Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


log, logl0 ), санның бүтін жəне бөлшек бөліктерін ( modf



Pdf көрінісі
бет96/465
Дата23.05.2022
өлшемі3.66 Mb.
#458577
түріПрограмма
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   465
pavlovskaia-jogargy-dengeili

log, logl0
), санның бүтін жəне бөлшек бөліктерін (
modf
), бөлуден қалған 
қалдықты (
fmod
) жəне т.б. есептеуге мүмкіндік береді. 


99
 Препроцессор директивалары
Компилятордың алғашқы іс-əрекеттерді орындау кезеңі (фазасы) препро-
цессор деп аталады. Препроцессор нұсқаулары директивалар деп аталады. 
Олар
#
символынан басталуы тиіс, бұл символдың алдында тек бос орын 
символдары орналасуы мүмкін (10 б.).
#include директивасы
#include <файл_аты>
директивасы көрсетілген файлдың құрамындағы 
ішкі мəліметтерді бастапқы файлдағы өзі жазылған орынға кірістіреді. 
Қосылатын файлдың құрамында да 
#include
директивалары болуы мүмкін. 
Егер файлдың орналасқан каталогының жолы толық көрсетілмесе, ол кірік-
тірілетін файлдардың стандартты каталогтарынан ізделеді. Бұрыштық жақша-
лардың орнына тырнақшаларды (
" "
) қолдануға болады – мұндайда файлды 
іздеу бастапқы файл орналасқан каталогта, содан кейін барып стандартты ка-
талогта жүргізіледі.
#include
директивасы əртүрлі файлдардағы жарияланымдардың үйлесім-
ділігін қамтамасыз етудің қарапайым құралы болып табылады, бұл директива 
файлдарға тақырыптық файлдардың интерфейсі туралы ақпарат береді. 
Тақырыптық файлдардың кеңейтілуі əдетте 
.h
болады жəне олардың 
құрамында келесі элементтер болуы мүмкін:
□ типтердің, тұрақтылардың, құрамдас функциялардың, шаблондар мен 
тізбелердің анықтамалары;
функциялардың, мəліметтердің, атаулар мен шаблондардың жарияла-
нымдары;
□ атаулар 
кеңістіктері;
□ препроцессор 
директивалары;
□ түсініктемелер.
Тақырыптық файлда функциялар мен мəліметтердің анықтамалары бол-
мауы тиіс. Мұндай ережелер тілдің талабы бойынша емес, олар директиваны 
қолданудың ыңғайлы тəсілін бейнелейді. 
Стандартты кітапхананың тақырыптық файлдарын жазу кезінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   465




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет