99
Препроцессор директивалары
Компилятордың алғашқы іс-əрекеттерді орындау кезеңі (фазасы) препро-
цессор деп аталады. Препроцессор нұсқаулары директивалар деп аталады.
Олар
#
символынан
басталуы тиіс, бұл символдың алдында тек бос орын
символдары орналасуы мүмкін (10 б.).
#include директивасы
#include <файл_аты>
директивасы көрсетілген
файлдың құрамындағы
ішкі мəліметтерді бастапқы файлдағы өзі жазылған орынға кірістіреді.
Қосылатын файлдың құрамында да
#include
директивалары болуы мүмкін.
Егер файлдың орналасқан каталогының жолы толық көрсетілмесе, ол кірік-
тірілетін файлдардың стандартты каталогтарынан ізделеді.
Бұрыштық жақша-
лардың орнына тырнақшаларды (
" "
) қолдануға болады – мұндайда файлды
іздеу бастапқы файл орналасқан каталогта, содан
кейін барып стандартты ка-
талогта жүргізіледі.
#include
директивасы əртүрлі файлдардағы жарияланымдардың үйлесім-
ділігін қамтамасыз етудің қарапайым құралы болып табылады, бұл директива
файлдарға тақырыптық файлдардың интерфейсі туралы ақпарат береді.
Тақырыптық файлдардың кеңейтілуі əдетте
.h
болады жəне
олардың
құрамында келесі элементтер болуы мүмкін:
□ типтердің, тұрақтылардың,
құрамдас функциялардың, шаблондар мен
тізбелердің анықтамалары;
□
функциялардың, мəліметтердің, атаулар мен шаблондардың жарияла-
нымдары;
□ атаулар
кеңістіктері;
□ препроцессор
директивалары;
□ түсініктемелер.
Тақырыптық файлда функциялар мен мəліметтердің
анықтамалары бол-
мауы тиіс. Мұндай ережелер тілдің талабы бойынша емес, олар директиваны
қолданудың ыңғайлы тəсілін бейнелейді.
Стандартты кітапхананың тақырыптық
файлдарын жазу кезінде
Достарыңызбен бөлісу: