Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет142/465
Дата23.05.2022
өлшемі3.66 Mb.
#458577
түріПрограмма
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   465
pavlovskaia-jogargy-dengeili

10-нұсқа
Жазықтықта берілген нүктелер жиынынан əртүрлі үш нүктені келесі 
шарттар орындалатындай етіп таңдаңыз: төбелері осы нүктелерде жататын 
үшбұрыштың ішінде жəне одан тыс жататын нүктелер сандарының айырмасы 
минималды болуы керек.
11-нұсқа
Жазықтықта берілген нүктелер жиынынындағы кемінде əртүрлі үш 
нүкте арқылы өтетін жəне өз ішінде осы жиынның барынша көп нүктелерін 
қамтитын шеңбердің радиусы мен центрін анықтаңыз.
12-нұсқа
Жазықтықта А нүктелер жиыны мен онда жатпайтын нүктесі берілген. 
abcd төртбұрышы параллелограмм болатындай А жиынындағы əртүрлі рет-
телмеген a, b, c үштіктерінің санын анықтау қажет.
13-нұсқа
Жазықтықта А нүктелер жиыны мен В шеңберлер жиыны берілген. А жи-
ынынан əртүрлі екі нүктені келесі шарт орындалатындай етіп таңдаңыз: осы 
екі нүкте арқылы өтетін түзу В жиынындағы шеңберлердің максималды саны-
мен қиылысуы керек.
14-нұсқа 
Жазықтықта нүктелер жиыны берілген. Осы жиыннан шаршылардың 
төбелері болып табылатын барлық төрт нүктелерді табу керек. Ішінде 
жиынның ең көп нүктелер саны жататын шаршыны анықтаңыз.
15-нұсқа 
Жазықтықта берілген нүктелер жиынындағы кемінде əртүрлі үш нүкте 
арқылы өтетін шеңберлер сызып, солардың ішіндегі ең кіші радиусы бар 
шеңбердің центрін табу қажет.


157
16-нұсқа
Төбелері жазықтықтағы берілген нүктелер жиынында жататын үш 
үшбұрышты келесі шарт орындалатындай етіп құрыңыз: екінші үшбұрыш 
бірінші үшбұрыштың, ал үшінші үшбұрыш екінші үшбұрыштың ішінде жа-
туы тиіс.
17-нұсқа
Жазықтықта нүктелер жиыны берілген. Төбелері осы нүктелер жиы-
нында жататын барлық мүмкін болатын үшбұрыштарды құрып, солардың 
ішінен қабырғалары үшбұрыштардың максималды санымен қиылысатынын 
табу керек.
18-нұсқа 
Жазықтықта нүктелер жиыны мен радиусы R жəне центрі координаталар 
басында жататын шеңбер берілген. Төбелері берілген жиын нүктелерінде жа-
татын жəне үш қабырғасы да берілген шеңбермен қиылысатындай барлық 
үшбұрыштар жиынын құрып, солардың ішіндегі ең ауданы кіші үшбұрышты 
табу керек.
19-нұсқа 
Қабырғаларының ұзындықтары əртүрлі жəне төбелері жазықтықта 
берілген жиын нүктелерінде жататын тең қабырғалы үшбұрыштар санын 
есептеп, солардың қиылысатынын немесе қиылыспайтынын анықтау керек. 
20-нұсқа
Үшөлшемді кеңістікте нүктелер жиыны берілген. Əрқайсысы берілген 
əрбір үш нүктенің екеуін басып өтетіндей түрде екі жазықтық тұрғызып, 
осындай жазықтықтар ішінен бір-біріне параллель емес жазықтықтардың 
максималды ішкі жиынын табу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   465




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет