Программа Форма ф со пгу 18. 2/06


-тақырып. Әбдіжәміл Нұрпейісов



бет3/3
Дата20.06.2016
өлшемі391 Kb.
#149658
түріРабочая программа
1   2   3

20-тақырып. Әбдіжәміл Нұрпейісов.

Алғашқы шығармасы - «Курляндия» романы. Роман өңделіп, «Күткен күн» деген птпен жарияланды.

«Қан мен тер» трилогиясының әдебиет тарихында алатын орны ерекше. Романдағы Тәңірберген, Ақбала, Еламан, Судырақмет, қара қатын бейнелері.

«Соңғы парыз» романындағы Жәдігер, Әзім, Бәкизат бейнелері.


21-тақырып. Жұбан Молдағалиев.

Ақын, публицист, сыншы, қоғам қайраткері. КСРО және Қазақстан мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты. Қазақстанның халық жазушысы.

Ақынның шығармашылық өмірбаяны. Лирикалық өлеңдері. Поэмалары: «Мен қазақаын», «Кісен ашқан», «Қыран дала», «Сел», «Жыр туралы жыр».

Поэмаларға арқау болған өмір шындықтары. Шығармаларының поэтикасы. Көркемдік-бейнелеу құралдары. Образ жасау шеберлігі. Сюжет дамыту, композиция түзу шеберлігі. Стилі. Қаламгер шығармаларындағы ерлік пен елдік тақырыбы. Ақын поэзиясының салалары : азаматтық , саяси-әлеуметтік лирика, философиялық толғау, толғамдар, табиғат, көңіл-күй лирикалары.

Ж.Молдағалиевтің поэзияны тақырыптық, мазмұндық, түрлік, образдық көркемдік келісімімен байытқаны. Реалистік қуат, романтикалық леп, тақырып алуандығы, ақынның өзіндік стилі.

Ж.Молдағалиев – орыс әдебиетінің озық үлгілерін аударғаны, көркем публицистика саласында да жемісті еңбек еткен қаламгер.

Шығармашылық мұрасының зерттелу жайы.
22-тақырып. Ілияс Есенберлин.

Ақын, жазушы, публицист, қоғам қайраткері. Абай атындағы Қазақ ССр мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Жазушының шығармашылық өмірбаяны. Поэзиялық шығармалары: «Сұлтан», «Айша», «Біржан сал трагедиясы» поэмалары. Прозалық шығармалары. Повестері: «Өзен жағасында», «толқиды Есіл». Романдары: «Айқас», «Қатерлі өткел», «Ғашықтар», «Алтын құс», «Көлеңкеңмен қорғай жүр», «Маңғыстау майданы». Олардағы өмір шындықтары, ар-ұждан, адамгершілік мәселелері.

І.Есенберлиннің «Көлеңкеңмен қорғай жүр», «Аманат» романдарында бүгінгі жұмысшылар мен тың игерушілердің өмірі мен күресінің жан-жақты пайымдалатыны. Тың игерудің жақсы жақтармен бірге жерді тоздырған науқаншылдықты, шолақ белсенділікті ашық суреттегені.

Тарихи романдары: «Алтын орда, «Көшпенділер»трилогиясы.

І.Есенберлин прозасының әлем тілдеріне аударылуы. Шығармаларының тақырыптары және зерттелу жайы.


23-тақырып. Тахауи Ахтанов.

Ақын, жазушы, драматург, аудармашы, қоғам қайраткері. Мемлекеттік сыйлық лауреаты. Қазақстанның халық жазушысы.

Жазушының шығармашылық өмірбаяны. Алғашқы өлеңдері. Алғашқы әңгімесі («Күй аңызы»). «Қаһарлы күндер» романы : тақырыбы, сюжеттік желісі, характер және жағдай, ерлік пен елдік мәселері, образдар жүйесі. «Дала сыры» повесі, «Боран» романы. Олардың тақырыбы, проблематикасы. Жазушының сюжет дамыту, композиция түзу шеберлігі. «Шырағың сөнбесін» романы: тақырыбы, проблематикасы. Жазушының образ жасау шеберлігі.Повестері: «Махаббат мұңы», «Дала сыры».

Лирикалық проза үлгісіндегі «Махаббат мұңы» повесі. «Шырағың сөнбесін» романы – соғыс тақырыбын өзгеше философияға орай бейнелейтін талантты туынды. Қаламгер реализмі мен психологизмі реңкі өзге, таза.

Драмалық шығармалары: «Сәуле», «Боран», «Ант», «Махаббат мұңы». Публицистикалары мен сапарнамалары.

Аударма саласындағы А.Пушкиннің «Алтын әтеш туралы ертегісін», А.Толстойдың «Азапты сапарда» трилогиясын, С.Бабаевскийдің «Алтын жұлдызды жігіт» романын, И.Тургеневтің, А.Горькийдің әңгімелерін қазақ оқырмандарына жеткізуі.

Шығармашылығының зерттелу жайы.

24-тақырып. Қадыр Мырзалиев.

Ақын, драматург, әдебиет сыншысы, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақстан Ленин сыйлығының, Абай атындағы мемелекеттік сыйлықтың лауреаты. Халық жазушысы.

Өскен ортасы, білім алған мектептері. Еңбек жолы, қоғамдық қызметі. «Көктем», «Жаңғалақтар», «Кішкене Қожанасырлар», «Ноян-Қоян», «Алуан-палуан», «Күміс қоңырау» жинақтары.

Қазақ поэзиясына әлем әдебиетінің озық үлгілерін дарыта отырып, бұрынна қазақ қанына сіңісті философиялық –дидактикалық дәстүрді жаңғырта дамыта еңбек еткені. Өзіндік өрнегі, стилі. «Аққу», «Махаббат жырларынан», «Домбыра», «Жерұйық», «Қорамсақ», «Көкпар», «Қызыл кітап», «Көш», «Мәңгі майдан», «Қылыш пен қанжар» т.б. жинақтарының тақырыптары мен идеялары. Циклді өлеңдеріндегі ақынның өмір құбылыстары жөніндегі жан-жақты толғамдары.

Лирикасының ойлы, сыршыл, образды бояуы, ғибраты.

Қазіргі әдеби процестің көкейкесті проблемалары мен балалар әдебиеті туралы «Сөз сиқыры» атты сын мақалалар жинағы.

Ақынның аударма саласындағы еңбектері. Ақын шығармашылығының зерттелу жайы.
25-тақырып. Мұқағали Мақатаев.

Ақын, жазушы, аудармашы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Ақынның шығармашылық өмірбаяны. Ақынның лирикасы. Табиғат, махаббат, философия лирикалары. Сурет пен суреттілік. Бейне мен бейнелілік.Көркемдік бейнелеу құралдары. Сыр мен сыршылдық. «Соғыстың соңғы көктемі», «Абысындар», «Әке аманаты», «Ұлыма», «Қызымыа», «Майгүлге», «Біздің үйге көктем келді», «Әбділдаға», «Бауыржан Момышұлына», «Тоқта балам, атаң келед ,артыңда», «Қариялар азайып бара жатыр», «Қайран Қарасазым-ай», «Үш бақытым», «Оралыңдар», «Толғау», «Халқым барда», «Ей, өмір», «Махаббат диалогы», «Әйелдер-ай», «Махаббат моласы», «Иек артқан теңізге мүйістейін», «Алдынан терезеңнің жүріп өттім», «Мен сені сағынғанда» т.б. шығармалары.

«Аппоссионата», «Мавр», «Ильич», «Большевиктер», «Чили, шуағым менің», «Алтай, Атырау», «Бала шақтан болашаққа», «Жанары неткен тұңғиық», «Атамекен» поэмалары. Ақын шығармаларындағы өмір мен өлім, жарық пен қараңғы, бақи мен жалған туралы ойлардың көріністері. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы шеберлігі.

«Қарлығашым, келдің бе?», «Дариға-жүрек», «Аққулар ұйықтағанда», «Моцарт. Жан азасы», «Жанары неткен тұңғиық», «Атамекен», «Өмір өзен», «Бәсіре», «Соғады жүрек», «Шолпан», «Қош, махаббат», «Аманат» жинақтары.

Прозасы. «Қош, махаббат» атты повестер мен әңгімелер жинағы, «Махаббаттан парасатқа» атты күнделіктер жинағы.

Аудармалары. У.Уитменнің «Шөп жапырақтарын», В.Шекспирдің «Сонеттерін», Дантенің «Құдіретті комедиясын» қазақ тіліне аударуы.

М.Мақатаев шығармаларының зерттелу жайы.


3.2 Тєжірибешілік сабаќтардыњ мазм±ны


ТӘЖІРИБЕШІЛІК САБАҚТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ



Тақырып

Мазмұны



1

2

3

1.

Әбділда Тәжібаев

Ә.Тәжібаевтың лирикалық шығармалары. Поэмалары. Естеліктері. Драмалық шығармалары.

Поэзиясындағы метафоралар.



2.

Ілияс Есенберлин

«Көшпенділер» трилогиясы. «Алтын Орда» трилогиясы. Жазушының образ сомдау, сюжет дамыту ерекшеліктері. Романдарындағы адагершілік мәселелері.

. 3.

Хамит Ерғалиев


Поэзиясындағы замана бейнесі. Монологтар. Поэмалары. Хамит поэтикасындағы күрделі теңеулер.

4.

Жұбан Молдағалиев

Өлеңдерінің ерекшелігі. Поэмалары. Поэзиясындағы сюжет. Поэзиясының көркемдігі. Ерлік тақырыбы.

5.

Сырбай Мәуленов

Лирикасы. Шығармаларының жанрлық құрамы, ерекшелігі. Поэмасындағы соғыс тақырыбы. Поэзиясындағы соғыстан қайтқан солдаттар бейнесі.

6.

Тахауи Ахтанов

Прозасының ерекшелігі. «Қаһарлы күндер» романындағы солдат бейнесі. Романдарындағы характер. «Боран» романындағы көркемдік ізденістер.

7.

Бердібек Соқпақбаев

Романдарындағы сюжет. Баяндау мен диалог. «Менің атым Қожа» және балалар әдебиеті. Оның прозасындағы соғыстан кейінгі өмір шынндығы.

8.

Әбдіжәміл Нұрпейісов

Нұрпейісов және роман жанры. «Қан мен тер» трилогиясы. «Соңғы парыз» романындағы психологизм. Романдарындағы баяндау.

.9.

Зейнолла Қабдолов

Прозасының көркемдігі, стилі.

10.

Мұқағали Мақатаев

Мұқағали поэзиясындағы психологизм.

11

Сағи Жиенбаев

Жиенбаев поэзиясындағы теңеулер.

12

Жұмекен Нәжімеденов

Жұмекен поэзиясындағы философия.

13

Оралхан Бөкей

О.Бөкей прозасының стилі.


3.4 С¤Ж мазм±ны




СӨЖ түрі

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Сағат көлемі

ҚТӘ-31


Сағат көлемі

ҚТӘ-31 (қ)



1

Дәріс сабақтарын өңдеу




Сабаққа қатысу

45 (1х45)

З8 (1х38)

2

Үй тапсырмасын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

19 (0,5х38)

29 (1х29)

3

Қосымша материалдарға дайындық

Конспект

Коллоквиум

20

20

4

Семестрлік тапсырманы орындау

Реферат

Семестрлік тапсырманы қорғау

9

22

5

Бақылау шараларына дайындық




РК1, РК2

4

4




Барлығы







97

113






С¤Ж т‰рі

Есеп беру формасы

Баќылау т‰рі

Саѓат кµлемі СҚТӘ-11(қ)

1

Дєріс сабаќтарын өңдеу




Сабаќќа ќатысу

12 (1х12)

2

‡й тапсырмасын орындау

Ж±мыс дєптері

Сабаќќа ќатысу

12 (1х12)

3

Бақылау жұмысын орындау

Бақылау жұмысы




45

4

Курстық жұмысты орындау

Кт

Коллоквиум

50

5

Семестрлік тапсырманы орындау

Реферат

Семестрлік тапсырманы ќорѓау

30

5

Баќылау шараларына дайындыќ




РК 1, РК 2

7

Барлыѓы

156


Студенттерге µздігінен оќуѓа берілетін таќырыптар

1.Ә.Тәжібаев поэзиясындағы метафоралар.

¦сынылатын єдебиет: [9], 234-240 бет.

2 І.Есенберлиннің образ сомдау, сюжет дамыту ерекшелігі.

¦сынылатын єдебиет: [4], 496-525 беттер; [7], 1-35 беттер.

3 Х.Ерғалиев поэзиясындағы монологтар.

¦сынылатын єдебиет: [10], 149-155 беттер; [3], 102-103 беттер ,[11], 144-156 беттер

4. Ж.Молдағалиев поэзиясының көркемдігі.

¦сынылатын єдебиет: [9], 240-246 бет.

5. С.Мәуленов лирикасы.

¦сынылатын єдебиет: [9], 246-250 бет, [3], 186-187 беттер, [15] 45-75 беттер.

6. Т.Ахтанов «Шырағың сөнбесін» романындағы психологизм.

¦сынылатын єдебиет: [3], 116-118 бет, [12], 1-55 беттер,.

7. Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» романының көркемдігіне картотека жасау.

¦сынылатын єдебиет: [8], 5-36 бет, [10], 161-167 беттер, [11] 156-176 беттер,[12]

8. Мұқағалидің «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді жаттау

¦сынылатын єдебиет: [9], 1-20 бет, [6], 25-39 беттер, [14] 49-100 беттер.

9. Жұмекен өлеңдерінің көркемдігі.

¦сынылатын єдебиет: [3], 191-192 бет, [16], 1-53 беттер,

10. С.Жиенбаев өлеңдерінің көркемдігі.

¦сынылатын єдебиет: [14], 25-89 бет, [3], 190-191 беттер, [9] 29-78 беттер.

11. О.Бөкей прозасының тіліне картотека жасау.

¦сынылатын єдебиет: [12], 25-89 бет, [3], 25-69 беттер.

Бақылау жұмыстарының тақырыптары


  1. С.Сейфуллин – лирик ақын.

  2. Б.Майлиннің ауылды колхоздастыру туралы әңгімелері.

  3. Б.Майлиннің әлеуметтік тақырыптағы пьесалары.

  4. І.Жансүгіровтің азаматтық лирикасы.

  5. І.Жансүгіровтің драмалық шығармалары.

  6. Ж.Жабаевтың Айтыстағы шеберлігі.

  7. И.Байзақовтың махаббат және әйел теңдігіне арналған поэмалары.

  8. М.Жұмабаевтың лирикасы.

  9. Ж.Аймауытовтың драмалық шығармалары.

  10. М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы.

  11. М.Әуезовтің драмалық шығармалары.

  12. Ғ.Мұстафиннің «Дауылдан кейін», «Көз көрген» романдары.

  13. Қ.Аманжоловтың майдан лирикасы мен поэмалары.

  14. Ә.Тәжібаевтың поэмалары.

  15. Т.Ахтановтың повестері мен романдар.



Курстық жұмыстардың тақырыптары.


  1. С.Сейфуллиннің драматургиясы.

  2. Б.Майлин поэмаларындағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.

  3. І.Жансүгіровтің «Жолдастар» романындағы шаруалар, жұмысшылар образы.

  4. Мағжан дастандарындағы аңыз бен ақиқаттың арақатынасы.

  5. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы әйел тағдырына орыс пен қазақ адамдарының әсері.

  6. М.Әуезов әңгімелеріндегі портрет пен пейзаж.

  7. С.Мұқановтың «Өмір мектебі» трилогиясындағы уақыт пен кеңістік.

  8. Ғ.Мүсіреповтың символдық әңгімелері.

  9. Ж.Саин поэзиясындағы партизандық күрес тақырыбы.

  10. Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романындағы адамдар тағдыры мен Арал тағдыры.

  11. І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясындағы тарихи шындық пен көркем шындықтың арақатынасы.

  12. Қ.Мырзалиевтің философиялық лирикасы.

  13. М.Мақатаев поэзиясындағы табиғат пен адам.



Выписка из рабочего Форма

учебного плана Ф СО ПГУ 7.18.1/10

специальности(ей)




050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының оќу ж±мыс жоспарынан кµшірме
Пәннің атауы Қазіргі қазақ әдебиеті


Оқу түрі

Бақылау формасы

Студент жұмысының көлемі

Сағаттың курс және семестр бойынша бөлінуі

Емт.

сынақ

К.ж

К.жұм.

ЕГЖ

бақ.жұм

Барлығы

Дәріс

Тәжірибе

ОС¤Ж

СӨЖ

Дәріс

Тәжірибе

ОС¤Ж

СӨЖ

жалпы

Аудитор.

СӨЖ

Күндізгі

ЖОБ негізінде



6
















180

83

97

5-семестр

6-семестр













45

38




97

Күндізгі

КОБ


негізінде

6
















180

67

113

5-семестр

6-семестр

10

5




57

28

24




56

























Сырттай КОБ негізінде

3







4




3

180

24

156

2-семестр

3-семестр

6

6

8

70

6

6

8

70


Қолданылатын єдебиеттер

Негізгі:

  1. Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті. Оқу құралы.- Алматы: Қазақ университеті, 2002.

  2. Қазақ әдебиетінің тарихы . 3-том, екінші кітап. – Алматы: Ғылым,1957.

  3. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. Оқу құралы.- Алматы: Білім, 1998.

  4. Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. – Астана: Күлтегін,2002.

  5. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. Оқулық.- Алматы: Санат,1997.

Ќосымша єдебиеттер:

  1. Алпысбаев Қ. Мұқағали өрнегі.- Алматы:Қазақ университеті, 2001.

  2. Дәдебаев Ж. Қазақтың тарихи романы: Дәстүр мен жаңашылдық. Алматы,1988.

  3. Елеукенов Ш. Замандас парасаты.- Алматы: Жазушы, 1977.

  4. Жүсіп Қ. Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік. Монография. – Павлодар: Эко, 2000.

  5. Қабдолов З. Жебе. – Алматы: Жазушы,1977.

  6. Қабдолов З. Көзқарас. – Алматы: Рауан,1996.

  7. Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау.- Алматы: Санат,1996.

  8. Мәмбетов Ж. Жұбан Молдағалиевтің ақындық шеберлігі.- Алматы: Қазақ университеті,2002.

  9. Серікқалиев З. Алтын жамбы.- Алматы:Жазушы,2001.

  10. Шәріпов Ә.Сырбай Мәуленов творчествосы.- Алматы:Ғылым,1985.

  11. Юсупов Қ. Жұмекен Нәжімеденов ақындығы.- Алматы:Ғылым,1995.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет