Алгоритмнің компактілігі дегеніміз – оның қысқалығы, инструкцияларының минимальдығының қасиеті. Өте жақсы құрылған алгоритм болып қысқа және есептеу санының минимальды қасиетіне ие алгоритм саналады.
Анықталғандық – алгоритм дәл анықталған болуы керек жөнінде және орындаушыға кез-келген алғышарттар қоюға жол бермейтіндей оны сипаттайтын алгоритмнің қасиеті.
Нәтижелілік – алгоритмнің орындалуы белгілі бір нәтижеге жеткізетін түрі. Алгоритмнің бұл қасиеті қажет нәтижені қадамдардың ақырлы санынан кейін қамтамасыз етеді.
Түсініктілік – бұл орындаушының командалар жүйесін есепке алғандағы алгоритм құрылуының міндеттілігі, яғни алгоритм орындаушыға түсінікті түрде бекітілу қажет.
Алгоритмнің әр әрекетінің орындалу ережесін кез-келген орындаушы бірмәнді түсінуі керек. Бұл бірмәнділік қасиет деп аталады.
Алгоритмдердi графика жолымен жазу, онан кейiн оны программаға айналдыру iстерi мемлекеттiк стандартпен бекiтiлiп ақпарат өңдеу жұмысында кеңiнен қолданылып келедi.
Алгоритмдерді келесі түрлерге бөлуге болады:
Есептеуіш (ДК-де есептеу процестерін беретін);
Сұхбаттық (ДК-мен сұхбат жүргізу алгоритмдері);
Графикалық (ДК дисплейінде графикалық бейнелерді құру алгоритмдері);
Мәліметтерді өңдеу;
Роботтар, станоктарды және т.б. басқару.
Алгоритмдерді жазудың бірнеше әдістері бар, олар бір-бірінен көрнектілігімен, компактілігімен, формализация дәрежесімен және т.б. көрсеткіштерімен ерекшеленеді. Кең тараған әдістер: графикалық, сөздік, алгоритмдік тілдегі және ЭЕМ үшін программалар.
.Алгоритмдер 3 типті болады (есептеу үрдістер типтері): сызықты, тармақталған, циклдық.
|