«Пролог логикалық программалау тілі»



бет6/6
Дата01.07.2016
өлшемі458.5 Kb.
#169566
1   2   3   4   5   6

Тапсырма. Прологта әке, ата жөнінде мынандай сұрақтарды дайындаңыз:

  1. Ахметтің әкесі кім?

  2. Айсұлудың баласы бар ма?

  3. Ахметтің әкесінің әкесі кім?


4 Студенттердің өздік жұмыстары

4.1. Студенттің өздік жұмыстарының құрылымы:
СӨЖ №1. Семантикалық желілер.

Тапсырмалар:

  1. «Мектептен сабақ» жүйесі келесі элементтерден тұрадыдеп есептелетін оқушы , мұғалім , оқулық, дәптер, сынып журналы, сынып тақтасы, бор, карта, мүғалім үстелі, сынып бөлмесі. Төбелері аталған объектілер болатын, доғалары олардың арасындағы қатынастар болатын семантикалық желі құр.

  2. «Нан дүкен» жүйесі бойынша семантикалық желі құр. Ол келесі элементтерден тұрады: нан, сатушы, сатып алушы,автомобиль, жүргізуші, жүк түсіруші, ақша,чек.


СӨЖ №2. Сөйлемдердің мағыналық құрылымы.

Тапсырмалар: Келесі сөйлемдерге графтар құр.


  1. «Арман таңертең ерте тұрып орманға саңырауқұлақ теруге көлкпен кетті.»

  2. «Әсел математика пәнінен үй тапсырмасын құрбысы Айданамен бірге отырып шығарды.»

  3. «1С бухгалтерия программасы бухгалтерлік есептің барлық түрін толық жиында орындауды қамтамасыз етеді.»

  4. «Windows 2000 –толықтай 32 разрядты ОЖ артықжылықтары бар көп есепті, жадында сақтау жұмысының жақсартылған және әуел баста сенімділікті, қорғауды және бақаруды қамтамасыз ететін құралдармен жобаланған.»

5."Айдар туған күніне теледидар және көк пен ақ түсті жейделерді сыйлыққа алды".
СӨЖ №3. Математикалық өрнектердің мағынасы.

Тапсырмалар: келесі арифметикалық өрнектерге бұтақ құрыңыз:

    1. (100 - 54) / 2 + (18+25)*5.

    2. 500/2+4*12-(15-9).


СӨЖ №4. Екі үлесті графтардағы модельдер.

Тапсырмалар:

Айналатын қозғалыстың кинематикасы келесі шамалар және байланыстармен сипатталады:

- бұрылу бұрышы,

t- қозғалу уақыты,

n- айналым саны,

-бұрыштық жылдамдық,

- айналу жиілігі,

- айналу периоды,

V- сызықты жылдамдық,

a- ортаны көздейтін жылдамдату,

r- айналу радиусы,

=/ t, =2n/t, T=1/, T=t/n, V=r, a=2r.

Айналатын қозғалыс жайлы білім моделін екі үлесті граф түрінде көрсетіңіз.

СӨЖ №5. Логикалық есептерді шешу.


  1. Есепті тұжырымдаңыз. Айгүл, Нұргүл, Асхат және Айдар саңырауқұлақ терді. Нұргүл бәрінен артық терді, Айгүл бәрінен кем емес. Қыздар ұлдардан артық терді деген ұғым дұрыс па?

  2. Есепті тұжырымдаңыз. Бір апта бойы көпірде жеті жолдас балалар кезекшілік атқарды. Алмас бірден Серіктен кейін кезекші болды. Болат екі күннен кейін кезекші болды, ол Мейрамбектен кезегінен бұрын болды. Қанат Жанаттан екі күн бұрын кезекші болды. Бейсенбі күні Ильяс кезекші болды, оның кезекші болған күні Жанат пен Серіктің күндерінің дәл ортасына келеді. Жолдас балалардың кезекшілік графигін анықтаңыз және түсіндіріңіз.

  3. А қаласынан В қаласына жүрген пошта тасушы поезд В, Г, Д, Е, Ж, З және К станцияларына тоқтады, оларда поштаны түсіреді және қабылдайды. Почта келесі кезектер бойынша көшірілді: ВЗ, ГД, ЕВ, ЖЕ, ЗК және КГ (бірінші әріп – жіберу пункті, екіншісі – қабылдау пункті). Пошталық поезд маршруты бойынша станциялардың орналасуын анықтаңыз.

  4. Мақпал, Ләззат, Жанар және Камила – шет тілдер факультетінің студенттері, оларды музыка қызықтырады және әрқайсысы қандай да бір аспаптарда ойнайды, тек біреуінде ғана: домбыра, гитара, скрипка және фортепиано. Әрқайсысы келесі бөлімдердің бірінде оқиды: ағылшын, француз, неміс және испан тілінде. Гитара ойнайтыны испан тілінде оқиды. Ләззат не домбырада, не скрипкада ойнамайды және ағылшын тілі бөлімінде оқымайды. Мақпал да не домбырада, не скрипкада ойнамайды және ағылшын тілі бөлімінде оқымайды. Неміс тілі бөлімінің студенті домбырада ойнамайды. Жанар француз тілі бөлімінде оқиды және скрипкада ойнамайды.

Студенттердің қайсысы қандай аспапта ойнайды және шет тілдер факультетінің қай бөлімінде оқиды?
СӨЖ №6. Логикалық есептерді шешу.

Тапсырмалар:

1. 9 күміс теңгелердің біреуі жалған жасанды теңгенің жеңіл екенін біле отырып екі ыдысты – гирлері жоқ таразының көмегімен екі рет өлшеу жүргізіп жалған күміс теңгені қалай табар едіңіз.

2. Сыйымдылығы 3 литр суды және 5 литр ыдыстардың көмегімен ағып тұрған судан 4 литр суды қалай алуға болады?

3. Арыстан қойды 2 сағатта, қасқыр 3 сағатта, ит 6 сағатта жеп бітіре алады. Үшеуі қатар жесе, қанша уақытта жеп бітіре алады?

4. Ақмарал, Сара, Жадыра және Лаура – оқу озаттары. Олар мектепте өткізілген (математика пәні бойынша) олимпиадаға қатысып жүлделі 4 орынды өзара бөлісті. Олар қандай орынды жеңіп алды екен? – деген сұраққа осы кластың оқушылары былайша жорамалдап жауап берді.

1. Ақмарал II, Сара III

2. Ақмарал I, Жадыра II

3. Лаура II, Сара IV

Бұл жауаптардың біреуі дұрыс, екіншісі жалған болып шықты. Кім қандай орынды жеңіп алған?

5. Қайрат, Болат, Алмат, Самат төртеуі жарыста алғашқы төрт орынды жеңіп алды. Кім қандай орын алды деген сұраққа, олардың үшеуі былай жауап берді.

Қайрат 1-ші де, 4-ші де емес

Болат 2-ші

Алмат соңғы емес.

Сонда олар қандай орынды жеңіп алды?



4.2 Студенттік оқытушымен өздік жұмысытарының құрылымы:
СОӨЖ №1. Лого программасы.

Мақсаты: Лого программасының тарихы және құрылымымен танысу.


СОӨЖ №2. Lisp программалау тілі

Мақсаты: Lisp программалау тілінің тарихы және құрылымымен танысу.


СОӨЖ №3. Сарапшылық жүйе

Мақсаты: Сарапшылық жүйені құрудың кезеңдерімен танысу.


СОӨЖ №4. Сарапшылық жүйе құру

Мақсаты: Әр түрлі тақырыптағы сарапшылық жүйені құрып үйрену.


СОӨЖ №5. Графтар теориясы

Мақсаты: Граф ұғымымымен танысу. Оның жасанды интеллекте алатын орнын білу.


СОӨЖ №6. Пролог тілінде сандармен жұмыс.

Мақсаты: Пролог тілінде сандардың қалай қолданылатынын білу және есептер шығару.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет