Программа Форма ф со пгу


тақырып. Қазақ хандығы тұсындағы тәрбие және педагогикалық ой (XV-XVIIIғғ.)



бет5/7
Дата13.06.2023
өлшемі181 Kb.
#474995
түріРабочая программа
1   2   3   4   5   6   7
7 тақырып. Қазақ хандығы тұсындағы тәрбие және педагогикалық ой (XV-XVIIIғғ.)
Қазақ қоғамындағы тәрбие идеалдары, оның мазмұны және құралдары. Ақын, жыраулардың педагогикалық идеялары (Асан Қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз). М.Х.Дулати, К.Қосымұлы еңбектеріндегі тәрбие және оқыту мәселелері.
Қазақ хандығы дәуіріндегі тәлім-тәрбиелік идеялардың педагогикалық ойдың дамуына тигізген ықпалы.
IV бөлім. Еуропа, АҚШ, Ресей және Қазақстандағы мектеп пен педагогика (ХХғ. басына дейін)
8 тақырып. АҚШ және Батыс Еуропа елдеріндегі мектеп және педагогика.
Мектептік білім берудің дамуы. Жаңа типті мектептердің пайда болуы (Германиядағы гимназиялар, Франциядағы колледждер, Англиядағы грамматикалық мектептер және т.б.). К.А.Гельвеций мен Д.Дидро, Ж.Ж.Руссо еңбектеріндегі тәрбие мәселелері. Француз революция кезіндегі халықтық білім беру ісін реформалау жобалары. Педагог-филантропистердің идеялары және практикалық қызметі (И.Б.Базедов, Х.Зальцман). И.Г.Песталоцци, И.Ф.Гербарт, Ф.В.Дистервег және т.б. педагогикалық идеялары. АҚШ-тағы мектеп және педагогикалық ой. ХІХ ғасырдың соңындағы мектеп және педагогика. Мектептік білім беруге сыни көзқарас. Реформаторлық педагогика.
9 тақырып. Ресейдегі мектеп және педагогикалық ой.
XVIII ғасырдағы мектеп және педагогикалық ой. Мектептердің түрлері. Ғылым Академиясы, гимназиялар және университеттер. М.В.Ломоносов және Ресейдегі ағарту ісінің дамуы. ХІХ ғасырдағы білім берудің дамуы. 30-40 жылдардағы жалпы және кәсіптік білім беру. Университеттер жанындағы педагогикалық институттар. 60-шы жылдардағы мектеп реформалары. Бастауыш гимназия мектебі. К.Д.Ушинскийдің педагогикалық жүйесі. ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басындағы Ресейдегі педагогикалық ой дамуының негізгі бағыттары.
10 тақырып. XVIII ғ. – ХХ ғ. бас кезіндегі Қазақстандағы педагогикалық ой және мектеп.
Педагогикалық ойдыңдамуы (Ақтамберді, Бұхар жырау, Шал ақын). Ресейдің орыс емес халықтарға білім беру реформасының жобасы (1768). Түрлі типтегі оқу орындарының ашылуы (Омск аудармашылар мектебі 1788ж., Шекаралық комисия жанындағы Орынбор мектебі 1850ж.,) және т.б. М.Өтемісұлы, Д.Бабатайұлы және т.б. педагогикалық көзқарастары.
ХІХ ғ. екінші жартысында Қазақстандағы мектеп және педагогикалық ой. Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев еңбектеріндегі тәрбие және оқыту идеялары. Мектеп пен педагогиканың дамуына Ы.Алтынсариннің қосқан үлесі.
Қазақстандағы ХХ ғ. бас кезіндегі қоғамдық-педагогикалық қозғалыс. Жаңа әдісті мектептер мен медреселердің бағдарламалары және жұмыс нәтижелері. Баспасөз берінде білім беру мәселелерінің көтерілуі. М.Ж.Көпеев, Ш.Құдайбердиев, М.Сералин, С.Торайғыров және т.б. педагогикалық көзқарастары.
V бөлім. ХХ ғасырдағы мектеп және педагогика.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет