3.3 Пәннің тақырыптық жоспары
|
№
|
Тақырып
|
Сағат саны
|
Сырттай бөлім
СҚТӘ-21(қ)
|
Дәріс
|
Тәжір.
|
С¤Ж
СӨЖО
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
Қазақ балалар әдебиетінің зерттелуі, мақсаты мен міндеті. Фольклор және балалар әдебиеті. Орта ғасыр мұраларындағы балаларға қатысты ой-пікірлер.
|
|
|
9
|
2
|
XIX ғасырдағы ақындары және балалар әдебиеті. Ы.Алтынсарин және балалар әдебиеті. Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп және балалар әдебиеті.
|
|
|
9
|
3
|
XX ғасырдағы көркем шығармалар (проза, поэзия, драма). С.Көбеев, С.Дөнентаев, Б.Өтетілеуов және балалар әдебиеті. І.Жансүгіров, Б.Майлин, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Қ.Кемеңгерұлы, С.Сейфуллин, М.Жұмабаев және балалар әдебиеті
|
|
|
9
|
4
|
М.Әуезов және балалар әдебиеті. С.Мұқанов балалар әдебиетіне қосқан үлесі.
|
|
|
9
|
5
|
С.Бегалиннің балалар әдебиетіне қосқан үлесі. Мұқан Иманжанов, Сәуірбек Бақбергенов шығармашылығы
|
|
|
9
|
6
|
Қазақ балалар поэзиясы. Өтебай Тұрманжанов, Мұзафар Әлімбаев, Мүбәрак Жаманбалинов өмірі мен шығармашылығы
|
|
|
9
|
7
|
Әнуарбек Дүйсенбиев, Жәнібек Кәрбозин, Бүркіт Ысқақов, Қабдыкәрім Ыдырысов, Нұрсұлтан Әлімқұлов шығармашылығы
|
|
|
9
|
8
|
Ә.Табылдиев, Жақан Смақов, Қадыр Мырзалиев, Қастек Баянбай, Абдрахман Асылбеков, Адырбек Сопыбеков, Ескен Елубаев шығармашылығы
|
|
|
9
|
9
|
Сұлтан Қалиев, Есентай Ерботин, Жеңіс Қашқынов, Совет Әлімқұлов, Несіпбек Аитов, Жарасқан Әдірашев, Өтепберген Ақыпбеков шығармашылығы
|
|
|
9
|
10
|
Қазақ балалар прозасы. Бердібек Соқпақбаев шығармашылығы. «Менің атым Қожа» повесі. «Балалық шаққа саяхат» повесі
|
|
|
9
|
11
|
Сансызбай Сарғасқаев өмірі мен жазушылық шығармашылығы.
|
|
|
9
|
12
|
Марат Қабанбаев шығармашылығы
|
|
|
9
|
13
|
Саид Баязитов, Нәсіреддин Серәлиев шығармашылығы
|
|
|
9
|
14
|
Молдахмет Қаназов шығармашылығы
|
|
|
9
|
15
|
Қазақ балалар драматургиясы
|
|
|
9
|
Барлығы: сағат
|
|
|
135
|
3.4 Теориялық курс мазмұны
1-тақырып. Қазақ балалар әдебиетінің зерттелуі, мақсаты мен міндеті. Фольклор және балалар әдебиеті. Орта ғасыр мұраларындағы балаларға қатысты ой-пікірлер.
Қазақ балалар әдебиетінің зерттелу кезеңдері, балалар әдебиетінің қалыптасу, өркендеуі жөнінде ғалымдардың әр кезеңдегі ой-пікірлері. Қазақ балалар әдебиетін оқытудағы мақсат пен міндеттер. Балалар әдебиетінің өзіне тән ерекшелігі, салалары. Балалар фольклоры – балалар әдебиетінің алтын қоры. Бесік жыры мен тұсау кесу жыры – балалар фольклорының бастауы. Төрт түлік мал туралы өлеңдеріндегі халық даналығы, ұлттық таным-түсінік. Жан-жануар, жәндіктер туралы өлеңдердегі әсемдік әлемі. Фольклорлық ұсақ жанрдағы туындылар (жаңылтпаштар, санамақтар, мазақтамалар, тақпақтар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер т.б.). Ертегілер түрлері, балалардың дүниетанымын қалыптастырудағы ықпалы. Ертегілердің көркемдік ерекшелігі. Батырлар жырының бала танымын, тәрбиесін дамытудағы рөлі. Орта ғасыр мұраларындағы балаларға қатысты ой-пікірлер, балалар әдебиетінің қалыптасуына әсері.
2-тақырып. XIX ғасырдағы ақындары және балалар әдебиеті. Ы.Алтынсарин және балалар әдебиеті. Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп және балалар әдебиеті.
XIX ғасырдағы қазақ балалар әдебиеті туралы түсінік. М.Өтемісұлы жырларындағы елдік тақырып. Өлеңдерінің негізгі идеялық сарындары. Махамбет жырларының ұлттық сипаты. Балаларды елжандылыққа баулудағы рөлі («Ереуіл атқа ер салмай», «Тарланым», «Толарсақтан саз кешіп» т.б. ). Ы.Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы. Ана, бала тақырыбына жазылған өлеңдері. «Бұл кім?», «Ананың баланы сүюі» өлеңдерінің идеясы мен көркемдігі. Өнер-білім тақырыбына арналған өлеңдері. Табиғат лирикасы, балаларды әсемдікке баулу идеясы. Ыбырай әңгімелері, тақырыптары, тіл ерекшеліктері. Шәкәрімнің «Адамдық борышың», «Еріншек» өлеңдерінің тәрбиелік мәні. Мәшһүр Жүсіп және балалар әдебиеті.
3-тақырып. XX ғасырдағы көркем шығармалар (проза, поэзия, драма). С.Көбеев, С.Дөнентаев, Б.Өтетілеуов және балалар әдебиеті. І.Жансүгіров, Б.Майлин, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Қ.Кемеңгерұлы, С.Сейфуллин, М.Жұмабаев және балалар әдебиеті.
XX ғ. бас кезіндегі қазақ балалр әдебиеті. С.Көбеев, С.Дөнентаев, Б.Өтетілеуовтің балалар әдебиетіне қосқан үлесі. І.Жансүгіров өлеңдеріндегі эстетикалық тәрбие. «Жазғы шілде», «Күзде», «Бөбек бөлеу», «Жас бұлбұлдарға», «Жастарға», «Жазғытұрым», «Бұлт» өлеңдерінің көркемдігі. Б.Майлинннің «Тәй,Тәй, Қаз, Қаз», «Әлди», «Жаңбырлы күні», «Жазғы жайлауда», «Әйт,шу, ала атым», «Байшұбар» өлеңдерінің көркемдігі. «Түйебай» әңгімесінің тәрбиелік мәні. М.Дулатовтың «Мектепке», «Мектептен», «Шешенің балаларын сүюі» өлеңдерінің тақырыбы мен тәрбиелік мәні. Ж.Аймауытовтың «Оқу, білім», «Қыс», «Жаз келді», «Жазғытұрым», «Жазғы шілде», «Біздің торы құлын», «Айт, шу, ала атым», «Нұр күйі» өлеңдерінің тақырыптары мен көркемдігі. М.Жұмабаевтың «немере мен әжем», «Ақ қала», «Ата, бата», «Ана», «Ана», «Сылдырмақ», «Бөбектің тілегі», «Жұбату», «Сұр құлын», «Жыл мезгілдері» өлеңдерінің көркемдігі мен тәрбиелік сипаты. Қ.Кемеңгерұлы және қазақ балалар әдебиеті. С.Сейфуллин – қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы. Қазақ балалар әдебиетінің қалыптастырып, оның негізін салуда Сәкен еңбектерінің маңызы.
4-тақырып. М.Әуезов және балалар әдебиеті. С.Мұқанов балалар әдебиетіне қосқан үлесі.
М.Әуезов және қазақ балалар әдебиеті. М.Әуезовтің балалар әдебиеті туралы әр кезеңдегі ой-пікірлері. «Жетім» әңгімесіндегі Қасым трагедиясы. Әңгімедегі бала тағдырының суреттелуі. «Көксерек» повесі. Көксерек образының жасалуы. Повесть тілі, көркемдігі. С.Мұқановтың «Бақташының баласы», «Батыр қыз» шығармаларының бала тәрбиесінде алатын рөлі.
5-тақырып. С.Бегалиннің балалар әдебиетіне қосқан үлесі. Мұқан Иманжанов, Сәуірбек Бақбергенов шығармашылығы.
С.Бегалиннің «Сәтжан», «Бала мерген», «Алданған жолбарыс», «Бала Шоқан» шығармаларындағы кейіпкерлер жүйесі. «Бала Шоқан» повесіндегі Шоқан бейнесі. М.Иманжановтың «Адам туралы аңыз», «Жыртық дәптер», «Даладағы от», «Бала қаны» әңгімелерінің тақырыбы мен идеясы. «Талап», «Кішкентай көрші», «Жол үстінде», «Жас шебер», «Бес» әңгімелерінің тәрбиелік мәні. «Алғашқы айлар» повесінің тілі, көркемдігі. С.Бақбергенов өмірі мен жазушылық қызметі. Биографиялық повестерінің негізгі ерекшеліктері. «Талғат», «Дина», «Бозторғай», «Қоян көзге құлаған жұлдыз» повестеріндегі кейіпкерлердің сомдалуы. С.Бақбергенов повестерінің тәрбиелік мәні.
6-тақырып. Қазақ балалар поэзиясы. Өтебай Тұрманжанов, Мұзафар Әлімбаев, Мүбәрак Жаманбалинов өмірі мен шығармашылығы
Қазақ балалар поэзиясының қалыптасу, даму кезеңдері. Қазақ балалар поэзиясының ерекшеліктері, даму сипаты. Өтебай Тұрманжановтың балалар әдебиеті мұрасы. «Мен дәрігер боламын», «Білем деме, балам!», «Екі көзім сияқты», «Пеш ішінде күн жатыр», «Тәтті алма», «Екі торғай сайрайды», «Кім нені сүйеді?» өлеңдерінің көркемдігі мен тәрбиелік мәні. Ө.Тұрманжанов – ертегілер шебері. М.Әлімбаевтің балалар әдебиеті мұрасы. «Жұмбақ тас», «Биіктен биікке», «менің ойыншықтарым», «Орақ олақ», «Отпен ойнама», «Балдәурен, шіркін, балалық», «Ақ серек, көксерек» жинақтарының маңызы. «Қандай сөздер», «Он саусақ», «аяның алақаны», «Ана тіліне тағзым», «Достың күні досымен», «Екеу дегенше, бекем де», «Жол қайда ұтылды», «Аспандағы әпке және стюардесса» өлеңдерінің көркемдігі, танымдық-тәрбиелік қуаты. М.Жаманбалиновтың балалар әдебиеті мұрасы. Ақын өлеңдеріндегі бала бейнесі. Балалар лирикасындағы юморлық, сатиралық бейнелер. Балалар лирикасында табиғат құбылыстарының суреттелуі. М.Жаманбалинов ертегілерінің ерекшеліктері.
7-тақырып. Әнуарбек Дүйсенбиев, Жәнібек Кәрбозин, Бүркіт Ысқақов, Қабдыкәрім Ыдырысов, Нұрсұлтан Әлімқұлов шығармашылығы
Ә.Дүйсенбиев өмірі мен шығармашылығы. Мектеп жасына дейінгі бөбектерге арналған «Не деу керек?», «Ақтайлақ-ау», «Сыйлық» жинақтарындағы шығармалардың тілі, көркемдігі, тәрбиелік мәні. Бастауыш мектеп жасындағы балаларға лайық «Доп», «Кішкене болса да, нық шеге», «қайырлы таң, балалар» кітаптарының танымдық-тәрбиелік мәні. «Біз өмірдің гүліміз», «Ағайынбыз бәріміз», «Не деу керек?» өлеңдерінің мәні. Ж.Кәрбозиннің «Атама ұқсайды», «Жайлауда», «Бұзып сөйлеме, түзік сөйле», «Біздің бекен қайда екен?», «Құлақ» т.б. өлеңдерінің тәрбиелік, көркемдік мәні. Б.Ысқақовтың «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегі поэмасының танымдық-тәрбиелік қуаты. Ізгілік пен зұлымдық тартысының шебер бейнеленуі. Қ.Ыдырысов және балалар әдебиеті («Бурыл тай», «Келіңдер, құстар!», «Жаңбыр», «Космосқа жол» т.б. өлеңдерінің көркемдігі, тілі). «Әке жолы» реалистік поэмасындағы заман шындығы. Бала тағдырының бейнеленуі. Н.Әлімқұлов өлеңдеріндегі табиғат суреттері, баланың әсемдік туралы түсінігін қалыптастырудағы ықпалы («Таң», «Шық», «Найзағай» т.б.), балалар өмірінің бейнеленуі («Балалы үй-базар», «Ораз бен Қораз», «Емтихан», «Соңғы оқушы», «Татулық», «Маған әпер баласын», «Төбелес», «Даңққұмар»).
8-тақырып. Әдібай Табылдиев, Жақан Смақов, Қадыр Мырзалиев, Қастек Баянбай, Абдрахман Асылбеков, Адырбек Сопыбеков, Ескен Елубаев шығармашылығы
Ә.Табылдиевтің «Қайырлы таң, балалар», «Ана мен бала», «Аташымның батасы», «Біз мектепке барамыз», «Ана тілі», «Наурыз тойы», «Уыз той», «Тірлік пен бірлік», «Әнші құстар» өлеңдерінің тақырыптық-көркемдік ерекшелігі. Табиғаттағы түрлі жан-жануар, құстардың бейнесі («Колибри», «Пингвин», «Дельфин», «Лама», «Құлан», «Сілеусін». Ж.Смақов балалар поэзиясының дара қырлары. «Бөпем», «Сылдырмақ», «Қаз-қаз бас», «Кішкене әліппе», «Шатақ», «Біздің атай Түсекең қартаймайтын кісі екен» өлеңдерінің көркемдігі. Ж.Смақов ертегілерінің тілі. Фольклорлық ұсақ жанрдағы туындылары (мазақтамалыр, санамақтар, жаңылтпаштар, жұмбақтар). Қ.Мырзалиев «Сөз сиқыры» еңбегіндегі балалар әдебиеті туралы ойлары. «Досым екеуміз», «Диктант», «Есеп», «Шатақ», «Ана тілі», «Сағатттың сыры» өлеңдерінің тақырыптық-көркемдік ерекшелігі. Қ.Баянбай өлеңдерінің ерекшеліктері. Балалар лирикасындағы бала бейнесі («Қол шатыр көтерген он батыр», «Асанның амалы», «Жалқаудың оянуы», «Асанның амалы» т.б.), табиғат құбылыстарының, жан-жануар, хайуанаттар, құстар, аңдардың бейнеленуі («Тырналар», «Алғашқы қар», «Таңертең», «Арыстанмен айқас» т.б.). Қ.Баянбай – ертегілер шебері.
А.Асылбеков «Әдептілік әліппесі», «Мен кіммін», «Тілін ұмытқан тауық», «Сабақ», «Дымбілмес» өлеңдерінің тақырыптық-идеялық ерекшеліктері. А.Сопыбеков өлеңдерінің ұлттық сипаты. Қ.Жұма,алиев өлеңдерінің тәрбиелік мәні («Аң папшасы», «Апорт неге қып-қызыл?», «Әнші құстар», «орман көшіп барады»). Е.Елубаев өлеңдерінің танымдық мәні («Туады, шығады, түседі, келеді», «Асқар мен кимешек», «Мың сөз», «Ұмытшақ», «Ретсіз қуаныш»).
9-тақырып. Сұлтан Қалиев, Есентай Ерботин, Жеңіс Қашқынов, Совет Әлімқұлов, Несіпбек Аитов, Жарасқан Әдірашев, Өтепберген Ақыпбеков шығармашылығы
Сұлтан Қалиев («Спортшы Төлен», «Шекербек- Каспаров», «Намыс», «Мазақ сурет»), Нұрхан Жанаев («Жұбату», « Мен ешкімге тимеймін», «Суайттың өлеңі»), Есентай Ерботин («Білгіш бала», «Досым сондай»), Жеңіс Қашқынов («Мектепке өзім барамын», «Асқаржан жарады»), Совет Әлімқұлов («Қалсын апам қуанып», «Жасырыбақ»), Несіпбек Аитов, Жарасқан Әдірашев («Сабақта», «Атқойғыш»), Өтепберген Ақыпбековтердің («Мұрат пен сұрақ», «Інім текке қорқыпты») өлеңдерінде балалар характерлерінің ашылуы. С.Қалиев («Аққала», «Шілде»), Е.Ерботин («Кешке таман», «Құйын», «Мұзайдын», «Тамыз», «Келді күз»), Н.Аитов («Қартаймайды күн неге?», «Бастау») өлеңдерінде табиғат құбылыстарының, жыл мезгілдерінің бала танымына сай өрнектелуі.
10-тақырып. Қазақ балалар прозасы. Бердібек Соқпақбаев шығармашылығы. «Менің атым Қожа» повесі. «Балалық шаққа саяхат» повесі.
Қазақ балалар прозасының даму сипаты. 1970-80 жылдардағы қазақ балалар прозасының тақырыптық-идеялық, көркемдік-тілдік ерекшеліктері. Қазақ балалар ақын-жазушыларының «авторлық тұлғасы». 1970-80 жылдардағы қазақ ақын-жазушыларының шығармашылық процесі мен авторлық позициясы. Б.Соқпақбаев өмірі мен шығармашылығы. Жазушы шығармашылығының зерттелуі. «Менің атым Қожа» повесіндегі балалар өмірінің бейнелену ерекшелігі. Сюжет және композициясы. Жазушы шеберлігі. Повестегі психологизм. Қожа, Жанар, Жантас бейнесі. Повестегі аналар, ұстаз бейнесі. Повестегі заман шындығы мен көркем шындық. Повестің тілі. «Балалық шаққа саяхат» повесінің тақырыптық-идеялық, көркемдік ерекшелігі. Повестегі кейіпкерлер жүйесі.
11-тақырып. Сансызбай Сарғасқаев өмірі мен жазушылық шығармашылығы.
Сансызбай Сарғасқаев өмірі мен шығармашылығы.Жазушы шығармаларында мектеп өмірін, балалар достығын суреттеуі. «Сәуленің жаңа достары», «Бір көшенің бойында», «Сынған тіс», «Балалар», «Шындық», «Шыбық», «Жаймашуақ» әңгімелерінің тақырыбы, тәрбиелік мәні. Сюжеті мен композициясы. «Бүршік жапырақ жаяды» повесіндегі пейзаж, эстетикалық әсер.
12-тақырып. Марат Қабанбаев шығармашылығы.
М.Қабанбаев өмірі мен шығармашылығының зерттелуі. «Қала мен қыз бала», «Бақбақ басы толған күн», «Пысық болдым, мінекей», «Жиһанкез Тити», «Сурет салғым келмейді», «Арыстан, мен, виолончель және қасапхана» повестерінің идеялық-тақырыптық, тілдік-көркемдік ерекшелігі. Сюжеті мен композициясы. Повестегі балалар бейнесінің сомдалуы. Повестегі психологизм. Балалар тағдырын суреттеуде жазушы шеберлігі.
13-тақырып. Саид Баязитов, Нәсіреддин Серәлиев шығармашылығы.
С.Баязитов өмірі мен шығармашылығы. Шығармаларында балалар психологиясының ерекшелігін бейнелеу шеберлігі. «Күтпеген кездесу», «Арал робинзондары», «Алтын кілт», «Майлы қалам», «Том Сойердің туысы», «Уәде», «Тәтті қауын», «Көгілдір үйрек әңгімесі» шығармаларының тақырыбы мен көркемдік ерекшелігі, тәрбиелік мәні. Сюжеті мен композициясы. Повестегі балалар бейнесі, характерлерінің ашылуы. Нәсіреддин Серәлиевтің «Қоңырқаз», «Жусан исі», «Ақсақ киік» әңгімелернің тақырыбы, идеясы. Кейіпкерлер характерлерінің ашылуы.
14-тақырып. Молдахмет Қаназов шығармашылығы.
М.Қаназов шығармашылығының зерттелуі. «Чика-Дабылдың баласы», «Ақ тайлағым-ай», «Қияндағы күн нұры», «Арғы ауыл мен бергі ауылдың балалары» шығармаларының идеялық-тақырыптық, көркемдік ерекшелігі. Сюжеті мен композициясы. Балалар характерін ашудағы жазушы шеберлігі. М.Қаназовтың авторлық позициясы.
15-тақырып. Қазақ балалар драматургиясы.
Қазақ балалар драматургиясының қалыптасу, даму сипаты. 1970-80 жылдардағы балаларға арналған драмалық шығармалар. 1990-2000 ж.ж. қазақ балалар драматургиясының мәселелері.
3.5 ТӘЖІРИБЕШІЛІК САБАҚТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ
1-тақырып. Қазақ балалар әдебиетінің зерттелуі, мақсаты мен міндеті. Фольклор және балалар әдебиеті. Орта ғасыр мұраларындағы балаларға қатысты ой-пікірлер.
Қазақ балалар әдебиетінің қалыптасу, өркендеуі жөнінде ғалымдардың зерттеулері. Балалар әдебиетінің жанрлық ерекшелігі. Қазақ балалар фольклоры. Фольклорлық ұсақ жанр: жаңылтпаштар, санамақтар, мазақтамалар, тақпақтар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер. Қиял-ғажайып, жан-жануар туралы ертегілер. «Қобыланды батыр» жыры. Орта ғасырдағы балалар әдебиеті.
2-тақырып. XIX ғасырдағы ақындары және балалар әдебиеті. Ы.Алтынсарин және балалар әдебиеті. Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп және балалар әдебиеті.
XIX ғасырдағы қазақ балалар әдебиетінің идеялық-тақырыптық, көркемдік-тілдік ерекшелігі. Махамбет жырларының елдік, ұлттық өрнек. Ы.Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің классигі. «Қазақ хрестоматиясы» еңбегінің маңызы. Ыбырай әңгімелері: «Таза бұлақ», «Қыпшақ Сейтқұл», «Бай мен жарлы баласы», «Киіз үй мен ағаш үй». Жазушы позициясы. Шәкәрімнің білім-ғылым, өнер, тазалық тақырыбындағы өлеңдерінің мәні. Мәшһүр Жүсіп және балалар әдебиеті. Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы Мұхаммед пайғамбар бейнесі. Ақынның білім-ғылым, өнер, адамгершілік тақырыбындағы өлеңдерінің маңызы, көркемдігі. «Мәшһүр-Жүсіптің тырнамен айтысы», «Мәшһүр-Жүсіптің ала қарғамен айтысы», «Жарты нан хикаясы», «Шайтанның саудасы» өлеңдерінің шағын драмалық тартысқа құрылуы.
3-тақырып. XX ғасырдағы көркем шығармалар (проза, поэзия, драма). С.Көбеев, С.Дөнентаев, Б.Өтетілеуов және балалар әдебиеті. І.Жансүгіров, Б.Майлин, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Қ.Кемеңгерұлы, С.Сейфуллин, М.Жұмабаев және балалар әдебиеті.
XX ғ. бас кезіндегі қазақ балалар әдебиетінің идеялық-тақырыптық ерекшелігі, көркемдік сипаты.. С.Көбеевтің «Үлгілі бала», оқулығы мен «Үлгілі тәржіма» кітабының маңызы. С.Дөнентаев, Б.Өтетілеуов балалар әдебиетіне қосқан үлесі. І.Жансүгіров өлеңдеріндегі әсемдік әлемі, тақырыбы мен идеясы. Б.Майлинннің өлеңдерінің тілі, стилі, тақырыбы мен идеясы. М.Дулатовтың балаларға арналған өлеңдерінің көркемдігі, қазақ балалар әдебиетіне қосқан үлесі. Ж.Аймауытовтың өлеңдерінің мәні, тақырыбы мен идеясы, қазақ балалар әдебиетіне әкелген жаңалығы. М.Жұмабаевтың өлеңдерінің көркемдік сипаты, стилі. Ақын шеберлігі. Қ.Кемеңгерұлы әңгімелері.. С.Сейфуллин – қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы ақын, әрі ғалым.
4-тақырып. М.Әуезов және балалар әдебиеті. С.Мұқанов балалар әдебиетіне қосқан үлесі.
М.Әуезовтің балалар әдебиеті туралы зерттеулерінің, мақалаларының маңызы. «Жетім» әңгімесіндегі заман шындығының суреттелуі, автор позициясы. «Көксерек» повесінің идеясы, тақырыбы, кейіпкерлер әлемі. Автор позициясы. С.Мұқановтың балаларға арналған туындыларының мәні.
5-тақырып. С.Бегалиннің балалар әдебиетіне қосқан үлесі. Мұқан Иманжанов, Сәуірбек Бақбергенов шығармашылығы.
С.Бегалиннің «Сәтжан», «Бала мерген», «Алданған жолбарыс», «Бала Шоқан» шығармаларының тақырыптық, көркемдік ерекшелігі. «Бала Шоқан» повесіндегі Шоқан бейнесінің сомдалуы. М.Иманжанов әңгімелерінің көркемдік қырлары. «Алғашқы айлар» повесіндегі кейіпкерлер. С.Бақбергеновтың «Талғат», «Дина», «Бозторғай», «Қоян көзге құлаған жұлдыз» повестерінің сюжеті, көркемдігі.
6-тақырып. Қазақ балалар поэзиясы. Өтебай Тұрманжанов, Мұзафар Әлімбаев, Мүбәрак Жаманбалинов өмірі мен шығармашылығы.
Қазақ балалар поэзиясының тақырыптық, идеялық, көркемдік ерекшеліктері, дамуы, зерттелуі. Ө.Тұрманжанов - балалар әдебиетінің классигі. Өтебай Тұрманжановтың әр түрлі тақырыптағы өлеңдерінің көркемдігі. Қазақ балалар әдебиетіне әкелген жаңалықтары. Ө.Тұрманжанов – ертегіші. М.Әлімбаев - балалар әдебиетінің классигі. Өлеңдерінің көркемдігі, танымдық-тәрбиелік мәні. М.Әлімбаев – бала психологиясын жетік меңгерген ақын. Автор шеберлігі. М.Жаманбалинов - балалар әдебиетінің классигі. Ақын өлеңдерінің көркемдігі. М.Жаманбалинов ертегілерінің танымдық, тәрбиелік, көркемдік ерекшеліктері.
7-тақырып. Әнуарбек Дүйсенбиев, Жәнібек Кәрбозин, Бүркіт Ысқақов, Қабдыкәрім Ыдырысов, Нұрсұлтан Әлімқұлов шығармашылығы
Ә.Дүйсенбиев өмірі мен шығармашылығы. Мектеп жасына дейінгі бөбектерге арналған шығармаларының көркемдігі, идеялық мәні. Бастауыш мектеп жасындағы балаларға арналған кітаптары. Ж.Кәрбозиннің өмірі мен шығармашылығы. Ақын өлеңдерінің идеялық-көркемдік ерекшелігі. Б.Ысқақовтың балалалрға арналған өлеңдері. Қ.Ыдырысовтың балалар әдебиетіне қосқан үлесі. Н.Әлімқұлов өлеңдерінің тақырыбы, идеясы, көркемдігі.
8-тақырып. Әдібай Табылдиев, Жақан Смақов, Қадыр Мырзалиев, Қастек Баянбай, Абдрахман Асылбеков, Адырбек Сопыбеков, Ескен Елубаев шығармашылығы
Ә.Табылдиевтің балаларға арналған фантастикалық туындыларының көркемдігі. Ж.Смақов балалар поэзиясының өзіндік ерекшеліктері. Балалар әдебиетіне әкелген соны жаңалықтары. Ж.Смақов өлеңдеріндегі бала психологиясы. Қ.Мырзалиев өлеңдерінің идеясы, тілі, стилі. Қ.Баянбай поэзиясының даралығы. Қ.Баянбай – ертегілер шебері. А.Асылбеков өлеңдерінің көркемдігі. А.Сопыбеков өлеңдерінің танымдық мәні. Е.Елубаев өлеңдерінің көркемдігі. Ақын өлеңдеріндегі бала бейнесі.
9-тақырып. Сұлтан Қалиев, Есентай Ерботин, Жеңіс Қашқынов, Совет Әлімқұлов, Несіпбек Аитов, Жарасқан Әдірашев, Өтепберген Ақыпбеков шығармашылығы
Сұлтан Қалиев, Нұрхан Жанаев, Есентай Ерботин, Жеңіс Қашқынов, Совет Әлімқұлов, Несіпбек Аитов, Жарасқан Әдірашев, Өтепберген Ақыпбековтердің өлеңдеріндегі балалар бейнесі. С.Қалиев, Е.Ерботин Н.Аитов өлеңдеріндегі ұлттық нақыштар.
10-тақырып. Қазақ балалар прозасы. Бердібек Соқпақбаев шығармашылығы. «Менің атым Қожа» повесі. «Балалық шаққа саяхат» повесі.
Қазақ балалар прозасының дамуы, зерттелуі. Қазақ балалар прозасының тақырыптық-идеялық, көркемдік-тілдік ерекшеліктері. Қазақ балалар ақын-жазушыларының авторлық тұлғасы. 1970-80 жылдардағы қазақ ақын-жазушыларының шығармашылық процесі мен авторлық позициясы. Б.Соқпақбаев шығармашылығының зерттелуі. «Менің атым Қожа» повесіндегі балалар характері. Қожа, Жанар, Жантас бейнесі сомдаудағы жазушының соны, дарашеберлік қырлары. «Балалық шаққа саяхат» повесінің сюжеті мен композициясы. Повестегі кейіпкерлер әлемі. Бала тағдырының аянышты өрнектелуі. Тұрдыбек трагедиясы. Заман шындығының повесте бейнеленуі.
Достарыңызбен бөлісу: |