14-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Менің ойыным
Бөлімі:
|
Ұзақмерзімді жоспар тарауы:
2-бөлім. Ойын құру (ортақ тақырыптар: «Уақыт», «Сәулет»)
|
Педагогтің аты-жөні:
|
Усенова Ш.Б.
|
Күні:
|
|
Сыныбы: 3
|
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Менің ойыным
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
|
3.4.1.1 қайталауды қолданатын алгоритмдер құрастыру (цикл);
3.4.2.3 программалау ойын алаңында бірнеше кейіпкермен жұмыс істеу;
3.4.2.2 программалау ойын алаңында бірнеше көрініспен жұмыс істеу; 3.4.2.4 . программалау ойын алаңында ойын құру барысында циклдік алгоритмді жүзеге асыру.
|
Сабақтың мақсаты:
|
Программалау ойын алаңында цикл, костюм, көріністі пайдаланып, ойын құруды үйренеді.
|
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңі/уақыты
|
Педагогтің ісәрекеті
|
Оқушының ісәрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
(Ұ)
Ұйымдастыру кезеңі:
1-7 мин.
|
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу
І. Қызығушылықты ояту. «Жеміс себеті» ойыны
Топ шеңбер құрып орындықта отырады. Жүргізуші әр қатысушыға жеміс аттарын айтып шығады. Мысалы, алма, алмұрт, лимон, жүзім, апельсин, анар, банан т.с.с. Жүргізуші екі жемістің атын айтқанда, олар орын ауыстыруы керек. Ортадағы адамның міндеті – орын ауыстырушылардың бірінің орнына орналасу. Ол енді екі-үш жемістің атын бірге немесе «жеміс салаты» деп бәрін бірге айтуына болады. /Бұл ойын оқушыларға психологиялық жағымды көңіл күй сыйлайды/.
|
Топтастыру:
|
Топтастыру. «Жеміс-жидек топтамасы» әдісі
Оқушыларға алма мен алмұрт жемісінің суреттері бейнеленген қағаздарды таңдауға тапсырма беріледі. Таңдалған жеміс атауы бойынша екі топға бірігеді.
І топ: Алма
ІІ топ: Алмұрт
Мақсаты: белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан, оқу мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып топтастыру жоспарланды.
Тиімділігі: топтық жұмыста – бір-бірімен ой бөлісіп, пікірлесуге, өз ойын ортаға салуға; жұптық жұмыста – ақылдасып, келісімге келуге, өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге; жеке жұмыста – өзіндік пікір қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлануына мүмкіндік болады.
Саралау: Оқытудың қажеттілігіне қарай топ құруда саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |