Программалау тілінің орны «Visual Basic»



бет25/34
Дата02.01.2022
өлшемі0.51 Mb.
#452980
түріПрограмма
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   34
VB

Лекцияның мәтіні:

ПРОГРАММАЛЫҚ КОД ТЕРЕЗЕСІ

Visual Basic 6 ортасында программаны жазу арнайы Программа­лық код терезесі немесе жай ғана код терезесі деп аталатын терезеде жазылады. Жасалып жатқан қосымшада, яғни жобада қолданылатын әр пішіннің өзінің программалық код терезесі болады.

Код терезесі дегеніміз программаның бастапқы кодын ендіретін ыңғайлы қүралдары бар, орналастырылған қуатты редактор.

Код терезесін былайша ашуға болады:

> жобаның басты панеліндегі Турі (Bид - View) мәзірінің Код командасының комегімен;

> Жоба сілтеуіші (Проводник проекта - Project Explorer) терезе­сін­дегі Кодты көрсету (Показать код - View Code) батырмасын шерту арқылы;

> пішін терезесіндегі кез келген объектіні екі рет шерту арқылы;

Код терезесінің жоғарғы жағында, яғни тақырып қатарының астынан бірден Сіз тізімі бар екі терезені көресіз. Олардың әрқайсысы бір қатармен көрсетілген. Терезенің оң жағындағы стрелкалы батырманы басып тізімді ашуға болады. Программалық код терезесі алғаш рет ашылғанда бірінші тізімде General сөзі, ал екінші тізімде Declarations сөзі шығады. Обьект және оқиға таңдалғаннан кейін әлгі сөздердің орнына тандалынған объектінің және оқиғаның аттары жазылады.

Бірінші тізім - бұл жобадағы объектілер тізімі. Бұған General элементі жатпайды өйткені ол объект емес; барлық объектілерге қатысы бар программаның жалпы бөлімінің аты.

Екінші тізім — бұл бірінші тізімде ерекшеленген объектілер үшін процедуралар тізімі. Бүған Declaration сөзі жатпайды өйткені ол процедура емес, барлық процедураларға қатысты жалпы сипаттама­лар бөлімінің аты. Мұндай сипаттамаларға, мысалы, әр түрлі процедураларда пайдаланылатын ғаламдық айнымалыларды және тұрақтыларды хабарлау жатады.

Жоғарыда айтқанымыздай программалық код терезесін пішінді немссе пішінде орналасқан кез келген объектіні екі рет шерту арқылы да ашуға болады.

Бұл жағдайда Объектілер тізімінде таңдалған объектінің аты көрініп түрады, ал Процедуралар тізімінде сол объектіге байланысты оқиғаның аты шығады. Visual Basic 6 ортасында үнсіз келісім бойынша әрбір объектіге түрлі окиға тура келеді.

Программалаушы объектіні және оқиғаның атын таңдағаннан кейін Visual Basic 6 ортасы процедураның тақырыбын және оның аяқ-талуын білдіретін қызметші сөздерді автоматты түрде жазып, прог­рам­малаушы адамның жұмысын көп жеңілдетеді, яғни программалау­шы адам тек процедураның денесін ғана жазып толтырады деген сөз.

Процедураны тек бір пішіннің ішінде жариялау үшін оның тақы­ры­бында Private (жабық) қызметші сөзін, ал процедураны бір ғана емес бірнеше пішіңде жарияланатын ету үшін Public (көпшілік) қыз­метші сөзін жазу керек. Одан соң программаны процедура түрінде жариялау үшін Sub (subroutine - бағыныңқы) сөзі жазылады.

CommandIClick( ) — бұл процедураның аты. Мұндағы:



  • Command1- объектінің аты;

  • Click — оқиғаның аты;

  • ( ) — айнымалылар сипатталатын орын.

End Sub - процедураның аяқталуын білдіретін қызметші сөз.

Visual Basic 6 ортасы кейбір окиғаларды тандағанда сол оқиға-ларға байланысты қолданылатын айнымалыларды жақша ішіне өзі сипаттап жазады.

Программалық код терезесінде бір немесе бірнеше процеду-ралар орналасуы мүмкін.

Оларды код терезесінен екі режімде көруге болады. Бұл режімдер терезенің төменгі сол жағында орналасқан батырмалар арқылы тандалады Олар мыналар:



  • Процедураны көру (Procedure View);

  • Барлық модульдерді көру (Full Module View).
    Программалық код терезесінен бір процедураны көру үшін Про­це­ду­раны көру (Procedure View) батырмасын басып, экранның жоғарғы сол жағындағы процедуралар тізімінен процедура атын таңдау керек. Бұл режімде терезеде тек бір ғана процедура көрініп түрады.

Программалық код терезесіндегі барлық процедураларды бір мезгілде көру үшін Барлық модульдерді көру (Full Module View) басу керск. Бұл жағдайда процедуралар терезе ішінде бір-бірінен сызықша арқылы бөлініп түрады. Жаңадан жасалатын үшін про­граммалық код өрине бос болады.

Әдетте жобага және пішінге өзіміз ат меншіктегенге дейін, Visual Basic 6 ортасы код терезесінің тақырып қатарында үнсіз кслісім бойынша оларға Projectl және Ғоrm1 аттарын береді.

Басты мәзірдегі Терезе (Окно-Window) командасының көмегімен екі терезені де Сіздің көз алдыңызда түратындай етуге болады.

Егер Сіз қолданыстағы, яғни бұрын жасалған жобамен жұмыс істеуді бастасаңыз Код терезесі бірден оның пішінін программа мәтінімен толтырады.

Егер жобада бірнеше пішін болса, онда жоба сілтеуіші тере-зесіндегі ерекшеленген олардың біреуі үшін код терезесінде про-грамма мәтіні пайда болады.

Командалық батырмаиы шерту жұмыс істеп түрған қосымша-ның мәтін өрісінде "Сәлем, Visual Basic" деген сәлемдесуді шақы-рады. Мұнда мысалы, Form объектісі, яғни пішін ерекшсленген. Ол үшін Load, яғни жүктеу оқиғасы таңдалынып алынған. Ал Код те-резесіиде осы оқиға үшін процедура мәтіні орналасқан.

Тышқанмен оң жақтағы тізімге шерту арқылы оқиғаны таңдауға болады.

Берілген жағдайда Load элементін алып оны шертуге болады. Нәтижесінде мына төменде көрсетілген Form объектісі үшін процеду­ралар тізімі пайда болады.

Терезенің астынан Сіз горизонталь айналдыру жолағын, ал терезенің оң жағынан вертикаль айналдыру жолағын көресіз. Олар үзындығы бойынша да, сондай-ақ ені бойынша да өте үлкен бола алатын программалық кодтың барлық мәтінін қарап шығу қызметін атқарады.

Вертикаль айналдыру жолағының төбесіңде әрқайсысына кодтың барлық мәтіні сыйып кететін терезені екі бөлікке бөліп тастауға мүмкіндік беретін шағын Ажырату (Разделитъ - Split) батырмасы бар. Программаның метіні үлкен болғанда оны редакциялау кезінде мұны пайдалану ыңғайлы.

Ағымдағы пішінге және ондағы басқару элементтеріне катысты барлық программалық код (яғни программа) осы пішіннің програм­малық модулі деп аталады.

Код терезесінде үзын тіркестерден түратын күрделі оператор-ларды жазу программалаушыға біршама ыңғайсыздықтар (мысалы, экранда программаның мәтінін көруде және оны қағазға шығаруда) туғызады.

Бұл жағдайларда "_" (бос орын және астын сызу белгісі) символ­да­рын қолдану арқылы күрделі операторларды бірнеше қатарға бөліп жазуға болады. Бұл символдар тіркесін "қатарды жалғастыру символы" деп атайды. Қатарды жалғастыру символынан кейін түсінік жазуға болмайды. Мысал келтірейік:

List2.List(0) = List1.List(0) &_

Text1.Text &_

Str(S) & Str(A)

Visual Basic 6 ортасында көптеген көмекші функцияларды қолдану программалық кодты жазуды біршама жеңілдетеді. Мысалы, кодты жазу барысында Код редакторы бірнеше операторлармен процедура­лар­дан, объектілердің қасиетгері мен өдістерінен және олардың қабылдайтын мәндерінен түратын тізімді шығарып, программалаушы­ның тізімнен таңдаган сөзін программаға автоматты түрде енгізіп отырады.

Код редакторында көмекші фупкцияларды пайдалану үшін оларды Басты мәзірдің Саймандар (Инструменты-Тооls) пунктіндегі Параметрлер (Параметры-Option) командасын орындағанда пайда болатын Параметрлер (Параметры-Options) терезесінің Редактор (Редактор - Editor) бетбелгісінен алуға, қажет болмаған жағдайда алып тастауға болады. Сол функциялардың кейбіреулеріне тоқтал-айық:

Код терезесінде объектінің атын жазғаннан кейін нүкте қой-ғанда шығатын, сол жазған объектінің қасиетгерінен тұратын тізімді шығаратын Қатысушылардың автоматты тізімі (Авто список участников - Auto List Members) функциясы. Бұл функцияның мүм-кіндіктерін пайдалану үшін алдымен код терезесінде функция ті-зімінен керекті қасиеттің толық аты көрініп таңдалғанша қасиеттің алғашқы әріптерін теру қажет.

Функция тізімінен керекті қасиет таңдалғаннан кейін, Tab, Enter пернелерінің бірін басу немесе тышқан көрсеткішімен екі рет шерту керек. Қатысушылардың автоматты тізімі (Авто список учатников -Auto List Members) функциясы объектінің қандай қасиеттері бар екендігін толық білмеген жағдайда өте пайдалы.

Сондай-ақ бұл функция программада объектілер мен олардың қасиеттерінің дүрыс жазылуына да көп пайдасын тигізеді. Мысалы, терезесінде объектінің аты қате жазылса немесе жобада жоқ объектінің аты жазылғанда экранға функция тізімі шықпайды. Код терезесінде жазылған функциялар мен операторлар параметрлерінің синтаксисін (аргументтердің жазылу реті мен типтерін) үшін қолданылатын Автаматты тез инфо (Авто быстрая инфо - Auto Quick Info) функциясы.

Visual Basic тілінің операторын немесе функциясын жазғанда төменгі жағында олардың синтаксистік терезесі шығьш бірнеше аргумент ерекшеленіп түрады.

Бірінші аргумент енгізілгеннен кейін екінші аргумент ерекшеле­неді. Екінші аргумент енгізілгеннен кейін үшінші аргумент ерекшеле­неді әрі қарай сол сияқты жалғаса береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет