private
көріну аймағына кіреді.
Берілген класта əдістердің үш анықтамасы жəне бір жариялануы (
draw
əдісі) берілген. Егер əдіс тұлғасы (денесі) класс ішінде анықталған болса, онда
ол құрамдас
(inline
) болып табылады. Көбінесе қысқа əдістерді құрамдас
əдістер ретінде жасайды. Егер класс ішінде тек қана əдістің жариялануы
(тақырыбы) берілген болса, əдістің өзі программының басқа жерінде көріну
аймағына қол жетімділік операциясы (
::
) арқылы анықталуы керек:
void monstr::draw(int x, int у, int scale, int position){
/* əдіс тұлғасы */
}
Əдісті
inline
(қарапайым функциялардағы сияқты ол ұсыныс сипатын-
да болады) директивасының көмегімен кластан тыс та құрамдас əдіс ретінде
анықтауға болады.
inline int monstr::get_ammo(){
return ammo;
}
Əрбір класс құрамында атауы класс атауымен бірдей болып келетін кем
дегенде бір əдіс болады. Ол конструктор деп аталады жəне класс объектісін
құру кезінде автоматты түрде шақырылады. Конструктор объектіні инициал-
дау үшін қажет. Конструкторды автоматты түрде шақыру инициалданбаған ай-
нымалыларды пайдалануға байланысты туындайтын қателердің алдын алуға
мүмкіндік береді. Конструкторлар туралы толығырақ мəлімет «Конструктор-
лар» бөлімінде, 196 б. қарастырылады.
struct
жəне
union
сияқты мəліметтер типтері кластың түрлері болып табы-
лады, олардың арасындағы айырмашылық кейінірек, 226-227 б. түсіндіріледі.
Класты сипаттаудың басқа бір мысалы, сонымен қатар жергілікті класс мыса-
лы «Кластардың шаблондарын құру» бөлімінде, 228 б. қарастырылады.
Объектілерді сипаттау
«Класс» типті нақты көрсетілген айнымалылар класс даналары (экзем-
плярлары) немесе объектілер деп аталады. Объектілердің өмірлік кезеңдері
мен көріну мүмкіндігі олардың түрлеріне жəне сипатталу орнына байланысты
болады жəне C++ тілінің жалпы ережелеріне бағынады:
Достарыңызбен бөлісу: |