Программа по специальности «5В050300 психология»


ДАМУ ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ



Pdf көрінісі
бет55/231
Дата10.10.2022
өлшемі2.08 Mb.
#462341
түріБағдарламасы
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   231
5В050300-Психология

ДАМУ ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ 
 
Психикалық дамудың теориялары 
Бала психологиясы дамуының негізгі бағыттары. Бала психологиясы дамуындағы биогенетикалық 
және социогенетикалық бағыттар, конвергенция теориялары. Бала дамуының психоаналитикалық 
теориялары. Зигмунд Фрейдтің классикалық психоанализі. Анна Фрейд еңбектеріндегі классикалық 
психоанализдің дамуы. Эрик Эриксонның тұлға дамуының эпигенетикалық концепциясы. Жан Пиаженің 
баланың интеллектуалды дамуы туралы ілімі. Л.С.Выготскийдің жоғарғы психикалық функцияларды 
дамыту теориясы. Ассоционизмдегі (Д. Гартли), бихевиоризмдегі (Дж.Уотсон, Э. Торндайк), 
небихевиоризмдегі (К. Халл, Э. Томен, Б. Скиннер) психикалық даму процесі жайлы түсініктер. 
Психикалық дамудың заңдылықтары 


59 
Даму туралы түсінік. Психикалық дамудың жылжымалы күштері және 
қайнар көздері. Дамудың табиғи алғышарттары. Психикалық дамуда 
тәрбиелеу мен оқытудың жетекші рөлі. Сензитивтік кезеңнің және жетекші 
іс-әрекеттің әлеуметтік жағдайының даму түсінігі.
Психологиядағы жас периодизация мәселес. Әр түрлі авторлардың периодизацияларды 
салыстырмалы талдауы. Жас периодизациясы туралы түсінік, әртүрлі бағыттар мен кезеңдер критерилері 
(Д.Б. Эльконин, А.Н. Леонтьев, Л.И. Божович, Д.И. Фельдштейн). Л.С. Выготскийдің жұмыстарындағы 
периодизация мәселесі. Шетелдік периодизация теорияларына сынды талдау (А. Гезелл, С. Холл, К. Бюлер, 
Ш. Бюлер, А. Валлон, Ж. Пиаже, Э. Эриксон). Психикалық дамудағы нақты жастық шектердің болмауы, 
паспорттық және психологиялық жастың сәйкес келмеуі. Периодизация мәселесінің қазіргі күйі, дамудың 
жаңа теориялары, жалпы психикалық дамудың интегралды периодизациясы. 
ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ 
Нәресте психологиясы (туылғаннан бір жасқа дейін) 
Туылу дағдарысы. Туа пайда болған рефлекстер. Шартты 
рефлекстердің 
пайда 
болуы. 
Рецепторлардың, 
эмоциялардың, 
қозғалыстардың дамуы. Сәбидің шартсыз рефлекстері мен атавизм-
рефлекстері. “Жандану” комплексі ерте сәбилік шақтың негізгі жаңа 
құрылымы ретінде. Психика қалыптасуы процестеріндегі депривация 
(қажеттіліктердің 
қанағаттанбауы) 
мәселесі. 
Баланың 
танымдық 
процестерінің дамуына қарым-қатынастың ролі. Сәбилік жастағы сенсорлық 
процестерінің 
қалыптасуының 
негізгі 
заңдылықтары. 
Эмоциялық 
Эмоционалды қарым-қатынас - сәбилік жастағы жетекші фактор. Баланың 
нәрестелік кезеңіндегі психикалық және физикалық дамуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   231




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет