Программа по специальности «5В050300 психология»


Бизнес және маркетинг саласындағы психолог жұмысының



Pdf көрінісі
бет30/231
Дата10.10.2022
өлшемі2.08 Mb.
#462341
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   231
5В050300-Психология

Бизнес және маркетинг саласындағы психолог жұмысының 
ерекшеліктері. 
Нарықтық экономика ерекшеліктері. Бизнес және маркетинг 
саласындағы психолог қызметінің негізгі бағыттары: персоналмен іскерлік 
қарым-қатынас, тұлғалық өсу, бәсекеге қабілеттілік пен кәсіпкерлік 
мәселелері бойынша жұмыс жасау. Ұйымшыл команда қалыптастыру. 
Серіктестік этикасы. Кеңес беру мен бірлескен іс әрекет тренингтерін өткізу 
және резервтік потенциалдарды ашу. Фирманың имиджі, әрбір қызметкердің 
имидждерін жасаудың психологиялық негіздерін әзірлеу. Қызметкерлердің 
психологиялық қауіпсіздіктері, жайлылық пен әлеуметтік қорғауын 
қамтамасыз ету. Тұтынушылар сұранысы нарығының психологиялық 
аспектілерін зерттеу және маркетингтік операцияларды инфляция, 
жұмыссыздық, тұтынушылар мінез-құлқын ескере отырып әзірлеу. 
Қақтығыстар және психологиялық үйлеспеушілік себептерін талдау және 
олардың алдын-алу. Жаңалықтарды ендіру барысында басқарушылық 
шешімдерге мониторинг жасау. 
Психологтың спорт саласындағы іс-әрекетінің ерекшеліктері. 


31 
Спорт психологының іс-әрекетінің негізгі мақсаттары мен міндеттері: 
Психодиагностика спортшының белгілі бір спорт түріне және стресстік 
жағдайларды жеңудегі тұлғалық және индивидтік ресурстары сәйкестігін 
тексеру және іріктеу. Спорт іс-әрекетінің өнімділігін арттыру және қалпына 
келтіру, релаксация мақсатында әр түрлі құралдарды пайдалана отырып 
түзету және психотерапиялық жұмыс жүргізу. Жаттығу іс-әрекеті барысында 
сүйемелдеу. Жаттықтырушымен ынтымақтастық және спортшы іс-әрекетін 
түзету жұмыстары әдістерін онымен бірлесе әзірлеу. Спортшының 
жаттықтырушысы 
және 
командасымен 
өзара 
қатынасын 
реттеу. 
Спортшының өмірлік қиындықтар мәселелері жөнінде жеке консультация 
беру. Жарысқа әр түрлі кезеңде дайындалудың тиімділігін ынталандыру.
Жарыстар жағдайын психологиялық моделдеу: пәндік-заттық жағдайлар 
және жарыс барысындағы әлеуметтік ортаны үлгілеу (жанкүйерлер әсеріне 
реакция, фобияны, сәтсіздікке ұшырау үрейін жеңу және т. б.). Психологтың 
жеңіске жеткен жағдайдағы мінез-құлқы (қарапайымдылық) және жеңіліске 
ұшырағанда – стрессті жеңу бойынша жұмыс, спортшының өзін-өзі 
құрметтеу және кәсіби әрі тұлғалық өсу үшін жағымды мотивацияны 
ынталандыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   231




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет