3
KKT 2201 - КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ
Көлемі 2 кредит
Авторлары:
Иманқұлова С.М. – филология ғылымдарының кандидаты, доцент
Егізбаева Н.Ж. – филология ғылымдарының кандидаты, доцент
Тоқсанбаева Н.К. – психология
ғылымдарының докторы, профессор
Сейітнұр Ж.С. – психология ғылымдарының кандидаты, доцент м.а.
Пікір жазғандар:
Ахтаева Н.С. – психология ғылымдарының докторы, әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры
Перленбетов М.Ә. – психология ғылымдарының докторы, «Қайнар»
университетінің проректоры
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ
Қазіргі таңда қызмет етудің барлық саласында белгілі бір білімге,
шеберлік пен дағдыға, жеке адами қасиетке ие, өзінің кәсіби қызметін
жоғары деңгейде атқаратын, бәсекеге қабілетті білікті мамандарға сұраныс
артып келеді. Мұндай сұраныс жоғары кәсіби білім мақсатын анықтауға
себепші болды.
Қоғамдағы тілдік жағдай еңбек нарығының нақты сұраныстарына сай
мамандардан тек қазақ тілінде сөйлеу дағдысын
талап етіп қана қоймай,
таңдаған қызмет саласында табысты жұмыс істеп, жеке әлеуметтік
қасиеттерін (азаматтық, мақсатқа талпынушылық, ұйымдастырушылық,
еңбекқорлық, коммуникативтілік,
төзімділік, әлеуметтік бейімделушілік)
қалыптастыру мен дамытуды мақсат етеді. Сондай-ақ алған тілдік білімін
(іскерлік кездесулерде, қызмет барысында, мәжіліс, жиындарда және т.б.)
ұтымды пайдалана алу дағдысын да көздейді.
Бүгінгі студент – болашақ маман өзінің алға қойған мақсатына жетуі
үшін үнемі ізденіп, білімі мен біліктілігін арттырып,
бірнеше тілді жетік
меңгеруге, әсіресе қызметіне қатысты кәсіби қазақ тілін үйренуге
қызығушылығы артады. Бұл өз кезегінде қазіргі студенттің кәсіби қазақ
тіліне деген сұранысының артуына ықпалын тигізіп, тілдік тұлғаның сөздік
қорын, кәсіби лексикасын дамытуға жол ашады
Студенттердің тілдік білімін, сөйлеу мәдениеті
мен тілдік құзіреттілік
деңгейін
жетілдіру
«Кәсіби
қазақ
тілінің»
жалпы
білім
беру
бағдарламасындағы оқу пәні ретінде маңызын арттырады.
Кәсіби қазақ тілі оқу пәні ретінде төмендегідей сипатқа ие:
пәнаралық (қазақ тіліндегі сөйлеу мазмұны түрлі білім
салаларынан: психология, экономика, ақпараттану, химия, физика, биология,
география, математика, және т.б. хабар береді);
4
сан салалы (бір жағынан – сан алуан тілдік құралдарды тілдің
түрлі аспектілерімен: фонетика, лексика,
грамматикамен байланысты
меңгеру, екінші жағынан – сөйлеу әрекетінің төрт түрлі әрекетін (тыңдалым,
оқылым, жазылым, айтылым ) жетілдіру қажеттілігі;
сан алуан қызметтілігі (оқыту мақсатында және түрлі білім
саласынан ақпарат алу құралы ретінде).
Кәсіби қазақ тілін меңгеру студентті шығармашылық ойлауға,
көзқарасын кеңейтуге, өзінің жеке қасиеттерін жан-жақты ашуға, яғни кәсіби
білімін дамытуға әсерін тигізеді
. Студент өзіндік жұмыс орындаудың
дағдысын қалыптастырады, шығармашылық
дербестікке қол жеткізеді, сол
арқылы тілдік түсініктерді, логиканың барлық түрлерін (талдау, синтездеу,
салыстыру, тұжырымдама жасау) жетілдіреді.
Бұл айтылғандардың бәрі
кәсіби білімді жетілдіруге әсерін
тигізетінін, жоғары білікті мамандарды даярлау міндетін шешудің
жолдарын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: