~ 269 ~
Ми мерезі кезіндегі
галлюцинаторлы–параноидты синдром жиі есту
галлюцинацияларының пайда болуымен басталады: науқас ӛзінің
тарапына
балағат сӛздер, кемсітулер, жиі жәбірлеуші сексуальды сӛгістер естиді, кӛп
ҧзамай науқастар бҧл дауыстарға сын кӛзқарасын жоғалтады, ӛзін кісі
ӛлтіретіндер, ҧрылар және т.б. аңдып жҥр деп есептейді.
Галлюцинаторлы–параноидты синдром фонында қозу жағдайымен
бҧзылған сана эпизодтары бақылануы мҥмкін.
Ми
мерезі
кезіндегі
галлюцинаторлы–параноидты
синдромды
алкогольдік психоздан, шизофрения тәрізді синдромдардан ажырату керек.
Ми мерезі кезінде сандырақ пен галлюцинация қарапайым мазмҧнда
болады, эмоциональды
компонентпен байланысқан, тҧлғаның органикалық
ӛзгерістері фонында дамиды, ал шизофрения кезінде олар абстрактылы,
тҧлғаның эмоциональды
кедейлену белгілері, ойлау бҧзылысы бақыланады.
Алкогольдік психоз кезінде тҧлғаның алкогольді тип бойынша ӛзгерістері
байқалады.
Мерез ҥрдісінде әрқашан мерездің соматикалық және неврологиялық
белгілері, және де лабораториялық зерттеулердің сәйкес мәліметтері болады.
Псевдопаралитикалық синдром кезінде органикалық тип бойынша ақыл
кемдігі фонында бейғам кӛңіл-кҥй басым болады, науқастар эйфория
кҥйінде, әртҥрлі фантастикалық сипаттағы ҧлылық
сандырақтық идеяларын
айтуы мҥмкін.
Достарыңызбен бөлісу: