Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет144/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

Ортаңғы сатысы (абстинентті). Алкоголизмнің бҧл сатысы 
алкогольге патологиялық әуестіктің кҥшеюімен сипатталады, ол 
мәжбүрлік сипатын алады. Науқас ішуге деген пайда болған әуестікпен 
кҥреспейді, оған пассивті бағынады. 
Алкоголизмнің бастапқы сатысына тән симптомдар жойылмайды, 
кҥшейеді немесе алкоголизмнің ортаңғы сатысының тҥзілуі кезінде 
ӛзгерістерге ҧшырайды. Бҧл сатыға абстинентті синдромның (бас жазу) 
дамуы ерекше тән. Бҧл синдром ҧзақ уақыттық, массивті алкогольді 
интоксикация аяқталған соң бірнеше сағат немесе тәуліктен кейін 
дамиды. 
Абстинентті синдром психикалық, неврологиялық, соматикалық 
бҧзылыстар тҥрінде кӛрінеді, бҧл бҧзылыстар алкогольдің жаңа 
дозасын қабылдаған соң жеңілдейді немесе жойылады. 
Абстинентті синдром кезінде айқын психикалық бҧзылыстар тізімі 
бақыланады. Кӛңіл-кҥйі
тӛмендейді, мҧңлы кҥйге тҥседі. Науқастар 
тітіркенгіш, кейде ашуланшақ, кҥдікшіл, мотивсіз қорқыныш, ӛзін-ӛзі 
кінәлау идеяларын сезінеді. Алкоголиктерде абстиненция жағдайында 
кӛру және есту галлюцинациялары пайда болуы мҥмкін. Ҧйқысы ҥрейшіл, 
ҥзілісті, оянғанда тынығу сезімі болмайды. Абстинентті синдром 
вазовегетативті 
және 
неврологиялық 
бҧзылыстармен 
кӛрінед: 
тахикардия, гипертензия, аяқ-қолдың және бҥкіл дене треморы, ауыз 
қуысының қҧрғауы, бас айналуы, тәбеттің жоғалуы, айқын әлсіздік. 
Абстинентті синдромға айқын неврологиялық синдромдар тән, 
олардың ішінде жиі кездесетіні және кӛзге тҥсетіні аяқ қол, бас, тіл 
треморы болып табылады. Әсіресе қол саусақтарының треморы, Ромберг 
позасында тҧра алмау айқын кӛрініс береді. Бет және қаңқа бҧлшық 
еттерінің фибриллиярлары дірілдері бақылануы мҥмкін. Екі жақты 
сiңipлiк рефлекстердің тепе-тең жоғарылауы бақыланады; вегетативті 
регуляция бҧзылысы бет және алақан гипергидрозымен, тері 


~ 229 ~ 
мәрмәрлығымен, бет гиперемиясымен, әсіресе мҧрынның, склералар 
иктериялығы және олардың тамырларының кеңеюімен кӛрінеді. 
Жҥрек-қантамыр жҥйeci жағынан артериялық қан қысымының 
кӛтерілуге бейімділікпен тербелістері, кардиалгиялық синдром байқалады. 
Абстинентті синдром жҥрек айнуымен, лоқсулармен, эпигастрий 
аймағындағы ауру сезімдерімен, диареямен кӛрініс береді.
Алкогольдық абстенцияның aуыp тҥрінде балтыр бҧлшық eттерiнiң 
қҧрысулық ҧстамасы, сирек тырысулық ҧстамалар (кҥрделі немесе 
абортивті) бақылануы мҥмкін. 
Ортаңғы сатысында алкогольге толеранттылық жоғарылап, ӛзінің 
шырқау шегіне шетеді және жылдар бойы ӛзгермеуі мҥмкін. Iшімдіктi 
қабылдаудың тәуліктік дозасы 1,5-2 л арақ мӛлшеріне жетеді. 
Алкогольді мастанудың клиникасы ары қарай ӛзгеріске ҧшырайды. 
Мастану жағдайындағы кӛңіл-кҥй айналадағыларға агрессия танытумен 
басым тітіркенген-ызалы сипат алады. Қабылданған алкоголь мӛлшерін 
бақылау қабілетін жоғалту спиртті ішімдіктің аз ғана мӛлшерін 
қабылдаған соң пайда болады.
Алкогольге кҥшті әуестіктің мӛлшерлік бақылауды жоғалту және 
абстинентті синдроммен біpгe жҥpyi маскҥнемдік формасының 
ӛзгepгендігін білдіреді. Бҧл сатыда науқастар жиі алкогольді кҥн 
сайын айқын мастану шақыратын дозаларда қолданады, немесе бірнеше 
кҥннен бірнеше аптаға дейін мерзіммен арасына бірнеше апта салып, 
салынып ішеді. 
Алкоголизмнің ортаңғы сатысында ауру ағымының ерекше кӛpiнiсi 
жалған салынып ішу (псевдозапой) болып табылады (бірнеше кҥннен
2-3 
аптаға дейін созылады) – науқас әлеуметтік мотивтерге байланысты 
(жанҧялық, қызметтік, ақшаға қатысты және т.б.) ішуін тоқтатады. 
Салынып ішу аралықтарында науқастар ішімдікті пайдаланбайды.
Әрбір мастану жағдайы оның соңғы этапының амнезиялануымен 
аяқталады. 
Осы аталған бҧзылыстар тұлға өзгерісі, деградациясы фонында жҥреді. 
Алғашқы сатыдағы науқас мінез-қҧлқындағы ӛзгерістер дӛрекілене тҥседі, 
эгоизм ҧлғаяды. Ішімдікке қаражат табу жолында жанҧя, қызметтік, 
қоғамдық жағдайларды елемейді. Мнестико-интеллектуальды бҧзылыстар 
ҧлғайып, цинизм, орынсыз (алкогольді) әзіл пайда болады. Зейін, ес 
бҧзылысы тереңдей тҥседі. Ойлау біртекті, нақты, алкогольді тематикаға 
келіп тірелетін беткей ассоцациялармен жҥреді. 
Ерік ҥрдісі терең бҧзылысқа ҧшырайды: маскҥнемдікті тоқтатамын 
деген ант берулері, уәдесі бірден ҧмытылады. Айналасындағылардың 
алдында кінәлілік сезімі болмайды. Бҧрынғы қызығушылытары жоғалады, 
басты қажеттілігі спиртті ішімдік болып табылады. 
Алкогоглизмнің бҧл сатысында жиі жедел алкогольді психоздар 
дамиды. 
Бҧл сатының ҧзақтығы орта есеппен 3-5 жылды қҧрайды. 


~ 230 ~ 
Науқас И., 47 жаста. Келесі шағымдармен түсті: ашушандық, үрей, ұйқының, 
бұзылуы, спиртті ішімдіктерді қабылдауға деген күшті әуестік, алкогольді мастану 
кезінде өз iс-әрекеттерін басқара алмау. 
Психикалық аурулармен тұқым қуалау ауырлығы анықталған жоқ. Балалық шағында 
дамуы жағынан қатарластарынан артта қалған жоқ, жайлы жанұяда өскен. Алкогольді 
бipiншi рет 17 жасында қабылдаған, және оған деген жиіркеніш ceзiмiн байқаған. 
26 жастан бастап алкогольді жүйелі пайдаланған. Бұл кезде ішімдікке деген 
жиіркеніш сезімі туындамаған. Жұмысындағы жағдайы (бар, тегін спиртті 
ішімдіктер) ішімдікті көп пайдалануға ықпал еткен. Күнделікті дерлік ішкен, бірақ 
ішуден бас тарта алған, "бас жазбаған". Осы кезеңде жанұялық жағдайларына 
байланысты қонақ үйге жұмысқа ауысқан, бұл жерде жиі және көп мөлшерде іше 
бастаған, еңбек тәртібін бұзған жағдайлар болған. Жұмысынан қуылу қayпiне 
байланысты өз еркімен кетуге тура келген. Біртіндеп толеранттылық жоғарылаған: 
науқастың айтуы бойынша, «алғашында шараптың бip рюмкасынан мас болатынмын, ал 
қазір бip кеште екі шөлмек коньяк iшiп қоямын». 13 жыл бұрын бас жазу синдромы 
пайда болды: қатты бас ауыруы, жүрек айну, бас айналу. Бұл құбылыстар 
ішімдіктің белгілі бip дозасын қабылдағаннан кейін жойылған. Осыдан тоғыз жыл 
бұрын ішіду шындығында қоямын деп шешіп, дәрігерге көрінген, эспираль 
имплантацияланған. 5 жыл бойы ішімдік
пайдаланбаған. Кейіннен кезеңмен ғана 
қабылдаймын деген үмітпен аздап ішуді бастаған. Алкогольге деген құмарлық жылдам 
пайда болып, бас жазу синдромы қайта дамыған, алкогольге толеранттылы жоғары 
шегіне жеткен. Қайта емделуге тілек білдірген. Екінші рет стационарға жатып,
зерттелгенде алкогольді майлы гепатит диагнозы қойылды. Шыққаннан кейін 8 айға 
дейін ішімдік пайдаланбаған, бірақ өзімен бipгe емделген танысының ішіп жүргенін 
естіп, тағы да байқап көpгicі келген. Ол ішкілігі стационарға осы түсу кезеңіне дейін 
жалғасқан. «Маскүнемдік» сипаты өзгерген: кез-келген құрамында спирті бар 
сұйықтықтарды қолданды, тез масаятын болды, жиі қақтығыстарға түседі. Қабылдаған 
ішімдік мөлшерін бақылау қабілетін жоғалтты, мастану жағдайында не істеп, не 
қойғанын жиі есіне түсіре алмады. 
Соматикалық жағдайы: жүрек шекарасы солға ығысқан, бауырдың қыры тығыз, ауыру 
сезімінсіз, қабырға астынан 4 см шығып тұр, көкбауыры үлкеймеген. 
Неврологиялық 
жағдайы: 
рефлекстері 
күшейген, 
симметриялы. 
Ошақтық 
неврологиялық симптоматика жоқ, қол басының треморы байқалады. Гипергидроз, айқын 
қызыл дермографизм. 
Психикалық жағдайы: бағдары толық, контактқа оңай түседі, қабылдау бұзылысы 
байқалмайды. Стационарға келу алдындағы кезенді нашар есіне түсіреді, жеңіл 
фиксациялық 
амнезия 
байқалады. 
Ойлау 
темпі 
баяулаған, 
фантазиялауға, 
диссимуляцияға, өтірікке бейім. Эмоциональды ұстамсыз. Көңіл-күйі төмен. Сөзінде 
орынсыз әзілдер жиі кездеседі. Дертіне сыни көзқарас формальды. 
Абстинентті синдромды жою үшін
науқас натрий оксибутиратын, реланиум, 
дезинтоксикациялық терапия, массивті витаминдік терапия (соның ішінде В тобының) 
ноотропил қабылдады. Психотерапия жүргізілді. Абстинентті жағдай симптомдары 
жойылғаннан кейін науқастың алкогольді пайдаланбаймын деп уәде беруімен табанды 
түрде сұранысына байланысты үйіне шығарылды. Наркологиялық диспансерде ем 
жалғастыру ұсынылды. Диагноз: алкоголизм, ортаңғы сатысы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет