~ 213 ~
үйіне қайтып келген. Жатақханадағы шуға үйрене алмаған, ешкіммен тіл табыса алмаған,
ақшаны дұрыс жұмсай білмеген және т.б. себептер болған. Институтта екі
курстастарымен достасқан, олармен жақсы араласақан, бірақ студенттік жиындарға
қатысудан мүлдем бас тартқан. Институт бітірген
соң аспирантураға қабылданып,
кандидаттық диссертация қорғаған. ҒЗИ-на келіп жұмысқа орналасқан, қазір де сол жерде
қызметте. Әріптестерімен қатынасы ұстамды, қызметке ғана байланысты. Осыдан екі жыл
бұрын бір қызбен танысып, ұзақ уақыт көңіл білдіріп жүрген, бірақ үйленуге ұсыныс
жасай алмаған. Үйлену ғылыми жұмысқа кедергі жасайды деп есептеген. Соңғы кездері
екі ғылыми эксперименттің үзілуіне байланысты ұйқысы бұзылған, басы ауырып, көңіл-
күйі төмендеген. Анасына демалып, емделгісі келетінін айтып, анасының ақылымен
психиатрға көрінген.
Соматикалық жағдайы:
дене бітімі астеникалық, дене салмағы аздап төмен, тері
жабындысы бозғылт. Ішкі мүшелерінде патология жоқ.
Неврологиялық жағдайы: ОЖЖ-нің органикалық зақымдануы белгілері жоқ,
краниограмма және көз түбін зерттегенде өзгеріс жоқ.
Психикалық жағдайы
: бағдары жан-жақты дұрыс. Бөлімше ішінде жүрісі секірмелі,
қолын кең ашып, сермеп жүреді. Қозғалысы жылдам, икемсіз. Әңгімелесуге құлықсыз.
Сұраққа асықпай, біртекті, дәл жауап береді. Сөйлесу кезінде жұмсарып, ашыла бастайды.
Көптеген невротикалық шағымдар айтады. Көңіл-күйі төмен.
Өзінің жағдайын соңғы
кездегі жұмысындағы сәтсіздіктермен байланыстырады. Бөлімшеде тек «саналы
науқастармен» қарым-қатынас ұстайды. Кітап оқиды. Шахмат ойнайды. Көңіл күйі
қалыптасып келе жатыр. Өзін жоғары бағалайды, өзіне айтылған сынды көтермейді.
Интеллекті жоғары. Жақсы интеллектуальды қабілеті бірқатар тәжірибелік қарапайым
мәселелерді игере алмаушылықпен, жеке ситуацияларды бағалаудағы пассивтілікпен,
бірбеткейлікпен ұштасады. Продуктивті психопатологиялық симтоматика байқалмайды.
Достарыңызбен бөлісу: