27
Операция
Қысқаша сипаттамасы
*=
көбейтіп барып меншіктеу
/=
бөліп барып меншіктеу
%=
бөлгендегі қалдықты
тауып барып меншіктеу
+=
қосып барып меншіктеу
-=
азайтып барып меншіктеу
<<=
солға
ығыстырып алып меншіктеу
>>=
оңға ығыстырып алып меншіктеу
&=
меншіктеуі бар разрядтары бойынша ЖƏНЕ
|=
меншіктеуі бар разрядтары бойынша НЕМЕСЕ
^=
меншіктеуі бар разрядтар бойынша аластайтын НЕМЕСЕ
.
тізбектей отырып есептеу
1-ге арттыру жəне кеміту операциялары (
++
жəне
--
). Инкремент
жəне декремент деп те аталатын бұл операциялардың екі түрлі
жазылу фор-
масы бар –
префикстік нұсқада операция операнд алдында жазылады жəне
постфикстік нұсқада – операциядан кейін көрсетіледі. Префикстік формада
алдымен операнд өзгереді, содан кейін оның мəні өрнекті есептеуге қатысады,
ал постфикстік формада өрнекті есептеуге операндтың бастапқы мəні
алына-
ды да, содан соң операнд өзгертіліп, өрнектің нəтижелік мəні есептеледі.
#include
int main(){
int x = 3, у = 3;
printf ("Префикстiк өрнектiң мəнi: %d\n", ++x);
printf ("Постфикстік өрнектiң мəнi: %d\n", y++);
printf ("Қосудан кейiнгі x мəнi: %d\n", x);
printf ("Қосудан кейiнгі у мəнi: %d\n", у);
return 0;
}
Программаның орындалу нəтижесі:
Префикстiк өрнектiң мəнi: 4
Постфикстік өрнектiң мəнi: 3
Қосудан кейiнгі х мəнi: 4
Қосудан кейiнгі у мəнi: 4
Жалпы инкремент операциясының операнды
L-мəн (
L-value) деп ата-
лады. Мəн енгізуге болатын белгілі бір жады
бөлігін адрестейтін кез кел-
ген өрнек осылай белгіленеді. Бұл атау меншіктеу операциясынан шыққан,
себебі операцияның нəтижесі жадының қай аймағына енгізілетінін оның
сол жақ бөлігі (Left) анықтайды. Айнымалы L-мəннің дербес бір түрі
болып табылады.
28
Объектінің немесе типтің пайдаланатын жады көлемін анықтайтын
Достарыңызбен бөлісу: