Программалау және программа, программалау тілдері. Программалау тілдерінің түрлері. Программаны түзету (отладка), тестілеу



бет8/21
Дата03.01.2022
өлшемі102.98 Kb.
#450573
түріПрограмма
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
прог

Идентификатор (Identifier) - операциялық жүйе немесе программалау тілі элементтеріне атау ретінде қойылатын лексикалық бірлік. Ол берілген бір мәліметке не олардың тобына қойылады, ал өзі латын әріптері мен цифрлардан тұратын, бірақ міндетті түрде әріптен басталатын символдар тізбегінен құралады. Кейбір тілдерде #, &, -, _ тәрізді өзге символдар және ұлттық әріптер пайдаланыла береді.

Идентифатор төмендегі ережеге сай таңдалуы қажет:


1. Олар латын әріптерінің х немесе астын сызу басталуы қажет .
2. Оның ішінде латын әрпі және астын сызу белгілері қолданылуы мүмкін. Бөтен таңбаларды қолдануға болмайды.
3. Си тілінде кіші және үлкен латын әріптері өзгеше деп саналады.
4. Идентификатордың ұзындығы әр программаның жүйесінде әр түрлі . Си ++ те шектеуі жоқ.
5. Объектілердің идентификаторы тілдің, түйінді сөздерінің стандартты функциядан және библиотека аттарынан өзгеше болуы қажет.

  1. Стандартты функциялар. Ішкі программалар. Функция. Енгізу-шығару операторлары. Меншіктеу операторы.

С++ тілінде алдын ала программалары жасалып стандартты модульге жинақталып қойылған, қажет кезінде пайдалануға болатын объектілердің бірі стандартты функциялар болып табылады. Олар жиі кездесетін математикалық және басқа да функцияларды есептеу үшін қолданылады. Стандартты функцияны жазу үшін міндетті түрде функцияның аты және жақшаның ішінде аргументі көрсетілуі қажет. Стандартты функциялар: fabs(x), sіn(x), cos(x), asin(x), acos(x), tan(x), exp(x), log(x), sqrt(x), atan(x), т.с.с. Қосымшада функция тізімдері мен типтері, жазылу жолдары көрсетілген. Функцияны есептеу барысында аргумент пен функция типтерінің əр уақытта сəйкес келе бермейтінін есте сақтаған жөн. С тіліндегі стандартты функцияларды пайдалану үшін тақырыптық файлы (прототипі) қолданылады.

Комментарий – түсініктеме ретінде қолдануға болатын символдар тізбегі. Олар ұлттық алфавиттерді де пайдалана береді. Комментарий басы мен аяғы /* ... */ осындай таңбалармен шектелуі тиіс. Олар бір немесе бірнеше жолдардан да тұра алады. С++ тілінде жол соңында тұратын комментарийлер // симолдарынан кейін орналасады. С жəне С++ тілдерінде құрастырылған есептерді бір компилятор арқылы шығаруға болатындықтан, көбінесе түсінік-темелердің жоғарыдағы екі түрін де пайдалана беруге болады.

/* программа ішіндегі комментарийлер осылай орналасады */

Программалау тілінің белгілі бір іс-əрекетті орындай алатын тиянақты мағынасы бар ең қарапайым сө­йлемі оператор болып табылады. Тіл объектілерін, яғни программада пайдаланылатын мəліметтердің атаулары мен типтерін, олардың алғашқы мəндерін алдын ала тағайындау программаның сипатталуы болып саналады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет