Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет147/465
Дата23.05.2022
өлшемі3.66 Mb.
#458577
түріПрограмма
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   465
pavlovskaia-jogargy-dengeili

Қарапайым функциялар
Осы тақырыпқа байланысты лабораториялық жұмыстарды іске асыратын 
программалар практикумның [11] 132 б. берілген.
«Екiөлшемдi жиымдар» бөлiмінде берілген жаттығуларды тапсырманың 
əрбір пунктін функция түрiнде ұйымдастыру арқылы орындаңыз. 
Функцияларға қажетті барлық мəлiметтер оларға параметрлер ретiнде берілуі 
тиіс. Функцияларда ауқымды айнымалыларды қолдануға тыйым салынады.
Функциялар жəне файлдар
1-нұсқа
Түрлi түстi планшеттi сканерлер туралы мəлiметтердi сақтау үшiн келесідей 
құрылымды сипаттаңыз:
struct scan_info{
char model[25]; // модельдiң атауы
int price; // бағасы
double x_size; // сканерлеу аймағының көлденең өлшемi
double y_size; // сканерлеу аймағының тiк өлшемi
int optr; // оптикалық шешу мүмкіндігі 
int grey; // сұр түстің градациялар саны 
};
Берілген құрылымнан сканер туралы мəліметтерді бинарлық файлға жа-
затын функция құру керек. Файлдың құрылымы: алғашқы екi байтта файлға 
енгізілген жазбалар санын анықтайтын 
int 
типті мəн орналасады; одан кейін 
сканерлер туралы жазбалар бос орын қалдырмастан жазылады.
Осы файлдан сканер туралы мəліметтерді 
scan_info
типті құрылымға 
көшіретін функция жазыңыз. Қажетті жазбаның нөмірі міндетті параметр бо-
лып табылады. Егер файлдан оқу сəтті орындалса, функция нөлдік мəн, кері 
жағдайда -1 мəнін қайтаруы тиіс. 
Сканерлер туралы 6-8 жазбадан тұратын мəліметтер (мəліметтер 
пернетақтадан енгізіледі) сақталған файл құратын жəне сұратылған жазба ту-
ралы мəліметтерді дисплейге шығаратын программа мысалын келтіріңдер. 
Функциялар үшiн барлық қажетті мəлiметтер оларға параметрлер түрiнде 
беріледі. Функцияларда ауқымды айнымалыларды пайдалануға болмайды.
2-нұсқа
Планшеттi сканерлер туралы мəлiметтерді сақтау үшiн 1-нұсқада 
көрсетілгендей құрылымды сипаттаңыз.
Берілген құрылымнан сканер туралы мəліметтерді бинарлық файлға жа-
затын функция құру керек. Файлдың құрылымы: алғашқы екi байтта файлға 
енгізілген жазбалар санын анықтайтын 
int 
типті мəн орналасады; одан кейін 
сканерлер туралы жазбалар бос орын қалдырмастан жазылады.


165
Жоғарыдағы бинарлы файлдағы жазбаларды келесі сипаттамалардың бірі 
– бағасы немесе сұр түстің градациялар саны бойынша сұрыптайтын функция 
құрыңыз. Сұрыптау критериін бекітетін көрсеткіш міндетті параметр болып 
табылады. 
Сканерлер туралы мəліметтер (мəліметтер пернетақтадан енгізіледі) 
сақталған сегізден кем болмайтын жазбадан тұратын файл құратын жəне оның 
сұрыпталуын жүзеге асыратын программаға мысал келтіріңдер. 
Функциялар үшiн барлық қажетті мəлiметтер оларға параметрлер ретiнде 
берілуі тиіс. Функцияларда ауқымды айнымалыларды пайдалануға тыйым са-
лынады.
3-нұсқа
Планшеттi сканерлер туралы мəлiметтерді сақтау үшiн 1-нұсқада 
көрсетілгендей құрылымды сипаттаңыз.
Берілген құрылымнан сканер туралы мəліметтерді бинарлық файлға жа-
затын функция құрыңыз. Файлдың құрылымы: алғашқы төрт байтта файлға 
енгізілген жазбалар санын анықтайтын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   465




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет