Программалау тілінің орны «Visual Basic»



бет6/34
Дата02.01.2022
өлшемі0.51 Mb.
#452980
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
VB

Лекцияның мәтіні:

Сіздер "Объекті дегеніміз не? деп сұрауларыңыз мұмкін.

Осы сүраққа жауап іздеп кәрейік.

Адам өзін қоршаған ғажайып дүниеде, яғни әр түрлі тіршілік мен сансыз жансыз заттар ортасында өмір сүреді. Сол қоршаган жансыз және жанды заттардың бәрін объект деп атауымызға болады.

Объектіге мысалдар келтірейік:


  • үстел үстіңде жатқан кітап, дәптер, сызғыш т.б.;

  • оқушылар оқитын мектеп ғимараты;

  • партада өзіңмен бірге отырған оқушы;

  • сізге сурет салуга немесе мәтін теруге мүмкіндік беретін
    компьютерлік программа т.с.с.

Өздеріңіз байқап отырғандай біздерді қоршаған кез келген зат немесе тіршілік иесі объект бола алады. Объект туралы мыналарды айтуға болады:

  • оның біздің білмеуімізге де болатын ішкі құрылысы бар;

  • объект оны бақылауга, ал кейде оған әсер етуге болатын
    мінезімен сипатталады.

Сонымен, Объект үғымы Зат үғымына қарағанда кең үғым. Өйткені Объект үғымы тек жансыз заттарды ғана емес сонымен бірге тірі табиғатгың барлық өкілдерін қамтиды, мысалы, Адам, ит, кептер, қарлығаш, ағаш т.с.с. Адамның ой еңбегінің нәтижесінде жасалған нәрселер де объект болып есептеледі, мысалы, компьютерде терілген мәтін немесе салынған сурет, математика сабағында шығарылған есеп т.б.

Кез келген объектіні адам бүтін күйінде қабылдайды. Объект дегеніміз не және ол қалай сипатталады? деген сүраққа жалпы жағ-дайда анықтама берейік. Объект — бұл бутін күйінде қарастыруга болатын бізді қоршаған дуниенің бір бөлігі.

Еңді біздер компьютермен жұмыс істегенде істес болатын объектілерге тоқталайық. Мысалы, компьютердің программалык қамсыздандыруының да өзінің объектілері бар:


  • операциялық жүйелер;

  • драйверлер;

  • программалар т.б.;

Ал информациялық технологияда объектілерге мыналар жатады:

  • кестелер;

  • суреттер;

  • саймандар панелі;

  • мәліметтер қоймасы т.с.с.

Бұлардың кейбіреулері экранда бейнеленеді және белгілі айқын шекарасы бар. Мысалы, экрандағы немесе баспаға шығарылған мәтін­дегі сөз, мәтін қатары, мәтіннің азат жолы, сурет, кесте, диаграмма және т.б.

Кейбір объектілер магниттік тасымалдаушыларда (Мысалы, қатаң магниттік дискіде немесе лазерлік дискіде) "жазу" түрінде сақталады және олардың ешқандай кәрінетін шекарасы болмайды.

Сонымен объекті деп қасиеттерге және әдістерге ие программа кодының үзіндісін айтамыз.

Біз программа құруда объектілерді пайдаланамыз. Програм-мадағы объектілер шын өмірдегі объектілерге үқсас, яғни олар ішкі құрылысымен, мінезімен, және қасиеттерімен ажыратылады.

Біз программалауды бастағанға дейін ондағы объектіні кәре аламыз ба? Әрине кәре аламыз. Қазіргі кезде компьютер экранынан кәріп жүргеніміздің бәрі программаларда объект ретінде жүзеге асырылған.

Біздің санамыздағы, баспаға шығарылған мәтіндегі немесе компьютердің жадындағы сақтаулы түрған шын бейнеленген объ-ектілер былайша бөлінеді:



  • үзақ өмір сүретін;

  • уақытша өмір сүретін.

Шын объектілер дегеніміз біздің жадымыздағы шын дүниенің заттары мен қүбылыстары. Біздер шын өмірдегі объект туралы бейнелерді және үғымдарды жадымызда сақтаймыз, ал компьютердің жадында біздер деректерді (шын дүниедегі объект туралы информацияларды) сақтаймыз. Кейбір объектілер сөздермен немесе сөздер тобымен әрнектелетін уғымдар түрінде тек біздің санамызда сақталады.

Кез келген объектінің өмір сүру уақытының басталуы оның пайда болу, жасалу мезеті болып табылады. Бұл компьютерлік тех-нологияда жад бөлігін бөлу мезеті немесе айтарлықтай белгілерін өзгерту арқылы сапалық жағынан жаңа күйге өту мезеті. Мысалы, файлдың атын өзгерту немесе объектіні жою арқылы жадтың оған бөлінген бөлігін жүйеге қайтару.

Компьютерлік технологияда өмір сүру уақыты өзін тудырған программаның өмір сүру уақытынан асып кететін объектілерді узақ өмір суретін объектілер деп атайды. Мысалы, файлдар, қүжаттар т.с.с.

Командаларды және операцияларды орындай алатын қарапайым автоматты атқарушы объект деп атауға болады. Мысалы, компьютер- дің өзі атқарушы объект болып табылады. Объектілердің атқаратын қызметін өте айқын көз аддымызға білу үшін оларды шартты түрде былайша бөлуге болады:



  • белсенді объектілер;

  • самарқау объектілер .

Белсенді объектілер деп өзінен басқа объектілердің әсерінсіз-ақ өзінің "мінезін" танытатын объектілерді айтамыз. Белсенді объекті­лер­ге: басқарушы сигнал көзі, әсер ету көздері жатады.

Белсенді объектілердің ең жарқын өкілдеріне: адам, компыо-тердін, операциялық жүйесі, кейбір программалар, (мысалы, ком-пьютерлік вирустар т.б.) жатады.

Самарқау объектілер деп өзінің күйін тек басқа объектілердің әсерімен өзгертетін объектілерді айтады. Олар өзіне белсснді объектілер қатынас жасағанда ғана мінез танытады. Самарқау объектілердің жарқын мысалдарына мыналарды жатқызуға болады:


  • саймандар (қайшы, қарындаш);

  • кейбір компьютерлік программалар;

  • компьютер жадындагы деректер;

  • пайдаланушылар файлы;

  • қүжаттардағы мәтіндер және суреттер т.б.

Объектінің сипаттамасы не сандық, не сапалы мәнге ие бола алады. Егер сипаттама сапалық мәнге ие болса, оңца ол сипаттаманы кодтауға, нөмірлеуге болады.

Сандық немесе сапалық жағынан әрнектелген объектінің нақгы белгілерінің жиынын объектінің сипаттамасы деп түсінеміз.

Берілген уақыт мезетіндегі объект қасиетінің нақты мәңдерін объектінің ағымдагы сипаттамасы деп атаймыз. Ағымдағы деген сөздің кейбір нақтылы күй немесе берілген уақыт мезетіндегі объектінің қандай да бір қасиетінің нақтылы мәні туралы сөз болып отырғандығын білдіреді. Мысалы, Сіз оқып отырған кітаптың ағымдағы беті.

Информатикада объектінің сипаты деп объект (файл, программа, мәтіннің ерекшеленген үзіндісі т.б.) қалай әрекет етеді немесе басқа объектілердің (пернетақта тышқан кәрсеткіші т.б.) әсерін қалай сезінеді соны түсінеміз. Мысалы, егер сіз мәтін үзіндісін ерекшелеп Delete пернесін бассаңыз онда метін үзіндісі жойылады. Дәл осы жойылу ерекшеленген мөтін үзіндісінің сипатын білдіреді.

Объсктінің сипаты оның күйі мен онымен жасалатын опер-ациялар арқылы анықталады. Компьютерлік технологиада операция деп бір объектінің басқа объектіге жасаған қызметін айтамыз.

Компьютерлік технологияда мынадай типтік операциялар кез-деседі:



  • объектінің күйін өзгертетін операция (мысалы, Барлыгын
    ерекшелеу);

  • объектінің күйін оқитын, бірақ оның күйін өзгертпейтін
    операция (мысалы, Көшіру);

  • өте қатаң реттілікпен объектінің барлық бөліктерімен
    қатыпас жасауды үйымдастыруға мумкіндік беретін операция (мысалы, Қалай сақтау);

  • объектіні жасау немесе оны инциализациялау операциясы
    (мысалы, Жаңа файл жасау);

  • объектіні бұзушы операция (мысалы, Жою).

Windows операциялық жүйесімен жұмыс істегенде объектілер және олардың қасиеттері үғымы кеңінен қолданылады. Объект - бұл басқа осындай мәні бар шындықтардан ерекше қасиеттерімен, мінезімен, қосымшаның осыған үқсас объектілерімен өзара әсер-лесуші, ерекшеленген кейбір жеке мәні бар шындық.

Объект барлық уақытта өзіне тән қасиеттерімен және мінезімен пішінде немесе қосымшада нақты реальды бар нәрсе.

Объектілерді бірінен-бірін ажырататын белгілері, олардың қа-сиеттері және мінездері болып табылады.

Объект мына төмендегідей негізгі үғымдармен сипатталады:



  • Әдіс - бұл объектімен мүмкін болатын әрекеттерді жүзеге
    асырушы функция немесе процедура.

  • Оқиға - бұл объектілердің бірімен-бірінің өзара әсерлесу
    құралы. Объектілер берілген оқиғаны генерациялайды (шыгарады) және берілген оқиғаға жауап ретінде әрекеттерді орындайды. Оқиға - бұл объектілер алатын және жөнелтетін хабардың аналогы.

  • Күйі - әрбір объект барлық уақьпта объект қасиеттерінің жиы­нымен сипатталатып белгілі күйде болады. Оқиғаның әсер етуімен объект басқа күйге өтеді. Мүнда объектінің өзі басқа күйге өту туралы оқиғаны генерациялай алады.

  • Қасиет - белгі, объектінің кейбір жеке сапасы (параметр). Мы­са­лы, объектінің өлшемі, тақырыбы, оның аталуы оның қасиет­тері бола алады. Объекті қасиеттерінің жиыны оның күйін анықтайды. Қағида бойынша, қасиет – бұл объектінің мәңдер сақталатын пара­метр­лерін анықтаушы айнымалылардың және түрақтылардың жиыны.

Бір программада пайдаланылған объектіні басқа программада да пайдалануға болады. Мұнда:

> объектіні қосу программада бар барлық басқа объектілердің жұмысын бүзбайды;

> кірістірілетін объектінің мінезі басқа объектілердің бар бол-
уына байланысты өзгермейді.

Объектілерді жалпы параметрлері және әрекеттері бойынша жіктеуге болады.

Объектінің параметрі — бұл объектінің қасиетін сипаттайтын белгі.

Әрине әрқайсысымыз осы аталғандарға үқсас жіктеулерді жал­ғастыруымызға болады. Объектілермен жұмыс істегенде мыналарды білу керек:

> объектілер кейбір белгілері бойынша топтарга, біріктіріледі;

> әрбір топтың ішінде кейбір қосымшаның жалпы белгілері, яғни параметрлері бар;



  • берілген топтағы объектілердің бір бөлігін бағыныңқы топ-
    тарга жіктеуге болады;

  • объектілерді жіктеу әр турлі параметрлі объектілердің сан-
    ын азайту және олардың арасындағы байланысты тағайындау мақсатымен жұргізіледі.

Осының бәрі таңдалынып алынған объектілер жиынтығымен жүргізілетін жұмыстарды тездетіп жеңілдетеді.

Объектілі-бағдарланған программалауда өзіне оның сипаттаушы деректерін (қасиеттерін), сондай-ақ және осы деректерді оңдеу құрал­дарын (әдістер) біріктіретін негізгі бірлік ол объект болып табылады.

Егер бейнелеп сөйлер болсақ, онда объект дегеніміз "зат есім", объектінің қасиеттері - "сын есім", ал объектінің әдістері - "есімдік".

Программалық объектілер қасиеттерге ие, әдістерді пайдалана алады және оқиғаларды сезінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет