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

15 (1x 15)

3

Қосымша материалдарға дайындық

Конспект

Коллоквиум

28

5

Бақылау шараларына дайындық




РК1, РК2

2




Барлығы







60



Студенттерге µздігінен оќуѓа берілетін таќырыптар
1. Математика мен тіл білімінің байланысы жайлы ғылыми әдебиеттермен танысу

Ұсынылатын әдебиет: [1], 5-10 бет, [4], [2] 3-6 беттер.

2. Халықаралық жасанды тілдер жайлы материалдар жинақтау. Экспоронто тілі, идо тілі т.б. Экспоронто тілі жүйесімен танысу.

Ұсынылатын әдебиет: [5], 15-21 беттер.

3. Қазақ тіл білімінің қалыптасуы мен даму кезеңдері жайлы материалдармен танысу.

Ұсынылатын әдебиет: [7], 89-103 беттер.

4 Жазу. Жазудың түрлері. Жазба тіл. Алфавит.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 72-75 беттер, [2], 49-55 беттер.

5. Дүниежүзі тілдерінің қазіргі жай-күйі. Өлген тілдер жайлы.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 68-73 беттер.



Бақылау шараларының күнтізбелік кестесі



1 рейтинг (1 семестр)

Барлық

балл


Апта

1

2

3

4

5

6

7

8

Аптадағы максим. сағат

10

11

10

11

10

11

11

26

100

Дәріс сабағына қатысу

СӨЖ түрі

ҮТ 1

ҮТ2

ҮТ3

ҮТ4

ҮТ5

ҮТ6

ҮТ7

ҮТ8

16

Бақылау формасы

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Макс. балл

2

2

2

2

2

2

2

2

‡й тапсырмасын орындау

СӨЖ түрі

ҮТ 1

ҮТ2

ҮТ3

ҮТ4

ҮТ5

ҮТ6

ҮТ7


ҮТ 1

32

Бақылау формасы

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ


Қ

Макс. балл

4

4

4

4

4

4

4

4

Ќосымша материалдарѓа дайындыќ

СӨЖ түрі




ҚМ1




ҚМ2




ҚМ3

ҚМ4




20

Бақылау формасы




К




К




К

К




Макс. балл




5




5




5

5




Семестрлік тапсырманы орындау

СӨЖ түрі

СТ




СТ




СТ










12

Бақылау формасы

Р1




Р2




Р3










Макс. балл

4




4




4










Межелік

бақылау


Тақ. №

























20

Бақылау формасы



















МБ




Макс. балл






















20




2 рейтинг (1 семестр)

Барлық

балл


Апта

9

10

11

12

13

14

15

Аптадағы максим. сағат

12

9

12

9

12

9

37

100

Дәріс сабағына қатысу

СӨЖ түрі

ҮТ 9

ҮТ10

ҮТ11

ҮТ12

ҮТ13

ҮТ14

ҮТ15


14

Бақылау формасы

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ


Макс. балл

2

2

2

2

2

2

2

‡й тапсырмасын орындау

СӨЖ түрі

ҮТ91

ҮТ10

ҮТ11

ҮТ12

ҮТ13

ҮТ14

ҮТ15


28

Бақылау формасы

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ


Макс. балл

4

4

4

4

4

4

4

Ќосымша материалдарѓа дайындыќ

СӨЖ түрі

ҚМ5

ҚМ6

ҚМ7

ҚМ8

ҚМ9

ҚМ10

ҚМ11

21

Бақылау формасы

К

К

К

К

К

К

К

Макс. балл

3

3

3

3

3

3

3

Семестрлік тапсырманы орындау

СӨЖ түрі

СМ4




СМ5




СМ6




СМ7

12

Бақылау формасы

Р




Р




Р




Р

Макс. балл

3




3




3




3

Межелік

бақылау


СӨЖ
















МБ




25

Бақылау формасы






















Макс. балл



















25


Шартты белгілер: ҮТ1 – үй тапсырмасы №, ,Қ –оқу үрдісіне қатысу, ҚМ –қосымша материал, К- конспект, СМ-семестрлік жұмыс, МБ – межелік бақылау №1.
Курс саясаты

Оқу процесіне қатысу дегеніміз – сабаққа қатысу, пікірталаста және топ жұмысында белсенділік көрсету, топтастарының оқуына әсер ету.

Қойылған талаптар орындалмаса, жаза қолданылады. Сабаққа 100 пайыз қатысып, берілген тапсырмаларды уақытымен және дұрыс орындаса – ең жоғарғы ұпай 100 б. қойылады. Курсты өту барысында төмендегідей марапаттау ұпайлары қойылады:

- дәріске қатысу – 2 балл.

- тәжір. сабаққа қатысу – 1балл.

- тәжір. жұмысты орындау – 4 балл



Тәжірибешілік жұмыстарын орындау барысында

  • Сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беру -2 балл;

  • Жаттығу жұмыстарын орындау-1 балл;

  • Грамматикалық талдаулар жасау -1 балл.

Өздік жұмыстарын орындау және қорғау барысында:

  • материалды толық меңгеру -3 балл.

  • Талқыланатын тақырыптың, жоба мәселесінің мазмұнын ашу-2 балл

  • Лексика-грамматикалық және стилистикалық сауаттылығы -2 балл.

- Материалдың мазмұндалуына шығармашылық көзқарас және өз ойын айта білу – 2 ұпай.
Студенттер білімін аралық бақылау тест немесе жазбаша бақылау жұмысы түрінде жүргізіледі.
Осы көрсеткіштер орындалмаған жағдайда жеткіліксіз немесе айып санкциялары қолданылады:

  1. сабақты босату (себепсіз);

  2. тапсырмаларды уақытымен орындамау;

  3. тапсырмаларды орындау барысында қателіктер жіберу, яғни,студент материалды толық меңгермеген жағдайда.

Егер студент сабаққа себепті жағдаймен келе алмаса, келесі аптада сол сабаққа өтеу (отработка) жасайды. Бірақ ұпай азайтылады.
Пән бойынша қорытынды рейтингті есептеу әдісі




Қорытынды бақылау түрі

Бақылау түрлері

¤лшемдік ‰лес

1

Емтихан

Емтихан

0,4

Ағымдық үлгерімді бақылау

0,6

2

Сынақ

Сынақ

0,4

Ағымдық үлгерімді бақылау

0,6

3

Емтихан К/Ж

Емтихан

0,4

Курстық жұмыс

0,3

Ағымдық үлгерімді

бақылау


0,3

4

Курстық жұмыс

Курстық жұмыс

0,6


Ағымдық үлгерімді бақылау

0,4


Пән бойынша қорытынды рейтинг мына формула бойынша анықталады:
Қ = Р1 + Р2__ ӨҮаү + Е*ӨҮе+КЖ*ӨҮкж

мұндағы Р1, Р2, Е, С, КЖ – бірінші, екінші рейтингте алған ұпай бойынша емтихандағы балл көрсеткіші

ӨҮаү, ӨҮе, ӨҮс, ӨҮкж – ағымдық үлгерімнің семестрдегі үлестері.

Студент сынақты тапсырмай алуы үшін жинаған балы 100 болу керек.

Егер оқу жоспарында емтихан мен сынақ қарастырылған болса, онда сынақ ағымдық бақылау түрі деп есептеледі.

КЖ ғылыми жетекші қатысуымен комиссия алдында қорғалады және пікірмен бірге бағаланады. Пән бойынша қорытынды рейтинг 2-кестеге сай баллдан сандық баламаға, әріптік және дәстүрлі бағаға ауыстырылады. Сөйтіп, оқу жетістіктері журналына және рейтингтік ведомостьқа жазылады. Ведомость пен сынақ кітапшасына дәстүрлі үлгімен баға қойылады.

Егер пән бойынша емтиханнан басқа курстық жұмыс қарастырылған болса, онда сынақ кітапшасына дәстүрлі үлгімен Кж балына сай баға қойылады.

Студенттердің білімін анықтау көрсеткіші


Балл түріндегі қорытынды баға

Балдың сандық баламасы

Әріп жүйесі бойынша бағалау

Дәстүрлі жүйе бойынша қойылатын баға

Емтихан, дифф. сынақ

сынақ

1

2

3

4

5

95-100

4

А

өте жақсы

Есептелді


90-94

3,67

А-

85-89

3,33

В+

Жақсы

80-84

3,0

В

Жақсы

75-79

2,67

В-

Жақсы

70-74

2,33

С+

қанағаттанарлық

65-69

2,0

С

60-64

1,67

С-

55-59

1,33

Д+

50-54

1,0

Д

0-49

0

F

қанағаттанарлықсыз

есептелмеді

Егер студент емтиханда F деген баға алса, оның қорытынды рейтингі анықталмайды. Ведомостьқа «қанағаттанарлықсыз» деген баға қойылады. Егер пән бірнеше семестрде өтетін болса, онда балл түріндегі баға орташа есеппен қорытылады:

Қ= _Қ1122+...+Қnn

К12+...+Кn

Мұнда Қ1 2 n – семестр бойынша балл түріндегі қорытынды баға;

К12n – семестр бойынша пән сағаты



n – семестр саны

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет