Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау


Алкоголизм кезіндегі жастық және жыныстық факторлардың рӛлі



Pdf көрінісі
бет146/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

Алкоголизм кезіндегі жастық және жыныстық факторлардың рӛлі 


~ 232 ~ 
Жастық фактордың алкоголизм дебютi және дамуында маңызы бар. 
Алкоголизм неғҧрлым ерте жаста (жасӛспірімдік, жастық шақта) 
басталса, соғҧрлым қатерлі ӛтеді: сатылардың ауысуы мен ауырлауы 
жылдам жҥреді, ал алкоголизм кӛріністері айқын сипатта ӛтеді. Жас кезде 
тҥзілген 
алкоголизм 
тҧлғаға 
айрықша 
теріс 
әсер 
кӛрсетеді, 
энцефалопатиялық синдромның жылдам ҥдеуіне, психоздардың ерте 
дамуына ықпал етеді. 
Картаю алдындағы кезеңде пайда болған алкоголизм токсикалық 
экдефалопатияның жылдам дамуына және ӛpшуіне алып келеді: және де ауру 
сатылары тез алмасады. Бҧл кезеңде алкоголизм жедел психоздармен 
сирек, ал созылмалы психоздармен жиірек асқынады. Соматикалық 
бҧзылыстар ерте анықталады. 
Соңғы уақытта әйелдер арасындағы алкоголизм кең таралып кетті. 
Әйелдер алкоголизмінің бірқатар ерекшеліктері болады. 
Әйелдерде алкоголизм жылдам қарқынмен дамып, және клиникалық 
кӛpiнiстepi бойынша ерлермен салыстырғанда ауыр ӛтеді. Бірақ 
алкоголизмнің жеңіл ағымы жӛнінде және әйелдер алкоголизмін қатерлі 
деп санауға мҥмкіндік бермейтін мәліметтер де бар (ауырлатушы 
факторлар болмағанда).
Ерлерден айырмашылығы әйелдерде ішімдікке патологиялық әyecтік 
алкогольді шектен тыс қолданудың алғашқы 1-2-ші жылдарында тҥзіледі, 
және осы уақыт аралығында спирттік ішімдіктерге физикалық тәуелділік, 
яғни абстинентті синдром анықталады. Әйелдерде тҧлғаның алкогольдік 
ӛзгерісі сексуальды азғындықпен және әлеуметтік деградациямен кӛріне 
отырып, жылдам қарқынмен дамиды. 
Алкогольдің адам ағзасына әсері және алкогольдік мастану 
диагностикасы 
 
Алкогольдің адам ағзасына әсерінің 2 ерекшелігін бӛлуге болады - 
оның мастану шақыратын тікелей әсері, және алкоголизм ауруына алып 
келетін жҥйелі шектен тыс қолдану. 
Алкогольдің негізгі әсері – мастандырушы әсер. Алкоголь әсерінің 
нәтижесі қабылданған спиртті ішімдіктің дозасына ғана емес, оның 
кҥштілігіне де байланысты. Арақ тәрізді кҥшті ішімдіктер әсер еткенде, 
алкоголь 1 сағат ішінде қанда максимальді концентрациясына жетеді. Бҧл 
кезде мастану тез дамиды және айқын кӛрініс береді. 
Мастану кезінде соматикалық, неврологиялық және психикалық 
бҧзылыстар қатары бақыланады., олардың кӛріністері мастану дәрежесіне 
байланысты.
Алкогольдік мастанудың жеңіл, орташа, ауыр дәрежелерін бӛледі. 
Мастанудың жеңіл дәрежесінде қабылдау табалдырығы тӛмендейді. 
Интеллектуальді ҥрдістер бҧзылады: зейін бҧзылады, реакциялар баяулаған, 
ойлау логикасы тӛмендейді, ҧқсас ассоцациялар бақыланады. Қоршаған 


~ 233 ~ 
ортаны қабылдау қиындаған, критика тӛмендеген. Кӛңіл-кҥй тҧрақсыз, жиі 
кӛтеріңкі, бірақ кейде ашушаңдық, тітіркенгіштік кӛрініс беруі мҥмкін. 
Қимыл координациясы бҧзылған, сӛйлеудің жеңіл бҧзылыстары бақыланады. 
Мастанудың орташа дәрежесінде зейін кҥрт бҧзылады, ол елітпелі 
болып келеді. Қабылдау нақтылығы және дифференцациясы жоғалады. 
Интеллектуальдық ҥрдістер баяу, персеверациялар пайда болады, ойлау 
кездейсоқ ассоцияциялармен кӛрінеді. Примитивті, әсіресе сексуальды 
әуестіктер жанданады. Орташа дәрежелі мастану жағдайындағы адамдар жиі 
ызалы, агрессивті болады, ол ӛз кезегінде тӛбелестерге және ҧрыс-керіске 
әкеледі. Қимыл координациясы едәуір бҧзылған, жҥрісі тәлтіректеген, сӛйлеу 
– дизартриялы. 
Мастанудың ауыр дәрежесінің клиникасы ҥдемелі есеңгіреумен 
кӛрінеді. Артынан терең ҧйқыға кетеді: мас адам қолайсыз қалыпта және кез-
келген жерде ҧйықтап қалады, еріксіз зәр бӛлінуі, дефекация, кейде бҧлшық 
ет тырысулары болуы мҥмкін. Мастану кезеңі жӛніндегі естеліктер әдетте 
сақталады, алайда кейде бӛліктік болуы мҥмкін.
Ауыр алкогольды интоксикация кезінде пайда болатын коматозды 
жағдайда алкогольді организмнен шҧғыл шығаруға бағытталған шараларды 
орындау керек (асқазанды шаю, жҥрек - қантамыр және тыныстық 
функцияларды сҥйемелдеу). 
Мастанудың жеңіл дәрежесінде алкогольдің қандағы концентрациясы 
2‰, орташа дәрежесінде 2-5‰, ауыр дәрежесінде 5‰-дан жоғары болады. 
Бҧл мәліметтер 1 кг дене массасына шаққанда тӛмендегі кӛрсетілген 
алкогольдің (спирт) мӛлшеріне сәйкес келеді: І-І,5; І,5-2 және 2,5-3,5 мл. 
Мастануды және оның дәрежесін анықтау ҥшін негізгі мәліметті 
клиникалық кӛрнісі береді. Сонымен қатар олар алкогольдің организмдегі 
қҧрам бӛлігін және оның концентрациясын анықтайтын бірқатар 
лабороториялық әдістермен және сынамалармен негізделеді. 
Тыныспен шыққан ауада алкоголь бар-жоғын дәлелдейтін сапалық 
реакция Раппопорт реакциясы болып табылады, бҧл кезде алкоголь кҥкірт 
қышқылының 
қатысуымен 
ацетальдегидке 
айналады 
және 
калий 
перманганаты ертіндісінің тамшыларын қосқан кезде тҥссізденеді. Шоймош 
модификациясындағы Видмарк әдісі анағҧрлым дәлірек болып табылады, 
бҧл кезде сандық анықтау әдісімен қандағы алкоголь концентрациясы 
анықталады. Бҧл әдіс Видмарктың арнайы колбасы ішінде алкогольдың бір 
уақытты дистилляциялануы мен тотығуына негізделген. 
Алкогольдік мастану фактын анықтау ҥшін Л.А.Мохов және 
И.П.Шинкаренко ҧсынған индикаторлы тҥтіктер кеңінен қолданылады. Бҧл 
тҥтіктерде қҧрған реагент - мақтаға сіңірілген хром ангидридінің 
концентрацияланған кҥкірт қышқылындағы ертіндісі бар. Алкогольдің 
тыныспен шыққан булары индикатордың сары тҥсін жасыл немесе кӛгілдір 
тҥске ӛзгертеді, осылайша тыныспен шыққан ауада алкоголь бар екенін 
кӛрсетеді (бҧл оң реакция ретінде бағаланады). 


~ 234 ~ 
Алкогольдің қандағы максимальды концентрациясын анықтаудың дәл 
әдісі В.Ф. Пономоревтің газды - сҧйықтықты хроматографиясы болып 
табылады. Бҧл әдіс алкогольдың этилнитратқа айналуына, артынан тҥзілген 
ӛнімнің газды хроматографта тіркелуіне негізделген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет