Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Құрылымдар Осы тақырыпқа байланысты лабораториялық жұмыстарды жүзеге асыра- тын программалар практикумның [11] 110 б. берілген. 1-нұсқа



Pdf көрінісі
бет143/465
Дата23.05.2022
өлшемі3.66 Mb.
#458577
түріПрограмма
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   465
pavlovskaia-jogargy-dengeili

Құрылымдар
Осы тақырыпқа байланысты лабораториялық жұмыстарды жүзеге асыра-
тын программалар практикумның [11] 110 б. берілген.
1-нұсқа
1. Келесі өрістерден тұратын STUDENT атты құрылымды сипаттаңыз:
тегі мен инициалдары;
□ топтың нөмірі;
□ үлгерімі (бес элементтен тұратын жиым).
2. Келесі іс-əрекеттерді орындайтын программа жазыңыз:
□ STUDENT типті он құрылымнан тұратын жиымке пернетақтадан 
мəліметтер енгізу; жазбалар топ нөмірінің өсуі бойынша реттеліп ор-
наласуы керек;


158
□ жиымға енген барлық студенттердің орташа балы 4,0-ден үлкен болса, 
олардың тегі мен топ нөмірлерін дисплейге шығару;
□ егер мұндай студенттер жоқ болса, онда сол туралы хабарлама шығару.
2-нұсқа
1.
 Келесі өрістерден тұратын STUDENT атты құрылымды сипаттаңыз:
□ тегі мен инициалдары;
□ топтың нөмірі;
□ үлгерімі (бес элементтен тұратын жиым).
2. Келесі іс-əрекеттерді орындайтын программа жазыңыз:
□ STUDENT типті он құрылымнан тұратын жиымға пернетақтадан 
мəліметтер енгізу; жазбалар орташа балдың өсуі бойынша реттеліп 
орналасуы керек;
□ 4 жəне 5 деген баға алған барлық студенттер үшін солардың тегі мен 
топ нөмірлерін дисплейге шығару;
□ егер мұндай студенттер жоқ болса, соған сəйкес хабарлама шығару.
3-нұсқа
1. Келесі өрістерден тұратын STUDENT атты құрылымды сипаттаңыз:
□ тегі мен инициалдары;
□ топтың нөмірі;
□ үлгерімі (бес элементтен тұратын жиым).
2. Келесі іс-əрекеттерді орындайтын программа жазыңыз:
□ STUDENT типті он құрылымнан тұратын жиымға пернетақтадан мə-
ліметтер енгізу; жазбалар алфавит бойынша реттеліп орналасуы керек;
□ кемінде бір екілік бағасы бар студенттер үшін олардың тегі мен топ 
нөмірлерін дисплейге шығару;
□ егер мұндай студенттер жоқ болса, соған сəйкес хабарлама шығару.
4-нұсқа
1. Келесі өрістерден тұратын AEROFLOT атты құрылымды сипаттаңыз: 
рейстің баратын пунктінің атауы;
рейс нөмірі;
□ ұшақ типі.
2. Келесі іс-əрекеттерді орындайтын программа жазыңыз:
□ AEROFLOT типті жеті құрылымнан тұратын жиымға пернетақтадан 
мəліметтер енгізу; жазбалар рейс нөмірінің өсуі бойынша реттелуі керек;
□ атауы пернетақтадан енгізілген атаумен сəйкес келетін пунктке 
ұшатын рейс нөмірлері мен ұшақ типтерін экранға шығару;
егер мұндай рейстер болмаса, дисплейге сол туралы хабарлама шығару.
5-нұсқа
1. Келесі өрістерден тұратын AEROFLOT атты құрылымды сипаттаңыз:
□ рейстің баратын пунктінің атауы;


159
□ рейс нөмірі;
□ ұшақ типі.
2. Келесі іс-əрекеттерді орындайтын программа жазыңыз:
□ AEROFLOT типті жеті құрылымнан тұратын жиымға пернетақтадан 
мəліметтер енгізу; жазбалар белгіленген пунктердің аттарына қарай 
алфавит бойынша реттеліп орналасуы керек;
□ типі пернетақтадан енгізілген типпен сəйкес келген ұшақтың қызметін 
пайдаланатын рейстердің баратын пункттері мен нөмірлерін экранға 
шығару;
□ егер мұндай рейстер болмаса, онда дисплейге сол туралы хабарлама 
шығару.
6-нұсқа
1. Келесі өрістерден тұратын WORKER атты құрылымды сипаттаңыз:
□ жұмысшының тегі мен инициалдары;
атқаратын қызметінің атауы;
□ жұмысқа тұрған жылы.
2. Келесі іс-əрекеттерді орындайтын программа жазыңыз:
□ WORKER типті он құрылымнан тұратын жиымға пернетақтадан 
мəліметтер енгізу; жазбалар алфавит бойынша реттелуі тиіс;
□ ұйымдағы еңбек өтілі пернетақтадан енгізілген мəннен артық бола-
тын жұмысшылардың тегін дисплейге шығару;
егер мұндай жұмысшылар болмаса, онда дисплейге сол туралы хабар-
лама шығару.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   465




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет