Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


КЕҢЕС Түсініктемелер беру үшін  //



Pdf көрінісі
бет10/465
Дата23.05.2022
өлшемі3.66 Mb.
#458577
түріПрограмма
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   465
pavlovskaia-jogargy-dengeili

КЕҢЕС
Түсініктемелер беру үшін 
//
таңбаларын қолданған жөн, ал 
/*...*/
сияқты 
жақшаларды программаны түзету кезінде код блоктарының əсерін уақытша алып тастау 
үшін қолдану ұсынылады. Түсініктемелерді жалпы пайдалану бойынша ұсынылатын 
кеңестерді «Программаны кодтау жəне құжаттау» бөлімінен қараңыз, 109 б. 
C++ тіліндегі мəліметтер типтері
Мəліметтер типтерінің тұжырымдамасы
Кез келген программаның негізгі мақсаты мəліметтерді өңдеу болып та-
былады. Əр типтегі мəліметтер əртүрлі жолмен өңделеді жəне сақталады. Кез 
келген алгоритмдік тілдегі əрбір тұрақтының, айнымалының, өрнектің немесе 
функциялардың есептеу нəтижелері белгілі бір типке сəйкес келуі керек.
Мəліметтер типі бойынша төмендегілер анықталады:
□ мəліметтердің компьютер жадындағы ішкі бейнесі;
□ осы типтегі шамалар қабылдай алатын мəндер жиыны
□ осы типтегі шамаларға қолдануға болатын операциялар мен функциялар;
Осындай сипаттамаларға байланысты программадағы нақты объектілерді 
бейнелеу үшін қолданылатын əрбір шаманың типі алдын ала таңдалады. 
Типті міндетті түрде сипаттау арқылы компилятор программаның əртүрлі 
конструкцияларының жұмыс істеу мүмкіндігін тексере алады. Мəліметтерді 
өңдеу үшін қолданылатын машиналық командалар шамалардың типтеріне 
байланысты жұмыс атқарады. 
C++ тілінің барлық типтері негізгі жəне құрама болып екіге бөлінеді. C++ 
тілінде бүтін, нақты, символдық жəне тіркестік шамаларды бейнелеу үшін 
алты негізгі мəліметтер типі анықталған. Осы типтерді негізге ала отырып
программалаушы құрама типтер сипаттамасын енгізе алады. Оларға жиымдар, 
тізбелер, функциялар, құрылымдар, сілтемелер, нұсқауыштар, біріктірмелер 
жəне кластар жатады.
Мəліметтердің негізгі типтері
Мəліметтердің негізгі (стандартты) типтерін көбінесе арифметикалық 
типтер деп те айтады, өйткені оларды арифметикалық операцияларға 
қолдануға болады. Негізі типтерді сипаттау үшін келесі түйінді сөздер 
анықталған:
□ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   465




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет