ifstream
— кіріс файлдық ағымдар класы;
ofstream
— шығыс файлдық ағымдар класы;
fstream
— екібағытты файлдық ағымдар класы.
Бұл кластар сəйкесінше
istream
,
ostream
жəне
iostream
кластарынан
шыққан туынды кластар болып табылады, сондықтан олар асыра жүктелген
<<
жəне
>
операцияларын, форматтау жалаушаларын, манипуляторларды,
əдістерді, ағымдар қалып-күйлерін жəне т.б. мұралайды.
Программада файлдарды қолдану кезінде төмендегі операциялар қажет
етіледі:
□ ағымды
құру;
□ ағымды ашу жəне оны файлмен байланыстыру;
□ мəлімет алмасу (енгізу/шығару);
□ файлды
жабу.
Файлдық ағымдардың əрбір класында конструкторлар бар, солардың
көмегімен осы класс объектілерін əртүрлі тəсілдермен құруға болады.
□
Параметрсіз конструкторлар соларға сəйкес кластың объектісін оны
файлмен байланыстырмай құрады:
ifstream();
ofstream();
fstream();
□
Параметрлі конструкторлар өздеріне сəйкес класс объектісін құрады
да, аты көрсетілген файлды ашады жəне оны объектімен байланыстырады:
ifstream(const char *name, int mode = ios::in);
ofstream(const char *name, int mode = ios::out |
ios::trunc);
fstream(const char *name, int mode = ios::in | ios::out);
Конструктодың екінші параметрі файлды ашу режимін (тəртібі) орната-
ды. Егер алдын ала келісім бойынша орнатылған мəн программалаушының
көңілінен шықпаса, онда
ios
класында анықталған биттік маскалардан
олардың басқасын құруға да болады:
enum open_mode{
in = 0x01, // Оқу үшін ашу
out = 0x02, // Жазу үшін ашу
ate = 0x04,
// Нұсқауышты файлдың соңына орнату
Достарыңызбен бөлісу: |