Программа ішіндегі нұсқаулар тобы



бет2/4
Дата24.10.2023
өлшемі94.81 Kb.
#481599
түріПрограмма
1   2   3   4
функциялар

Топтық жұмысты жеңілдету. Функциялар сонымен қатар программисттерге командаларда жұмыс істеуді жеңілдетеді. Программа әрқайсысы жеке тапсырманы орындайтын функциялар жиынтығы ретінде жасалынған кезде, бұл жағдайда әртүрлі программисттерге әртүрлі функцияларды жазу тапсырылуы мүмкін.

Функцияны анықтау және шақыру

Функция атауында жеткілікті сипаттама болуы керек, сондықтан сіздің кодты оқитын кез-келген адам функцияның не істейтінін нақты болжай алады. Си-да айнымалыларды атау кезіндегі сақталған ережелер функцияда да сақталуы керек:

  • функция атауында бос орындар болмайды;
  • бірінші таңба а-дан z-ге дейін, A-дан Z-ге дейін әріптердің бірі немесе астын сызу(_) символы болуы керек;
  • бірінші таңбадан кейін a-дан z-ге дейін немесе A-дан Z-ге дейін әріптерді қолдануға болады, 0-ден 9-ға дейінгі сандар немесе астын сызу таңбалары;
  • жоғарғы және төменгі әріптердегі таңбалар әр түрлі мағына береді.

С++ тіліндегі функция


Си-дегі кез-келген программа - бұл айнымалылар сипаттамасы мен функциялар жиынтығы.
Програмада кем дегенде, бір функция болады және программадағы бір функцияның аты main болуы тиіс. Программаның орындалуы осы main функциясынан басталады. Main функциясының орындалуы барысында басқа функциялар шақырылады
Функциялар арасындағы байланыс мән қайтаратын аргументтер мен сыртқы айнымалылар арқылы орнатылады. Return инструкциясы нәтижені шақыратын функциядан шақырған функцияға қайтару механизмін орындайды және return сөзінен кейін кез келген өрнек тұруы мүмкін.
return <өрнек>;
Өрнекті жақшаға да жазуға болады, бірақ ол міндетті емес.
Си-де функцианың барлық аргументі параметрлер ретінде беріледі, яғни шақырылатын функцияға аргументтің өзі емес оның аргументтерінің мәні беріледі. Си-гі кез келген функцияның прототипі болуы тиіс, яғни функция аты, аргументтерінің типі және қайтарылатын нәтиже типі көрсетілген тақырыбы хабарланады. Прототипі программа денесінде немесе бөлек тақырыптар файлында айқындалады. Функция прототипі компиляторға функция туралы информация береді де, сәйкесінше компилятор типтер сай келуін тексереді. Функция әртүрлі типті мән қайтара алады, int,void,float т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет