Программалау тілінің орны «Visual Basic»



бет10/34
Дата02.01.2022
өлшемі0.51 Mb.
#452980
түріПрограмма
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34
VB

Лекцияның мәтіні:

ОБЪЕКТІНІҢ ҚАСИЕТТЕРІ, ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ОҚИҒАЛАРЫ

Біз кәдімгі өмірде көптеген әр түрлі объектілерді олардың қалай құрылғандығын білмей-ак пайдаланамыз.

Мысалы, автомобиль объектісінің түсі, моделі және жылдамды­ғы сияқты қасиеттері бар. Екпіні, аялдауы автомобильдің іс-әрекетіне яғни әдісіне қатысты. Осылайша, қасиет дегеніміз объектіге тән нәрсе, ал әдіс дегеніміз объектінің іс-әрекетін білдіреді.

Объект дегеніміз қасиеттер мен әдістер жиыны. Қаcиет дегеніміз объектінің сипаттамасы. Әдіс дегеніміз объект орындай алатын әрекет.

ОБЪЕКТІНІҢ ҚАСИЕТТЕРІ

Программалық объектілердің де қасиеттері болады, яғни олар программа жасауда таңдай алатын және оның жұмысы кезіңде өзгер­туге болатын олардың параметрлері.

Объектінің қалған құрылысы біздер үшін жабық және біздің басқаша жасауға ешқандай мүмкіндігіміз жоқ.

Объектінің қасиеттерін тексеру және өзгерту үшін арнайы процесстер, яғни объектінің құрамына енетін әдістер пайдаланылады. Бір нәрсе істеу үшін объектінің өзінен бізгс хабарласып немесе өзгертсін деп сүрану қажет екендігін айтуға болады.

Мысалы, "Қарлыгаш" деп аталатын объектіні қарастырайық. Аты бойынша біз бірден оның сыртқы түрін көз алдымызға келтіреміз, және оның қүс екендігін еске аламыз. Бұл объект қандай қасиеттерге ие? Оның физикалық күйін сипаттайтып физиологиялық, мінезін бейнелейтін психикалық т.б. қасиеттері бар.

Объектінің қасиеті - бұл оны басқа объектілерден ажыратуға мүмкіндік беретін объекті белгілерінің жиыны. Объектінің қасиетін бүдан былай объектінің параметрі деп аталатын оның кейбір белгіле­рінің жиынымен сипаттаймыз.

Қарлыгаш объектісін сипаттайтын қасиеттерге мыналар жатады:



  • салмағы;

  • қанатының үзындығы;

  • қауырсынының түсі;

  • қауырсынының тығыздығы;

  • түмсығының түрі.

Өмірде кездесетін объектілерге қарағанда программадағы объ-ектілердің қасиеттері айтарлықтай көп болады. Мысалы, терезедегі командалык батырманың өлемі, алатын орны, тусі, қолтанба мәтіні және басқа да қасиетгері бар. Біз тек өзімізге қажетті қасиеттерімен ғана жұмыс істейміз. Басқа қасиеттер үшін программаны жасауда қажетті мәндерді бір рет беруге одан соң олар туралы үмытьпі кетуге де болады.

Әрбір объект программалау жүйесінің сұхбат терезелерін пайдаланып, бастапқы мәндерін тағайындауға болатын, қасиеттердің белгілі жиынына ие.

Объектілердің қасиеттерінің мәндерін программалық кодта өзгертуге болады. Объектілердің қасиеттеріне жаңа мәндерді меншіктеу үшін программалық кодтың сол жақ бөлігінде, нүктелік шартты белгілер ережесі бойынша өзара нүктемен ажыратылатын, объектінің атын және содан соң қасиеттің атын көрсету қажет. Қатардың оң жақ бөлігіңце (тендік таңбасынан кейін) қасиеттің : нақты мәнін жазу қажет:

Объект.Қасиеті = ҚасиетініңМәні

Мысалы, мәтіннің (Selection объектісінің) ерекшеленген үзінді­сін­де бірінші символ (Characters (1) объектісі) үшін жартылай қалың сызығын (Bold объектісі) орнатамыз.

Объектінің өзі объектілер класының барлық қасиеттеріне ие. Бірақ бұл объектіте қосымша қандай да бір қасиеттерді, оқиғалар-ды немесе әдістерді қосуға болмайды дегенді білдірмейді. Егер объектіде қосымша әдістерді немесе басқа мүшелерді пайдалану қажет болса, онда оларды объектіге үстемелеп қосуға болады немесе осы объекті­лер класының базасында талап етілген мүшелері бар туынды объек­тілер класын жасау керек.

ОБЪЕКТІНІҢ ӘДІСТЕРІ

Объект қандай да бір операцияны орыңдау үшін ол иелік ететін әдісті қолдану қажет. Көптеген әдістердің орындалатын әрекеттердің параметрлерін беруге мүмкіндік беретін аргументтері бар. Аргументгерге нақтылы мәндерді меншіктеу үшін қос нүкте және теңдік таңбасы пайдаланылады, ал аргументтер бірінен-бірі үтірмен ажыратылады.

Объектінің қасиеттеріне қалай қатынас жасасақ, объектінің әдіс­теріне де нүктелік шартты белгілер ережесі бойынша, дәл солай қаты­нас жасаймыз. Әдістің қандай объекті үшін шақырылып жатқандығын анықтау үшін, әдістің атының алдында нүктемен бөлінген объектгінің аты кәрсетіледі:

Объект.Әдіс аргі: = мән, арг2: = мән

Сонымен, MS Word 2000 қосымшасында ашылған құжатгы дис­кіге сақтау, аргументсіз Save әдісімеи жүзеге асырылады:

Documents ("Сынау.doc") Save

MS Word 2000 қосымшасында Сынау .doc құжатын ашу опе-рациясы тек Open әдісінің атын ғана қамтуы тиіс емес, бірақ және ашылатын файлға апаратын жолды көрсетуі тиіс. (Open әдісінің FileName аргументіне нақтылы мәнді меншіктеуі қажет):

Documents () .Open FileName:=С:\Құжаттар\рrоbа .doc

Сынау.doc қүжатының алғашқы үш беті бірнеше аргументті Printout әдісінің көмегімен жүзеге асырылады. Бұл жағдайда Range (баспаға шығару диапазонының пішімін береді) From және To (баспаға шығарудың бастапкы және соңғы беттерінің нөмірлерін береді):

Documents ("Сынау.doc") PrintOut

Range:=wdPrintFromTo, From:= “1”, To:="3"

ОБЪЕКТІНІҢ ОҚИҒАЛАРЫ

Біз тағы бір маңызды фактымен танысқанымыз жоқ. Сағаттың қоңырау соғуы оның уйқы ашарын (будильникті) баптап қойған уақытқа дәл келгеңде болады. Үйқы ашар үшін бұл фактыны оқиға деп қабылдауға болады.

Оқиға және оны өңдеу. Белгілі оқиғаны сезіну қабілетінің өзі қасиеттің бір түрі. Оқиға пайда болғанда оны өңдеу жүзеге асады, үйқы ашар үшін өңдеу дегеніміз қоңырауды қосу.

Окиға дегеніміз объектінің жағдайын кейбір әрекетке жауап ретінде өзгерту.

Мысалы, пайдаланушының MS Word 2000 мәтіндік редак-торымен жұмыс істегендегі алфавитті-цифрлы пернелерді басу әре-кетгеріне жауап ретінде символдар пайда болады.

Қосымшаға қатысты пайдаланушының істеген әрекеттерінің бәрі оқиға болып табылады. Осы қосымшаны жазған программалаушы әрбір өтетін оқиғаның сәйкес суреттеліп, өңделетіндігіне көзі жетуі тиіс. Мүндай программа оқиғалармен басқарылатын программа деп аталады.

Visual Basic 6 ортасында жасалған балық ирограммалар оқиға-лардан құралған.

Объект танитын әрекетті оқиға дейміз. Оқиғаны пайдаланушы жасай алады (мысалы, тышқанды шерту немесе пернені басу) немесе басқа программалық объектілердің ықпалының нәтижесі болып табылады. Оқиғаны сезіну ретінде объекті қасиетінің мәндерін өзгерте алатын, оның әдістерін шақыра алатын және т.с.с. белгілі процедура шақырылады.

Мысалы, Құжат (Document) объектісі Ашылу (Open), Жасау (New) және Жабылу (Close) оқиғаларын сезінеді, ал Selection (Құжат­тың ерекшеленген үзіндісі) объектісі Кесіп алу (Cut), Көшіру (Copy), Кірістіру (Paste), Жою (Delete) және т.с.с. оқиғаларды сезінеді.

Компьютерлік программаларда пайдаланылатын объектілер де оқиғаны сезіне алады. Оқиға пайда болғанда арнайы әдістің, яғни берілген оқиға өңдеушінің автоматты түрде іске қосылуы жүзеге асады.

Ереже бойынша әр түрлі оқиғалар әр түрлі сезінулерді түдырады, дегенмен кейде кейбір оқиғаларға сол бір өңдеушінің өзі сайкес келеді.

Осылайша, программадағы объектілердің құрамына оқиғаларды өңдейтін тағы да бағыныңқы программалар, яғни әдістер де кіреді.

Программаның пайдаланушымен өзара әрекеттесуі оқиғалар-көмегімен қамтамасыз етіледі. Біз тышқанды орын ауыстырғанда немесе пернені басқанда, мұны басқару элементі оқиға ретінде тіркейді, ал қажетті әрекеттер, яғни әдіс өнделмей-ақ орындалады. Пайдаланушының әрекеттерімен байланысты оқиғалар пайдаланушы­лық оқиғалар деп аталады. Пайдаланушылық оқиғалардан басқа программалық оқиғалар деп аталатын оқиғалар да болады.

Бұл мысалы, типтік объект болып табылатын командалық батырмаға қатысты. Батырма үшін негізгі оқига оны шерту. Біздің өзіміз білетіндей мүндай шертудің әсері кез келген болуы мүмкін, яғни барлығы сол батырманың өзіне байланысты. Батырма шертуді сезіну үшін программалаушыға батырманы шертудің өңдеушісін жасауға тура келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет