Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет16/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

ПСИХИАТРИЯЛЫҚ КӚМЕК 
 
Стационарлық кӛмек психикалық ауруларды емдеуде маңызды роль 
атқарды. Әр елде 1000 тҧрғынға есептегенде психикалық орын 0,2 ден 6-ға 
дейін болады. Дамушы елдерде оның саны аз. Қазіргі уақытта психикалық 
ауруларды, олардың жанҧяларынан және қоғамнан бӛлмей емдеуге қатысты 
жалпы тенденцияға байланысты психиатриялық койкалар саны қысқарды. 
Дҥниежҥзілік Денсаулық сақтау Ҧйымы (ДДҦ) эксперттерінің айтуы 
бойынша 1000 тҧрғыны бар елге 1-1,5 орын болуы тиіс. Біздің елімізде 1975 
ж. 312,6 мың адамға 1,2 орын болды. Сонымен қатар қалаларда 2-ден 
жоғары, ауылдық жерде 1 және одан кем болды. Біздің елде психиатриялық 
койкалар саны салыстырмалы тҥрде кӛп емес. 
Соңғы кезде созылмалы алкоголизммен ауыратын науқастарды 
емдейтін ауруханалар ашылып жатыр. Осындай профилизацияланған 
ауруханаларда науқастарға емдік және реабилитациялық жҧмыс жҥргізу 
тиімдірек.
Жаңа психиатриялық ауруханалар қҧрылысында оның архитектуралық 
кӛркемделуіне, бӛлімше және бӛлмелерді жоспарлауға кӛп мән берілді. 
Палаталар ең аз науқас санына есептелген. Сонымен қатар қосымша 
бӛлмелер, науқастарға арналған тынығатын бӛлмелер, спорт залдары, 
мәдени-терапиялық бӛлмелер және тағысын-тағы бар. Медперсоналдар 
бӛлмелері науқастарды әр уақытта тіркеп тҧруға ыңғайлы.
Отандық 
психиатрияның 
негізін 
қалаушылар 
тҧрғындарға 
психиатриялық кӛмектің қолжетімді болу керектігін ҥнемі кӛрсеткен. 
Ауруханадан тыс психиатриялық кӛмектің бір формасы - жанҧялық 
психиатриялық патронаж.
Ресейде ең алғаш рет осы форма туралы 1887 ж.орыс психиатрларының
бірінші съездінде айтылған. Бҧл кӛмек формасы – кеңес ҥкіметі кезіндегі 
психиатрияның ең маңызды жетістігі болып табылады.
Жанҧялық патронаж кезінде науқасты жанҧясында қалдырады немесе 
медициналық кӛрсеткіштерге сҥйеніп, оларға медициналық кӛмек немесе 
ақшалай кӛмек кӛрсеткен. Патронаж кӛбінесе ремиссия кҥйіндегі және 
кҥтімді қажет ететін созылмалы науқастарға тағайындалған. Патронаж 
психиатриялық кӛмекті тҧрғындарға жақындатты және жазылып келе жатқан 
науқастардың дәрігер бақылауында болып, ӛз жҧмысымен айналысуына 
немес ӛзге жҧмыс іздестіруіне мҥмкіндік берді.


~ 32 ~ 
Кеңес ҥкіметінің алғашқы жылдарында психиатриялық патронаж 
ауылдық жағдайда ауруханадан тыс жҥйе ретінде маңызды роль атқарды. 
Соңғы кезде ауруханадн тыс кӛмек тҥрінің дамуына байланысты 
психиатриялық патронаж ӛз маңызын жоғалтты.
Кеңес ҥкіметінің алғашқы жылдарында психиатриялық кӛмекті 
децентрализациялау және оны тҧрғындарға жақындату психоневрологиялық 
диспансер ҧйымы ретінде жҥзеге асты. Бҧрынғы Кеңес Одағындағы 
диспансерлік психиатриялық кӛмек психиатриялық кӛмек жҥйесі бойынша 
алдыңғы қатарда болып отыр. Диспансерлік психиатриялық кӛмек 
арқасында психиатриялық ауруханаларда стационарлы науқастар саны 
азайды.
Диспансерлер науқастарға емдік және социальды кӛмек кӛрсетеді. 
Ауылдық жерлерде ауруханаларда психиатриялық кабинеттер жҥйесі және 
орталық аудандық ауруханаларда психоневрологиялық бӛлімшелер бар. 
Осындай кабинеттерде немесе бӛлімшелерде жалпы учаскелік дәрігер және 
орта медперсонал психиатр кеңесі арқылы бекітілген учаскелеріндегі 
аурулармен кҥнделікті емдік және профилактикалық жҧмыс жҥргізеді.
Орталық аудандық аурухананың диспансерлік бӛлімінің қҧрамында 
психиатриялық, 
неврологиялық, 
балалар, 
психоневрологиялық, 
наркологиялық 
кабинеттер 
бар. 
Психоневрологиялық 
диспансер 
бӛлімшесінің қызметкерлері осы контингент науқастарын, әсіресе алғаш 
дерттің белгісі бақыланған науқастарды анықтауға байланысты қомақты 
жҧмыс ӛткізді. Бҧл қызметте негізгі кӛмекті ауылдық учаскелік дәрігерлер, 
фельдшерлер, акушерлер, ауыл тҧрғындарын жақсы білетін адамдар 
кӛрсетеді.
Соңғы 10 жылда науқасты қоғамдық ортадан аластатпай емдеу тҥрі 
дамып, етек алып келеді. 
Ауруханадан тыс психиатриялық кӛмек жалпы емханамен тығыз 
байланыста жҧмыс жасайды. Психоневрологиялық диспансер мен жалпы 
емхана арасындағы интеграция бҧрыннан қалыптасқан, яғни, осы 
диспансерлерде қызмет ететін дәрігерлер мен жалпы емхана қызметкерлері 
бір аймақта және бір әкімшіліктік ауданда тҧратын науқастарды еммен 
қамтамасыз етеді. Бҧл диспансерлік және емханалық жҧмыстарды 
жеңілдетеді, яғни олармен уақтылы кеңес беру, тҧрақты бақылау жасау, 
барлық ауруларға уақытында психиатриялық кӛмек кӛрсету, аурулардың 
уақтылы дәрігерге кӛрінуі тәрізді жағдайлар жасалуда. Осы қиындықтарды 
жеңу ҥшін емханаларда психотерапия бӛлмелерін ашу туралы шешім 
қабылданды. 
Психотерапевт бӛлмесін жалпы емхана қҧрамына қосу ҥшін ауруларға 
психиатриялық және жалпы дәрігерлік кӛмекті бірдей кӛрсету қажет. 
1975 ж. жалпы психиатриялық кӛмек жҥйесінен бӛлек қызмет болып 
наркологиялық кӛмек шықты. Наркологиялық кӛмек арнайы жабдықталған 
аурухана және алкоголизммен науқастарды емдеуге арналған наркологиялық 
диспансер тҥрінде болады. Наркологиялық диспансерлер алкоголизммен, 


~ 33 ~ 
наркоманиямен, токсикоманиямен зардап шегетін науқастарды ерте анықтау 
және осы аурулардың алдын алу, емдеу, есепке тіркеу, осы ауруларға қажет 
әлеуметтік 
кӛмек 
кӛрсетуді іске 
асырады. Кейбір 
мекемелерде 
наркологиялық кабинеттер және фельдшерлік наркологиялық пункттер бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет