Программа по специальности «5В050300 психология»


Кеңес берудегі экзистенционалды-гуманистикалық дәстүр



Pdf көрінісі
бет102/231
Дата20.09.2022
өлшемі1.92 Mb.
#460974
түріБағдарламасы
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   231
ПСИХОЛОГИЯ бак.

 
Кеңес берудегі экзистенционалды-гуманистикалық дәстүр 
Клиентке бағытталған терапия. К. Рождерс - клиентке бағытталған
терапия негізін қалаушы. Басты ұғымдары: адам табиғатына жағымды
көзқарас, адамдық потенциал, актуализация мен өзіндік актуализацияға
тенденция, МЕН-концепциясы, «идеалды МЕН», ішкі ағзалық бағалау және 
сыртқы бағалау жүйесі, конгруэнттілік, бейконгруэнттік, эмпатиялық түсінік, 
шартсыз қабылдау, құрметтеу, қауіп пен мазасыздану, қорғаныс 
механизмдері (бұрмалау, терістеу), адамның феноменологиялық әлемі, 
тәжірибе, тұлға процесс ретінде, толыққанды тұлға. Негізгі мақсаттар
құндылықтар, техникалар, процедуралар. Терапевтік нұсқаулар: шартсыз 
қабылдау, бағаламаушылық, эмпатия, аутенттілік. Кеңес беру процесінде 


105 
эмпатияның рөлі. Эмпатия қажетті жағдай ретінде. Нәтижесіз кеңес беру 
жүйке нұсқауларын тергеу ретінде. Клиенттік күтім және кеңес берудің 
модельдері. К. Роджерстің эмпатия түсінігі. «МЕН» туралы көрініс. 
Аутенттік. Бағаламаушылық, қабылдау, белсенді тыңдау Клиентке 
бағытталған терапия және педагогика. 
А. Маслоудың өзіндік актуализация түсінігі. Өмірлік құндылықтар. 
Мета-қажеттіліктер және метапатология. Өзіндік актуализацияға апаратын 
мінез-құлық тәсілдері. Психологиялық және тұлғалық қорғаныс. Клиентке 
бағытталған терапияны негізгі дағдыларға үйрету. 
Субъект В. Франкл бойынша рухани бейсананың бөлігі ретінде. Тағдыр 
және еркіндік. Мәндік шындық, «капсулаға салынған» адам, экзистенциалды 
вакуум. Шығармашылық құндылығы, қайғыу құндылығы, қатынас құру 
құндылығы. Франкл бойынша кеңес берудің ерекшеліктері. 
 
Нейролингвистикалық бағдарламалау (НЛБ) 
НЛБ-ның негізгі принциптері. Модальды операторлар, көздің көзғалу 
реакциялары арқылы тебіреніс процесінің диагностикасы. Конгруенттілік. 
Бастан кешіру процесінің өзгеру принциптері. Калибровка. Парафраз. 
Репрезентативті жүйелер. Модалдылықтар. Тиімділік өзара әрекет 
фазаларының бірігуі мен жүруі. Субмодалдылықтар - тәжірибенің 
микроәлементтері. Басты мақсаттар, құндылықтар, процедуралар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   231




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет