Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау


ІІ тармақ  ПСИХОГИГИЕНА ЖӘНЕ ПСИХОПРОФИЛАКТИКА



Pdf көрінісі
бет17/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

ІІ тармақ 
ПСИХОГИГИЕНА ЖӘНЕ ПСИХОПРОФИЛАКТИКА 
4 тарау Психогигиена, мазмҧны мен міндеті 
 
Психогигиена – халықтың психикалық денсаулығын сақтау және 
нығайту шараларын іске асыратын, сонымен бірге адамның оптимальды 
психикалық қызмет ету жағдайларын зерттейтін медицинаның бір саласы. 
Психогигиена адамның психикалық саулығына сыртқы ортаның әсер 
етуін зерттеумен айналысады. Табиғаттағы, қоғамдағы, сонымен бірге 
ӛндірістегі, тҧрмыстағы психикалық сфераға қолайсыз, зиянды факторларды 
анықтайды және оларды аластату жолдарын ҧйымдастырады. Ӛңдірісте 
ғылыми негізде жасалған гигиеналық және психогигиеналық нормативтердің 
сақталу қажеттілігін занды тҥрде қамтамасыз етеді, жаңа ӛзгерістерді 
жетілдіруге,адамзат сәттілігі ҥшін ғылыми-техникалық революцияның 
жетістіктерін толық қолдануға бағыттайды. Психикалық бҧзылыстар, 
психикалық дискомфорт, адам денінің саулығы тҥсінігіне қарама-қайшы. 
Психогигиена адамның психикалық саулығына сыртқы ортаның 
тигізетін әсерін зерттейді. Психогигиена ӛзінің методологиялық жағынан 
әлеуметтік гигиенаға жақын. Егер әлеуметтік гигиена әлеуметтік ортаның 
адам организміне тигізетін әсерін зерттеп, және организмге тигізетін зиянды 
факторлардың алдын алумен айналысса, психогигиена тек адамның 
психикасына байланысты бӛлігімен айналысады. Сонымен психогигиенаның 
негізгі мақсаты психикалық патологияның пайда болуында тҧқым қуалау, 
биологиялық факторлардың мәнін ескере отырып, әлеуметтік ортаның 
адамның психикалық саулығына әсерін зерттейді және психикалық 
аурулардың алдын алу шараларын қарастырады. 
Психогигиена ғылым және іс-шаралар кешені ретінде жеткілікті білім 
жинағына және ӛзіндік зерттеу әдістеріне әлі де кедей. Психогигиена тарихи 
қалыптасуы бойынша психиатрияның бір бӛлігі ретінде дамыды. 
Психогигиена арқылы психиатрия мен әлеуметтік гигиена арасында 
байланыс жҥзеге аса бастады. Психогигиена тҧрғысында әлеуметтік гигиена 
әдістерін меңгеру, психиатр клиницист-психиатрларға профилактиканы 
негізгі бағыт ретінде ҧстанып, психопатологияның әлеуметтік және 
биологиялық аспектілерін толық және дҧрыс бағалауға кӛмектеседі. 
Психогигиенаның профилактикаға бағдары, шекаралық психикалық 
патологияға, әлеуметтік–психологиялық дезадаптирлеуші және психикалық 
сфераны компенсирлеуші факторларға жоғары назар аудару, психикалық сау 
тҧрғындар арасында ғылыми және тәжірибелік жҧмыстарды кеңейту, 


~ 34 ~ 
адамның оптимальды психикалық қызмет ету жағдайын зерттеу, соңғы кезде 
психогигиенаны медициналық психологияның бір бӛлігі ретінде бағалауға 
мҥмкіндік берді. 
Психология - адамның қалыптағы психикалық қызметін зерттейтін 
ғылым. Медициналық психология - медицинаның психологиялық аспектін 
зерттейтін және патологиялық жағдайларда психикалық зерттеуді 
ҧйымдастыратын ғылыми бағыт. 
Жоғарыда кӛсетілген мақсатқа сәйкес денсаулық ҧйымының алдында 
тҧрған нақты міндеттерді ажыратуға болады, олар сау психика мен 
гормониялы тҧлға ҥшін кҥрес. Бҧл міндеттер психогигиена қызметінің 
бағытын анықтайды және осы кезеңге сәйкес теория мен тәжірибені 
қолданады, оның бӛлімдері: еңбек психогигиенасы, жасқа байланысты 
психогигиена, тәрбие және білім беру психогигиенасы, жанҧя мен жыныстық 
ӛмір психогигиенасы, науқас адам психогигиенасы, зиянды әдеттер және 
алкоголизммен кҥрес. 
Спорт, әскери, инженерлік, космостық психогигиена аумағында және 
т.б. жҧмыстар жҥргізілуде: 
Психогигиена жетістіктерін тәжирибеге асыру қҧралдары: 
1) Мемлекеттік және қоғамдық мекемелерге адамның әртҥрлі 
әлеуметтік қызметін қамтамасыз ететін ғылыми негізделген 
нормативтер мен кепілдемелер жасау; 
2) Халықтың нақты контингентін ҥйрету, психогиеналық біліммен 
алмасу, 
дағдылар 
ҥйрету 

медицина 
қызметкерлеріне, 
педагогтарға, ата – аналарға ). 
3) Кең кӛлемді тҧрғындар арасында психогигиеналық санитарлық- 
ағарту жҧмыстарын жҥргізу. 
4) Қоғамдық 
ҧйымдарды 
қамти 
отырып, 
кең 
кӛлемде 
психогигиеналық білімді ҥгіттеу. 
Психогигиена пәнінің мәселесі мен мазмҧны арасындағы кӛзқараста 
бірлік жоқ. Батыс елдерінде оның шекарасын кеңейту тенденциясы бар, 
психогигиенаны жалпы мемлекеттік қызмет деңгейіне кӛтеру, бҥкіл 
қоғамдық іс деп қарау, ал денсаулық сақтау саласында тек 
психопрофилакттиканы есепке алу. Екінші жағынан, психогигиена 
компетенциясы кҥрт тарылады және емдеу әдісімен, соның ішінде 
психотерапиямен теңеседі. Психотерапияның негізін салушылардың бірі 
З.Фрейд болып табылады. Психоанализді жақтаушылар науқас капиталистік 
қоғамды жеке және топтық психотерапияны кең қолдана отырып “емдеу” 
мҥмкін деп санайды. Кей жағдайда психогигиена және медициналық 
психогигиена, психогигиена және әлеуметтік психогигиена тҥсініктері 
біріктіріледі. 
Шетел медицинасында психогигиенаның шығу тегіне кӛзқарастардың 
әртҥрлі болуы идеялық алауыздықты бейнелейді. Психиканы материалдық 
негізінен бӛле отырып, психикалық ҥрдістерді идеяның, жан дҥниенің ӛзіндік
дамуының 
нәтижесі 
ретінде 
қарап, 
идеалисттер 
медицинадан, 


~ 35 ~ 
психиатриядағы нозологиялық принциптен бас тартты, олар психология мен 
психопатология арасында айқын айырмашылық жоқ деген ой айтты. 
Олардың айтуы бойынша психикалық бҧзылыстар стресс нәтижесінде 
дамиды, адамның конфликтке жауап беру формасы. Олардың пікірінше 
мемлекеттік қҧрылым мен капиталистік жҥйелер ақаулары конфликтті 
жағдайлар туындатып, психикалық ауру дамытпайды, ал техникалық 
прогресс адам ӛміріне қауіп тӛндіреді. Осылайша шынайы себеп-салдарлық 
қатынастар бҧлыңғырланады, патологияның кӛзі болып адамның ӛзі, оның 
туа біткен әлсіздіктері, цивилизациялық ортаға қарсы тҧру мҥмкінсіздігі 
болып табылады. 
Шетел психогигиенасы назарында әлеуметтік зиянды факторларды 
анықтау және оларды зерттеу емес, адам тҧлғасы, оның дҧрыс тҥзілуі, оның 
коррекциясы және терапиясы болды. Бҧл жағдайда тҧлға идеалистік, яғни 
қоғамдық қатынастарды тасымалдаушы емес, тҧлғаның әлеуметтік 
табиғатынан бӛлек сипатта қарастырылады, олар жеке бастың әлеуметтік 
және биологиялық бірлігін теріске шығарады. 
Жалпы психогигиенаның буржуазиялық идеологиясына мыналар тән: 
- Жҥйкелік-психикалық 
аурулар 
себептерінің 
топтық 
сипатын 
антиурбанизм, антииндустриализм, антитехницизм тәрізді ҧсақ 
буржуазиялық концепциялармен бҥркемелеуге тырысу; 
- Тҧлға проблемасына жоғары қызығушылық таныту, әлеуметтік 
ортамен арадағы конфликтке кінә арту; 
- буржуазия және оның әкімшілігіне ыңғайлы нәтиже алуға бағытталған 
тҧлғаны тәрбиелеу және қалыптастыру программасын қҧру; 
- адам тҧлғасына әсер ету формаларын жсауда дінге сҥйену. 
Бҥкіл әлемде психогигиена мәселесіне оң қызығушылықты мойындамауға 
болмайды. Психогигена медицинаның, педагогиканың, ӛндіріске, әлеуметтік 
қызметке қажет болып табылатын ажырамас бӛлігі болып танылды. Кӛптеген 
елдерде қоғамдық мекемелермен қатар денсаулық сақтау органдарында 
психогигиенаның мемлекеттік бӛлімдер қызмет етеді. 
1949 жылы Дҥниежҥзілік денсаулық сақтау ҧйымында /ДДҦ/ 
психогигиена бӛлімі қҧрылды, онда 38 елден 100 кеңесші – мамандар 
біріктірілді. 
Жыл сайын ӛткізілетін 7 сәуір денсаулық сақтау кҥні 1959 жылы 
«Заманауи әлемдегі психикалық аурулар мен психикалық саулық» 
тақырыбында ӛткізілді. Дҥниежҥзілік денсаулық сақтау кҥніне арналған 
материалдарда психикалық аурулар “денсаулық сақтау ҥшін ең ҥлкен 
мәселе” болып кӛрсетілген. 1960 жыл психикалық денсаулық жылы деп 
жарияланды және адамның саулығы ҥшін кҥрес ҧранымен ӛтті. Соңғы 
жылдары психогигиена мәселелерін шешу ҥшін бҥкіл әлемде кӛптеген 
конгресстер, съездер, симпозиумдар ӛткізілді. Психогигиеналық қызметтің 
халықаралық программасы жасалды. Қазіргі кезде психогигиенаның мынадай 
міндеттері бар: нәсілшілдік пен панасыздықты, дамушы елдердегі 
кедейліктің тамырын жою. 


~ 36 ~ 
Біздің елімізде психогигиена дамуына қолайлы жағдай Ҧлы Октябрь 
Социалистік Революциясын жеңумен байланысты болды. Мемлекеттік 
қҧрылым, әлеуметтік ӛңдірістік қатынас, адам қабілеті дамуының шектелмеуі 
ҥшін еңбекшілердің материалды сәттілігін, мәдениетті жоғарылатуға негіз 
салды. 
1920 – 1930 жылдары психодиспансерлер ашылып, кең кӛлемде кӛмек 
кӛрсетілді. Ӛндіріс орындарында психогигиеналық кабинеттер пайда болды. 
Жалпы мәдениеттің ӛсуі, санитарлық-ағарту жҧмыстарының дамуы, 
тҧрғындардың медициналық білімді игеруі және психикалық аурулар 
жӛніндегі тҧрғындардың хабардарлығы психоневрологиялық диспансерлерге 
тек ауыр жағдайларда ғана емес, сонымен бірге шекаралық жҥйкелік- 
психикалық бҧзылыстармен кӛмекке келу жағдайларын жоғарылатты. 
Шекаралық 
психикалық 
патологияны 
кең 
зерттеу, 
балалар 
психотерапиясының дамуы, еңбек, сот психиатриясының, әскери сараптар 
және 
науқастардың 
реабилитациясы, 
әлеуметтік 
факторлар 
мен 
психоздардың биологиялық негізін зерттеу психикалық бҧзылыстардың 
алдын алуға ықпал етті. 
Психогигиена мен психопрофилактиканың дамуы ҥшін ғылыми 
платформа психиатрия, психоневрология, психопрофилактика және гигиена 
ғылыми-зерттеу институттарында, сонымен бірге жоғарғы оқу орындарында 
психиатрия кафедраларының және психология мәселелерін және еңбек 
эстетикасын зерттейтін арнайы лабораториялардың ғылыми жҧмыстарымен 
қаланады. 
Бҧл 
зерттеулер 
тҧрғындарды 
емдеудің 
мемлекеттік 
программасының бӛлігі және психикалық ауруларды қайтаруға бастама 
болып табылады. Олар диалектикалық материализм теориясымен негізделген 
ортақ методологиялық позициямен орындалады. 
Біздің елімізде қол жеткізілген психогигиеналық білім дәрежесі жҥйкелік- 
психикалық аурулармен тиімді кҥресуге мҥмкіндік береді. Еліміздің 
психогигиенасының 
ғылыми 
негізі 
И.М. 
Сеченов, 
И.П.Павлов, 
Н.Е.Введенский, А.А.Ухтомский, П.К.Анохиннің физиологиялық ілімі
теориялық негізі - диалектикалық және тарихи материализм жағдайлары 
болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет