283
10-ТАРАУ
Ағымдық кластар
Ағым – бұл мəліметтердің шыққан жерінен қабылдаушысына кез кел-
ген түрде тасымалдануына байланысты айтылатын абстрактылы ұғым. С++
ағымдары, С стиліндегі енгізу/шығару функцияларымен салыстырғанда, тек
стандартты ғана емес, қолданушылар анықтаған мəліметтер типтерімен де
сенімді
жұмыс істеуді қамтамасыз етеді, сонымен қатар оның синтаксисі де
біртекті жəне түсінікті болып табылады.
Ағымнан мəліметтерді оқу оны ағымнан
шығарып алу деп, ал ағымға
мəлімет жазу оны
орналастыру немесе
кірістіру деп аталады.
Ағым байттар
тізбегі ретінде анықталады жəне ол алмасу жүргізілетін нақты құрылғыдан
(жедел жады, дискідегі файл, пернетақта немесе принтер) тəуелсіз түрде орын-
далады. Көбінесе ақпараттардың тасымалдау жылдамдығын арттыру үшін
ағыммен мəлімет алмасу жедел жадының арнайы аймағы болып табылатын
буфер арқылы жүзеге асырылады. Мəліметтерді нақты түрде тасымалдау
кезінде, ақпараттармен буферді толтырғаннан кейін – шығару əрекеті, ал
буфердегі мəлімет біртіндеп таусылғанша – енгізу əрекеті жүзеге асырылады.
Ақпарат алмасу бағыты
бойынша ағымды
кіріс (мəліметтер компьютер жа-
дына енгізіледі),
шығыс (мəліметтер компьютер жадынан шығарылады) жəне
екібағыттағы (мəліметтерді енгізуге де, шығаруға да болады)
ағымдар деп
бөлуге болады.
Ағым жұмыс істейтін құрылғылар түрлері бойынша оларды
стандартты,
файлдық жəне
тіркестік ағымдар деп бөлуге болады.
Стандартты ағымдар мəліметтерді пернетақтадан дисплей экраны-
на
жіберуге, ал
файлдық ағымдар сыртқы мəлімет жинақтауыштар
дағы
(мысалы, магниттік дискідегі) файлдармен ақпарат алмасуға, ал
тіркес-
тік ағымдар компьютер жедел жадында символдар жиымымен жұмыс
жасауға арналған.
Ағымдарды сүйемелдеу үшін С++
кітапханасының құрамында
1ist>
Достарыңызбен бөлісу: