Программалар ортақ тақырып: «Өзім туралы»



бет32/87
Дата05.12.2022
өлшемі0.61 Mb.
#466581
түріПрограмма
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   87
2 кл поурочные

«Отшашу» əдісі.

Денсаулықты сақтау технологиялары. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту жəне сабақ беру туралы не айтасыз? 1:




  1. сабақ. Мультфильм жасау



Бөлімі

3-бөлім. «Сөзбе-сөз (ортақ тақырыптары: «Менің мектебім»,
«Менің туған жерім»)

Педагогтің аты-жөні




Күні




Сыныбы

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Мультфильм жасау

Оқу бағдарламасына сəйкес оқу мақсаты

2.4.2.3 кейіпкерлер арасында мəтіндік диалог ұйымдастыру;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:
Мультфильмнің қалай жасалатынын жəне өзінің қай тақырыпта мультфильм жасағысы келетіні туралы əңгімелейді.
Оқушылардың көбі үшін:
Scratch-те мультфильм жасау жолдарын біледі.
Кейбір оқушылар үшін:
Scratch-те кейіпкерлер арасында мəтіндік диалог ұйымдастыруды үйренеді.

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің іс- əрекеті

Оқушының іс-əрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ)
Ұйымдастыру кезеңі
(1-7 мин.)

Сəлемдесу, оқушыларды түгендеу.
І. Қызығушылықты ояту: «Бұлт үстіндегі саяхат» ойыны
Нұсқау: көздеріңді жауып, ыңғайлы отырыңдар. Екі-үш рет терең дем алыңдар. Мен сендерді бұлт үстімен саяхаттауға шақырмақпын. Томпақ жастықтардан құралған жұмсақ тауға ұқсаған аппақ мамық бұлт үстіне секіріңдер. Аяқтарың, арқаларың, барлық денең осы үлкен бұлт жастыққа ыңғайлы орналасқанын сезініңдер. Саяхат басталады. Бұлт жайлап, көк аспанға көтеріледі. Самал жел беттеріңнен сипайды. Биік аспанда мүлгіген тыныштық орнаған. Бұлт сендерді өздеріңді бақытты сезінетін жерге жеткізеді. Бұл жерде сендер өздеріңді байсалды сезінесіңдер. Осы жерде ғажайып жəне таңқаларлық оқиға орын алуы мүмкін (30 секунд). Енді сендер тағы да бұлт
үстіндесіңдер. Ол сендерді қайтадан сынып ішіне əкеле жатыр. Бұлттан түсіп, оған рақмет айтыңдар... Бұлт ақырындап ауада ыдырай бастайды. Қолдарыңды созып, көздеріңді ашыңдар. Сендер сергек, ширақ əрі зейіндісіңдер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет