Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет115/465
Дата23.05.2022
өлшемі3.66 Mb.
#458577
түріПрограмма
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   465
pavlovskaia-jogargy-dengeili

I кезең. Кез келген программаның құрылуы есептің қойылымынан баста-
лады. Бастапқыда есеп пəндік аймақ терминдерімен сипатталып жазылады, 
бірақ оны кейіннен программалауға жақын терминдерге ауыстыру керек. Про-
граммалаушы пəндік аймақты, ал тапсырыс беруші программалауды түбегейлі 
əрі тиянақты түсінетін жағдайлар сирек кездесетіндіктен (қарапайым мысал, 
бухгалтерлік программа жазу қажет), есептің қойылымы күрделі итерациялық 
процеске айналып кетуі мүмкін. Сонымен қатар, көбінесе есептің қойылымында 
тапсырыс беруші өзінің талаптары мен критерийлерін анық жəне толық 
жеткізе де алмайды. Мысал ретінде, 1973 жылы Лондон университетінің 
есептеу орталығының ақпараттық бюллетенінде жарияланған, программалау 
процесін дəл көрсететіндіктен бірден кең таралып кеткен «Əткеншектер» ка-
рикатурасын келтіруге болады (3.1-сурет).
Есептің қойылымы техникалық тапсырма жазып, содан кейін программаның 
сыртқы спецификациясын құрумен аяқталады. Соңғысының құрамына 
төмендегі элементтер кіреді:
□ бастапқы мəліметтер мен нəтижелер сипаттамасы (типтері, форматта-
ры, дəлдігі, берілу тəсілі, шектеулер)
1
;
□ программа арқылы жүзеге асырылатын есептің сипаттамасы;
□ программаны қолдану тəсілі;
□ мүмкін болатын төтенше (апаттық) жағдайлар мен программаны 
қолданушы қателіктерінің сипаттамасы.
1
Мұндағы типтер мен форматтар программалау тілінің типтерін білдірмейді.


119
Осылайша, программа функция мен кіріс жəне нəтижелік (шығыс) 
мəліметтер анықталған «қара жəшік» ретінде қарастырылады.
II кезең. Ішкі мəліметтер құрылымдарын қалыптастыру. Көптеген 
алгоритмдер мəліметтердің қалай ұйымдастырылғанына тəуелді болады, 
сондықтан программаны жобалауды алгоритмнен емес, шығыс, кіріс жəне 
аралық мəліметтерді бейнелейтін қажетті құрылымдарды қалыптастырудан 
бастау керектігі белгілі. Мұндайда көптеген факторлар, мысалы, мəліметтер 
көлемдеріне қойылатын шектеулер, қажетті дəлдігі, программаның 
жылдамдығына қойылатын талаптар назарға алынады. Мəліметтер 
құрылымдары статикалық немесе динамикалық түрде болуы мүмкін 
(динамикалық құрылымдар келесі бөлімде қарастырылады).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   465




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет