20-тақырып. Әбдіжәміл Нұрпейісов(1924)
Жазушы, драматург, публицист, әдебиет-сыншысы, аудармашы, қоғам қайраткері, СССР және Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы.
Өскен ортасы, білім алған мектепетрі. Шығармашылық жолы. Қоғамдық күрескерлік тұлғасы.
«Курляндия» (1950) романына 1942-45 ж.ж. Курляндия плацдармындағы
қырғын соғыс шайқастарының арқау етілетіндігі. Есей бейнесінің көп белгілері. Курляндия операциясының бел ортасында жүрген жауынгер Нұрпейісовке ортақтығы. Романдағы көркемдік шындықтың майдан шындығымен біте қайнасып кетуі. Тәжірибесі аз қаламгердің алғашқы туындысы екендігіне қарамастан оның республикалық сыйлыққа ие болғандығы. Кейінірек оны жазушыныың «Күткен күн» деген атпен жариялатуы. Отанын жаудан қорғап жүрген, мақсат-мүддесін тоғыстырған халықтардың достығы, адамгершілік, моральдық тұлғасының терең ашылатындығы.
«Қан мен тер» трилогиясындағы рухани қайсарлық пен суреткерлік кемлділіктің тоғысы. 1913-1920 жылдардағы Арал өңірінде өткен тарихи оқиғалардың күллі қазақ сахарасына ортақ шындығын толғап, ескі қоғамдық формацияның аласапыран күрес нәтижесінде шұғыл төңкеріс екпінімен жаңа формацияға орын беруінің адам рухы арқылы көрінуі. Төңкерістің қазақ сахарасына емес, сахараның төңкеріске келуін реалистік шындық негізінде шеберлікпен бейнелегені. Еламан, Кәлен, Сүйеу, Ақбала, Мөңке, Әли, Қара қатын, Судырақмет, Тәңірберген, Қалау, Құдайменде, Тентек Шодыр, Колчак , т.б. бейнелері. Композиция құрудағы жаңашылдық, сюжет пен характер, психологиялық талдау, портрет жасау жолындағы ізденістер. Жазушының трилогия негізінде драмалық туынды, киносценарий жазуы.
«Сең» (1983) романы. «Сеңнің» Еуропалық көркем романдардың үздік жетістіктерін шығармашылықпен игеріп, сезім сергелдеңі мен ар арпалысын, ірі қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді жеріне жеткізе бейнелеу талабынан «Соңғы парыз» (1999) дилогиясына айналуы. Шығарманың ішкі динамизімінің қуаттылығы, тақырыбының өзектілігі. Өзімшіл саясаттың экологиялық проблемалар төңірегіндегі қасіретке тап қылуы. Жәдігер мен Әзімнің ар алдындағы жауапкершілігін, азаматтық боыршын сезінудегі кереғарлықтың үстемдігі. Әзім мен Жәдігер арасындағы Арал теңізінің болашағы жайлы тартыс, реалистік көзқарас пен консервативтік көзқарастың бітіспес болымыс. Ә.Нұрпейісовтің табиғат трагедиясы мен адам трагедиясын параллель өрістетуі, романды адамзаттық трагедия дәрежесіне көтеруі. Жазушының дилогияда тоқырау кезеңін суреттей отырып, социалистік қоғамның күйреуіне әкеп соққан саяси-әлеуметтік мәселелерді ашық көрсеткені. «Сең» мен «Соңғы парыз» романдарының жанры, поэтикасы.
Ә.Нұрпейісовтің очерктері мен әдеби-сын мақалалары. «Толғау», «Жүрегі толы жыр еді», «Ақ бидай туралы аңыз» атты жинақтарында Л.Толстой, Ф.Достоевский, И.Тургенев, Ж.Жабаев, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мұстафин, Ш.Айтматов шығармашылығы туралы ой айтқаны. М.Әуезов , Ф.Достоевский, И.Тургенев, М.Горький, Жамбылдардың әдеби портреттерін сомдауы. «Алыптар халықтан» атты және «АннаКаренинаның» аудармасы туралы эстетикалық , публицистикалық, танымдық мақалалары.
Ә.Нұрпейісовтің Чеховтің, Горькийдің, Н.Хикметтің, испан жазушысы Кэсонның пьесаларын аударғаны.
Шығармашылығының зерттелу жайы.
21-тақырып. Жұбан Молдағалиев (1920-1988)
Ақын, публицист, сыншы, қоғам қайраткері. КСРО және Қазақстан мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты. Қазақстанның халық жазушысы.
Өскен ортасы, білім алған мектептері, еңбек жолы, қоғамдық қызметтері. Ақын қаламынынң соғыс жағдайында шыңдалуы. Тұңғыш кітабы «Жеңіс жырларының» (1949) жарық көруі. Жинақтың мазмұны мен идеялық қуаты. Ерлік пен ізгілік сезімді суреттеу жолындағы ізденістері. Ол ізденістердің кейінгі туындылары «Мен қазақ әйеліне қайран қаламын», «Аққу», «Еділ мен Жайық», «Қызыл кітап», «Сусыны сусағанның табылғандай», «Ана туралы баллада», «Дала дастаны», «Қарқаралы көріністері», «Әйелдерге мадақ», «Хатшыға хат», «Менің халқым» жырларында жалғасын тауып, азаматтық пафостың, асқақ сезімнің, тақырып кеңдігінің айқын көрінуі. Ақын поэзиясындағы азаматтық әуен мен нәзік лиризмнің үндестігі.
Жұбан - эпик ақын. «Жеңіс жыры» (1949), «Нұрлы жол» (1951), «Жыр туралы жыр» (1958), «Жесір тағдыры» (1961), «Ғашық көзбен» (1965), «Замана тынысы» (1962), «Айттым сәлем» (1966), «Кісен ашқан» , «Қыран дала» (1964), «Сел» (1975), «Байқоңыр баспалдақтары» (1979), «Ақ жауын» (1985) және өмірінің соңғы жағында туған «Кек» тарихи поэмасы.
Ж.Молдағалиевтің поэзияны тақырыптық, мазмұндық, түрлік, образдық көркемдік келісімімен байытқаны. Реалистік қуат, романтикалық леп, тақырып алуандығы, ақынның өзіндік стилі.
Ж.Молдағалиев – орыс әдебиетінің озық үлгілерін аударғаны, көркем публицистика саласында да жемісті еңбек еткен қаламгер.
Шығармашылық мұрасының зерттелу жайы.
22-тақырып. Ілияс Есенберлин
Ақын, жазушы, публицист, қоғам қайраткері. Абай атындағы Қазақ ССр мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Өскен ортасы, білім алған мектептері. Ақындық, жазушылық өнерге бой ұруы. Поэзия, проза, драматургия, кинодраматургия саласында еңбек еткені. Алғашында ақын ретінде танлып, қырықтан аса әннің мәтінінң жазып, «Сұлтан», «Айша» (1945), «Біржан сал трагедиясы» (1959)дастандары мен большевиктер туралы поэмаларын тудыруы. «Адамгершілік туралы жыр» өлеңдер жинағының (1949), «Жұлдыздар» атты поэмалар кітабының жарық көруі.
І.Есенберлин қазақ прозасының көрнекті өкілі. Оның «Адам туралы ән». (1957) повесі, «Айқас» (1966), «Қатерлі өткел» (1967), «Ғашықтар» (1968), «Қаһар» (1969), «Алмас қылыш» (1971), «Алтын құс» (1972), «Жанталас» (1973), «Көлеңкеңмен қорғай жүр» (1974), «Маңғыстау майданы» (1978), «Аманат» (1978), «Махаббат мейрамы», «Алыстағы арпалыс», «Аққу құстың қуанышы» (1984), «Мұхиттан өткен қайық» («Жұлдыз», №1,2, 1991) романдары мен «Көшпенділер» (1976), «Алтын орда» (1982-83) трилогиялары.
І.Есенберлиннің «Көлеңкеңмен қорғай жүр», «Аманат» романдарында бүгінгі жұмысшылар мен тың игерушілердің өмірі мен күресінің жан-жақты пайымдалатыны. Тың игерудің жақсы жақтармен бірге жерді тоздырған науқаншылдықты, шолақ белсенділікті ашық суреттегені.
І.Есенберлин прозасының әлем тілдеріне аударылуы. Шығармаларының үнемі пікірталастар тудырғаны.
Шығармаларының зерттелу жайы.
23-тақырып. Тахауи Ахтанов (1923-1998)
Ақын, жазушы, драматург, аудармашы, қоғам қайраткері. Мемлекеттік сыйлық лауреаты. Қазақстанның халық жазушысы.
Туған ортасы, білім алған мектептері. Шығармашылық жолы, қоғамдық қызметі. Оның шығармашылық қайратының артуына Ұлы Отан соғысының тікелей әсер еткені. Соғысқа дейін өлең, кішігірім сын мақала, рецензиялар жазуы. Соғыстан кейінгі өлеңдері, «Жастар даусы» атты ұжымдық жинақта жарияланғаны.
Майдан шындығы негізінде «Қаһарлы күндер» (1956) романын жазуы. Романның басты табысы жан диалектикасымен қоса тән сезімінің нәзік сырларын образ бояуымен үйлестіруі. Ержан, Кусков, Дәурен, Добрушкин, зеленин, Көжек, Раушан, Мұрат характерлері.
«Дала сыры» (1963) повесінің кейіннен «Боран» (1966) романына айналғаны. Онда малшылар өмірінің батыл көтерліуі. Шығармада Қоспан сияқты қарапйым еңбек адамының бар болмысының терең де жан-жақты ашылатындығы. «Боранның» басты кейіпкерлері. Қоспан мен Қасболат. Боранның повесте тек символдық қызмет атқарып тұрғаны. Қоспанды табиғат стихиясына құрбан ете отырып, автор социалистік құрылыстың, оның ортақ меншікке негізделген тұғырының осалдығын меңзегендігі. Соңғы туындысы «Шырағың сөнбесін» (1980) роман-дилогиясында қаламгердің соғыс тақырыбына қайта қайырылғаны. Дилогияның басты қаһарманы: ана мен бала образдары. Соғыс шындығының Ана көзімен пайымдалатыны.
«Махаббат мұңы» повесі. «Алғашқы ән», «Қызғаныш», «Күй аңызы», «Көкқұтан» әңгімелері.
Т.Ахтановтың драматургиясы. «Сәуле», «Боран», «Күтпеген кездесу», «Махаббат мұңы», «Әже мен бала», «Ант». «Жоғалған дос» драмалары, «Күшік күйеу» комедиясы.
Т.Ахтановтың «Ғабит Мүсірепов» (1956) атты әдеби-сын очеркі, «Керуен» (1969) , «Көкейтесті» (1980) сын-мақалалар жинақтары
Аударма саласындағы А.Пушкиннің «Алтын әтеш туралы ертегісін», А.Толстойдың «Азапты сапарда» трилогиясын, С.Бабаевскийдің «Алтын жұлдызды жігіт» романын, И.Тургеневтің, А.Горькийдің әңгімелерін қазақ оқырмандарына жеткізуі.
Шығармашылығының зерттелу жайы.
24-тақырып. Қадыр Мырзалиев (1935)
Ақын, драматург, әдебиет сыншысы, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақстан Ленин сыйлығының, Абай атындағы мемелекеттік сыйлықтың лауреаты. Халық жазушысы.
Өскен ортасы, білім алған мектептері. Еңбек жолы, қоғамдық қызметі. «Көктем», «Жаңғалақтар», «Кішкене Қожанасырлар», «Ноян-Қоян», «Алуан-палуан», «Күміс қоңырау» жинақтары.
Қазақ поэзиясына әлем әдебиетінің озық үлгілерін дарыта отырып, бұрынна қазақ қанына сіңісті философиялық –дидактикалық дәстүрді жаңғырта дамыта еңбек еткені. Өзіндік өрнегі, стилі. Оның кейінгі жылдары жазған «Аққу», «Махаббат жырларынан», «Адамдар және олардың иттері», «Алмас жерде қалмас», «Қырық буын қазақпыз», «Ойда жүрген орамдар», «Екі дос екі анадан туған егіз», «Ақында болмайды ешкім ешкімнен соң», «Қыз», «Атамекен», «Қаратау қалың дәптер», «Ұлы махаббат», «Әйтеке бидің өсиеті» жырлары. Халық өмірін тақырып етіп, циклді кітаптар жазуы. «Ой орманы», «Дала дидары», «Бұлбұл бағы», «Ақ отау», екі кітаптан тұратын «Домбыра», «Жерұйық», «Қорамсақ», «Көкпар», «Қызыл кітап», «Көш», «Мәңгі майдан», «Биік баспалдақ», «Ғибратнама», «Қылыш пен қанжар», «Жұмыр жер» т.б. жинақтарының тақырыптары мен идеялары. Циклді өлеңдеріндегі ақынның өмір құбылыстары жөніндегі жан-жақты толғамдары.
Лирикасының ойлы, сыршыл, образды бояуы, ғибраты.
Қ.Мырзалиевтің «Сақал саудасы», «Қасқыр қақпан» атты сатиралық комедиялар, «Жаралы жолбарыс» атты драмалық дастан, «Заман-ай», «Өкінішті өткелдер», «Парламент» дастандары мен «Төле би» атты үш бөлімді опера либреттосын жазғаны. «Әзәзілдің әлегі» атты тарихи-көркем эссесі. «Заман-ай» деген атпен поэмаларының жеке кітап болып шыққаны.
Қазіргі әдеби процестің көкейкесті проблемалары мен балалар әдебиеті туралы «Сөз сиқыры» атты сын мақалалар жинағы.
Ақынның 200-ден астам жырына ән жазылғаны.
Ақынның аударма саласындағы еңбектері. М.Овидий, Руми, Гюго, Петефи, Лермонтов, Есенин, Райнис, Родари, Р,Ғамзатов, Межелайтис, К.Кулиев жырларын, О.Сүлейменовтың «Атамекен», «Әр күн арайлы таң» атты таңдамалы өлеңдер жинағын қазақ тіліне тәржімалағаны.
Ақын шығармашылығының зерттелу жайы.
25-тақырып. Мұқағали Мақатаев (1931-1976)
Ақын, жазушы, аудармашы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Өскен ортасы, білім алған мектептері. Еңбек жолы, қызметі.Балалық, жасөспірімдік шағының соғыс жылдарымен, тылдағы ауыр еңбекпен тұспа-тұс келуі. «1945 жыл ақпан», «Қайран жеңгем», «Соғыстың соңғы көктемі», «Абысындар», «Әке», «Қырқыншы жылдардың бесік жырынан», «Біздер жеңдік», «Әке аманаты», «Масақ» өлеңдері мен «Өмір-дастан» поэмасында ақынның сол уақыттың реалистік картинасын жасағаны. Оның өмірге жіті үңіліп, толғана жырлағаны. Әкелік махаббаты «Бесік басында», «Менің кішкен күнім» «Ұлыма», «Қызымыа», «Майгүлге», «Біздің үйге көктем келді»; үлкенді қадірлей білуге шақыратын «Алпысқа келдіңіздер», «Мен қарапайым қарттарды сүйемін», «Әбділдаға», «Бауыржан Момышұлына», «Ғабаңа», «Қариялар азайып бара жатыр», «Тоқта балам, атаң келед , артыңда»; халқын сүюге үндейтін «Елім барда», «Қазақстан», «Үш бақытым», «Оралыңдар» «Толғау», «Халқым барда», «Халқыма хат», «Қазақ жері»; Туған жер табиғатының келбеті «Сап-сары жапырақтар», «Сәуір айы», «Алматының аспаны», «Сарыжайлау», «Тау өзені тентек қой тасып жатыр» , «Көктемде», «Қайран Қарасазым-ай», «Түнгі Алматы», «Хан Тәңірі»; парасат пен танымға бойлататын философиялық «Сәби болғым келеді», «Қар жауып тұр», «Алтын адам», «Бақыт деген», «Мен қайың бола бастаймын», «Қызық өмір», «Тауға келмсем», «Ақиқаттың ауылы», «Таудай болғым келеді», «Ей, өмір»; мәңгілік өмір сыйлайтын,өнерді қастерлететін «Қара өлең», «Арыз жазып кетейін», «Жазылар естеліктер», «Дариға домбырамды берші маған», «Өлең керек», «Ақынның ауылы», «Бибігүлге», «Сыр», «Төлегенге», «Фаризаға»; махаббат күйін әлдилеген «Бір келіншек», «Сен», «Есіңе мені алғайсың», «Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған», «Махаббат диалогы», «Әйелдер-ай», «Махаббат моласы», «Иек артқан теңізге мүйістейін», «Алдынан терезеңнің жүріп өттім», Мен сені сағынғанда» т.б. шығармалары.
«Аппоссионата», «Мавр», «Ильич», «Большевиктер», «Чили, шуағым менің», «Алтай, Атырау», «Райымбек, Райымбек», «Бала шақтан болашаққа», «Аққулар ұйықтағанда», «Моцарт. Жан азасы», «Жанары неткен тұңғиық», «Атамекен» поэмалары.
«Қарлығашым, келдің бе?» (1968), «Дариға-жүрек» (1972), «Аққулар ұйықтағанда» (1974), «Шуағым менің» (1975), «Өмір-дастан» (1976), «Өмір өзен» (1978), «Бәсіре» (1981), «Соғады жүрек» (1982), «Шолпан» (1984), «Қош, махаббат» (1988), «Аманат» (2000) жинақтары.
Прозасы. «Қош, махаббат» атты повестер мен әңгімелер жинағы, «Махаббаттан парасатқа» атты күнделіктер жинағы.
Ақын өлеңдеріне ән саздарының көптеп жазылғаны.
Аудармалары. У.Уитменнің «Шөп жапырақтарын», В.Шекспирдің «Сонеттерін», Дантенің «Құдіретті комедиясын» қазақ тіліне аударуы.
М.Мақатаев шығармаларының зерттелу жайы.
3.2 Тєжірибешілік сабаќтардыњ мазм±ны
1- тақырып . Қазіргі қазақ әдебиетінің даму кезеңдері.
1917-1940жылдардағы әдебиетке шолу. А.Байтұрсынов, М.Дулатов,М.Дулатов, М.Жұмабаев,Ж.Аймауытов,С.Торайғыров,т.б. болуы.
Азатшылдық идеясын насихаттағандар: М.Дулатов («Оян,қазақ»), А.Байтұрсынов («Тілек батам», «Жұбату»), М.Жұмабаев («Бостандық»), С.Торайғыров («Алаш ұраны») .Осы авторлардың ағартушылық бағыттағы өлеңдері: «Жиған-терген», «Қазақ қалпы», «Қазағым», «Қарағым», «Шәкірт ойы», т.б.
Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ әдебиеті (1941-1945)
1946-1960 жылдардағы қазақ әдебиеті.
1960-90 жылдардағы қазақ әдебиеті.
2-тақырып. Сәкен Сейфуллин(1894-1938)
Ақынның «Өткен күндер» (1914)жинағы.«Асау тұлпар» (1922) атты екінші жинағы.Ақын поэзиясында махаббат, табиғат,көңіл-күй лирикасының айрықша орын алуы. Осы тақырыптың «Күз», «Жазғытұры», «Жазғы дала», «Қарлы аязда», «Тау ішінде», «Сағындым», «Шәйіт болған досыма», «Сыр сандық» сияқты көптеген өлеңдерінде сипатталуы.
Ақын поэмаларында өршіл романтикалы махаббат сарыны. «Аққудың айрылуы», «Лашын әңгімесі».
«Қызыл ат» поэмасы. «Көкшетау»(1929) поэмасы. «Тар жол,тайғақ кешу» романы(1927).
3-тақырып. Бейімбет Майлин (1894-1938)
«Шұғаның белгісі»(1915) повесінің Бейімбеттің проза жанрындағы алғашқы шығармасы екндігі. Повестің тақырыбы,идеясы. Шұға, Әбдірахман бейнелері.Кейбір ұнамсыз типтер.
«Талақ», «Естай ауылы», «Киелі сұлу» әңгімелерінде салт-сананың көрінісі.
«Күлтай болыс», «Қар шелек», «Көктеректің баурайында», «Қызыл әскердің семьясы», «Арыстанбайдың Мұқышы», «Онбес үй», «Қырманда» әңгімелері.
«Раушан-коммунист» (1920) повесі. Раушан образы. Раушанның қоғамдық істерге араласуы.
«Жалбыр»1916 жылғы қозғалыстың , «Амангелді» (Ғ.Мүсіреповпен бірге жазған) , «Біздің жігіттер» драмаларында азамат соғысын суреттеуі.
«Майдан», «Талтаңбайдың тәртібі» драмалық шығармаларында колхоздастыру мәселесін көтеруі. Бұл шығармалар өткір тартысқа, сатираға құрылуы.
Б.Майлиннің «Ауыл мектебі», «Шаншар молда», «Неке қияр», «Көзілдірік», «Жасырын жиылыс», «Келін мен шешей» комедияларында ескілікті сынауы.
4-тақырып. Ілияс Жансүгіров(1894-1938)
«Күй», «Күйші», «Құлагер» поэмаларындағы Қобызшы Молықбай образы. Күйші үйсін жігіті мен Қарашаш бейнелері.
«Құлагер» поэмасында Ақан сері образын сомдауы.
5-тақырып. Жамбыл Жабаев(1846-1945)
Жамбылдың жас кезінде қайым айтысқа түсіп, өнерін шыңдауы. «Кәмшат қызға», « Жаныс ақынға» және Айкүміспен, Бөлектің қызымен сөз қағыстырулары.
Жамбылдың Құлмамбетпен (1881), Сарыбаспен (1895),Досмағанбетпен (1904), Шашубаймен (1909) айтыстары.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің «Зілді бұйрық», «Патша әмірі тарылды» өлеңдерінде көрінісі.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Жамбылдың «Ата жаумен айқастық», «Ленинградтық өрендерім» , «Отан әмірі», «Алынбас қамал», «Балама хат» өлеңдерін шығаруы.
«Өтеген батыр» дастаны. Тақырыбы мен идеясы. Өтеген батырдың малға өріс, халыққа жаңа қоныс, бақытты өмір іздеуінің қоғамдық мәні.Дастандағы ауыз әдебиетіне тән мифтік көріністер мен сюжеттер. Поэманың көркемдік ерекшеліктері.
«Сұраншы батыр» поэмасы. Шығармадағы Сұраншы Хакімбеков бейнесі
6-тақырып. Иса Байзақов(1900-1946)
«Құралай сұлу» (1925) поэмасы. Поэма сюжетінің ауыз әдебиеті үлгісінде құрылғандығы. Ел қорғау, отаншылдық идеясын көтеруі. Жастар махаббаты. Құралай мен Келден бейнелері. Поэманың көркемдігі.
«Алтай аясында»(1925-34) поэмасындағы Еркежан мен Балағаз бейнелері. Қалмақтың шонжарлары Кәпін мен Кәбіктерінің жағымсыз іс-әрекеттері.
«Ақбөпе»(1941) поэмасы. Поэмадағы тартыстың Ақбөпе мен Әміржан сезімдеріне құрылуы. Поэмадағы Ақажан, Әбіш, Құдияр образдары арқылы таптық қарама-қайшылықтың ашылуы. Оларға қарсы тұрған Ақбөпе, Әмірхан сияқты жасьар бейнелері.Поэманың қазақ поэзиясынан елеулі орын алатыны жәнекөркемдік ерекшеліктері, тілдік өрнектері.
7-тақырып. Мағжан Жұмабаев(1893-1937)
Ағартушылық бағыттағы «Өнер-білім қайтсе табылар», «Сорлы қазақ», «Жазғы таң» , «Қазағым» өлеңдер жазуы.
Саяси-әлеуметтік сарындағы «Бостандық», «Күншығыс», «Жаралы жан», «Тұтқын», «Жауға түскен жанға» өлеңдерін жазуы.
Ақынның поэзия әлеміндегі ізденістері. Бальмонт, Брюсов, Мережковский, Сологуб, Блок сияқты символист ақындарға еліктеп өлеңдер жазуы. «Сарғайдым», «Бүгінгі күн өмір, өлім менікі», «Берниязға», «Өмір», «Мені де өлім, әлдиле» өлеңдеріндегі өмір мен өлім философиясы.
Мағжанның махаббат лирикасы. «Сүй, жан сәулем», «Н-ға», «Сен сұлу», «Сүйгенім анық», «Гүлсім ханымға», «Жұлдызды жүзік, айды алқа қып берейін» өлеңдеріндегі жан мен тән сұлулығының диалектикалық бірлікте жырлауы.
Қазақ халқының тарихы, аңыз-әңгімелері негізінде «Батыр Баян», «Жүсіп хан», «Өтірік ертек», «Қорқыт», «Қойлыбайдың қобызы» поэмаларын жазуы.
«Батыр Баян» поэмасы. Поэмадағы Абылай хан, Баян батыр образдары. Махаббаттың трагедиялы хикаясы. Абылай ханның характеріндегі кейбір қайшылықтар. Баянның өлімі. Поэмадағы орыс әдебиетінің әсері.
«Жүсіпхан» поэмасы. Шығармадағы Аббасхан, Жүсіпхан, бейнелері. Жүсіп образының символдық мәні.Сол арқылы сталинизм дәуірінің сипатын әшкерелеу.
«Өтірік ертек» дастаны. Шығарма сюжетінің шарттылыққа құрылуы. Мысыққа қарсы тышқандардың көтерілісі. Поэмада байды байыту тәңірдің ісі деген философияны жоққа шығару.
«Тоқсанның тобы» дастаны. Поэмадағы тоқсан деген сөздің символдық мәні. Автордың еңбекші жарлыны мадақтап, туған халқын жақсы көретінін өлеңмен өрнектеуі.
8-тақырып. Жүсіпбек Аймауытов(1889-1931)
«Қартқожа»(1926) романы. Қартқожа бейнесі. Романның көркемдік әлемі. Авторлық мінездеме, характер сомдау ерекшеліктері.
«Ақбілек»(1927-28) романы. Ақбілектің образы. Алтынай, Бозінген, Күмісай, Өрік сияқты қазақ әйелдерінің өмірлерінің суреттелуі. Шығармадағы Ақбала, Доға, Балташ, Жорғабек,т.б. қосалқы қаһармандар тағдырының суреттелуі
Романның психологиялық роман екендігі. Шығарманың көркемдік әлемі. Автордың баяндау тәсілдері. Кейіпкерлер психологиясын сипаттаудағы шеберлігі.
«Күнікейдің жазығы» (1928) повесіндегі Күнікей образы. Повестегі қосалқы кейіпкерлер Құлтума, Тұяқ,Шекер, Байман образдары.Шекер, Байман, Тұяқ бейнелері.
Ж.Аймауытовтың 20-30 жылдары жазылған «Өмір деген осы ма», «Мысыққа ойын, тышқанға өлім»(1923), «Елес», «Қойшы Тастамақ», «Жидебайдың баяндамасы»(1924), «Әнші», «Көшпелі Көжебай», « Жол үстінде»(1925), «Боранды болжаған әулие» (1926), «Ханамар тарихы»(1927), т.б. әңгіме-новеллаларының тақырыбы, идеясы.
Драмалық шығармалары: «Мансапқорлар»(1925), «Ел қорғаны», «Қанапия мен Шәрбану»(1926), «Шернияз»(1926).
«Ел қорғаны» пьесасындағы оқыған кейбір қазақ зиялыларының еркіндік, бостандық үшін күрестегі көзқарастары. «Мансапқорлар» пьесасы. Шығармадағы атақ, мансапқа таласып, өзара қырғиқабақ болған Қасқырбай болыстың, оның туыс інісі әрі тілмашы Мүсілімнің бейнелері. Пьесада ағайын адамдардың арасына жік салған іштарлықтың, көре алмаушылықтың қантөгіске, зұлымдыққа ұласуы.
«Шернияз» пьесасы. Шығармадағы Шернияз бейнесі. Рушылдық пен жікшілдік жайлаған ел ішіндегі айтыс- тартыс, дау- дамайдың Шерниязды күреске итермелеп ширатуы. Оның жеңісі мен жеңілісі. Пьесаның жалпы идеясы.
9-тақырып. Мұхтар Әуезов (1897-1961)
20-жылдары жазған әңгіме, повестері: «Қорғансыздың күні», «Барымта», «Жетім», «Ескілік көлеңкесінде», «Жуандық», «Қаралы сұлу», «Оқыған азамат» және «Қараш-Қараш оқиғасы», «Қилы заман» повестері.
«Барымта», «Жетім», «Қорғансыздың күні», т.б. әңгімелерінде автордың сол кездегі әлеуметтік өмір шындығын көрсетіп, зорлық пен қорлық көрген қорғансыздардың жағына шығуы.
«Қараш-Қараш оқиғасы» (1927) повесі. Шығармадағы әлеуметтік тартыстардың көрінісі. Бақтығұл мен Жарасбай образдары. Көркемдік ерекшеліктері. Толстой стиліне тән психологизмнің кейбір әсерлері.
«Қилы заман» (1928) повесі. Повестің ел басқарудың әкімшілдік-әміршілдік жүйесінің тұсында оқылуға тыйым салынуы. Жетісу өңіріндегі 1916 жылғы көтерілістің суреттелуі. Ұзақ, Жәмеңке, Серікбай сияқты халық өкілдерінің образдары. Рахымбай, Түнғатар, Ақжелке тәрізді ұнамсыз типтер. Повестің баяндау жүйесінің ерекшеліктері. Портрет пен пейзаж. Адам характерін жасаудағы диалогтың мәні.
Драмалық туындылары: «Еңлік-Кебек»(1917), «Қаракөз» трагедиялары. Оларда махаббат бостандығы мен әйел теңдігі мәселесінің көтерілуі. Трагедиялық образдар жүйесі.
«Түнгі сарын»(1934) пьесасында 1916 жылғы көтерілістің көркем бейнеленуі. Драмалық шиеленіске толы тартыс таңбасы. Жантас, Тәнеке образдары.
М.Әуезовтің Соболевпен бірге жазған «Абай» трагедиясы (1940). Ондағы Абай бейнесі.Ақынның әділетті өмір мен адам баласының бақыты үшін жауыздықпен бетпе-бет арпалысуы. Бірін бірі сүйген Айдар мен Ажардың бас бостандығын қорғау арқылы феодалдық ескі салт- санаға қарсы шығу.
Халықтық эпостық жырлар негізінде «Айман-Шолпан»(1934), «Қарақыпшақ Қобыланды» (1941) пьесаларын жазуы. Ел қорғау, ерлік пен ездік мәселесін көтеруі.
«Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абай және кедей жатақтар. Құнанбай бейнесі. Тәкежан, Әзімбай, Ысқақ, Оразбай, Майбасар бейнелері. Романдағы әйелдер бейнесі. Романның көркемдік ерекшеліктері.
Әуезовтің аяқталмай қалған «Өскен өркен» (1962) романы. Оңтүстік өлкедегі мал шаруашылығына қатысты көкейтесті мәселелер. Карпов, Алмасбек, Әсия бейнелері.
10-тақырып. Сәбит Мұқанов (1900-1973)
«Ботагөз» романындағы Асқар, Ботагөз, Амантай, Итбай, Кулаков,Кузнецов, Сарбас, Кошкин образдарының типтік деңгейге көтерілуі. Романның көркемдік табыстары.
«Өмір мектебі» - өмірбаяндық трилогия («Азапты жолда», «Азатты жолда», «Есею жылдары») .«Балуан Шолақ» повесі.«Аққан жұлдыз» дилогиясы. Шоқан образы. «Шоқан Уәлиханов» трагедиясы. Қазақ драматургиясын байытқаны.
11-тақырып. Ғабит Мүсірепов (1902-1985)
«Қос шалқар», «Талпақ танау», «Көк үйдегі көршілер», «Шұғыла», «Адамның анасы», «Ананың арашасы», «Жеңілген Есрафиль» т.б. әңгімелерімен. «Ер ана», «Ана кесімі айнымайды», «Ақлима» новеллаларында соғыс салған тақсіретті көтерген қажырлы аналардың бейнесінің жасалуы. 1956-1977 жылдары жазылған «Өмір жорығы», «Тимка-Димка», «Сөз жоқ, соның іздері», «Қасқырды атқан қайсысы», «Автобиографиялық әңгіме», «Қыран жыры», «Ұлпан стансасы», «Боранды түнде», «Қарлы жаңбыр астында», т.б. әңгімелерінде қызыл империяның тоталитарлық саясатын әшкерелеуі. «Ана жыры», «Өмір жорығы», «Қыран жыры» новеллаларындағы символдық, әлеуметтік-философиялық мағына.
«Қазақ солдаты» романындағы Қайрош Сарталиевтің майдандас серіктері. «Оянған өлке» (1952), «Жат қолында» (1984) дилогиясы. Игілік пен Жұман , Байжан бейнелері.
«Кездеспей кеткен бір бейне» (1967) поэмасындағы Еркебұлан образы. «Ұлпан» романындағы (1981) Ұлпан бейнесінің қазақ әйелінің асыл қасиеттерін бойына жинақтаған типтік тұлғаға айналғаны. Ұлпан образынан өрістейтін адамгершілік сабақтары.
«Қыз Жібек» (1930) музыкалы драмасы.
«Қозы Көрпеш - Баян сұлу» (1939) трагедиясы. Драматург фольклорлық эпосты идеялық шығармашылық екшеуден өткізіп, реалистік әдебиеттің биік үлгісімен қайта жазып шыққаны.
«Амангелді»(1950) тарихи - әлеуметтік драмасы.
«Болашаққа аманат» драмасындағы Сырым Датов бейнесі.
Достарыңызбен бөлісу: |