Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет178/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

ҤДЕМЕЛІ 
САЛДАНУ 
КЕЗІНДЕГІ 
ПСИХИКАЛЫҚ 
БҦЗЫЛЫСТАР 
Ҥдемелі салдану мерезбен науқастанғандардың 1 - 5%-да мерезбен 
ауырғаннан кейін 10- 12 жылдан соң кӛрінеді және жылдам ҥдейтін тотальды 
ақыл кемдігімен, неврологиялық бҧзылыстармен, қан мен ликвордағы 
серологиялық реакциялармен сипатталады. 
Аурудың бастапқы, ортаңғы, соңғы сатыларын бӛледі. 
Бастапқы сатыда церебрастениялық симптоматика пайда болып, 
белсенді тҥрде ҥдейді, сӛйлеу, оның артикуляциясы, қарқыны бҧзылады. 
Ортаңғы саты ақыл кемдігінің ҥдеуімен, тҧлғаның дӛрекіленуімен, 
критиканың, қоршаған ортаны дҧрыс қабылдаудың тӛмендеуімен, ес 
нашарлауымен, бейғам кӛңіл-кҥймен сипатталады. 
Біртіндеп тҧлға ӛзгерісі мен интеллект қҧлдырауының барлық белгілері 
кӛрініс береді. 
Ҥдемелі салданудың соңғы сатысы (марантикалық сатысы) психикалық 
қызметтің толық ыдырауымен, толық қорғансыздықпен, физикалық 
маразммен сипатталады. Қазіргі кезде заманауи ем қолдану нәтижесінде 
дертті кӛріністер маразм дәрежесіне дейін жетпейді. 
Ҥстемдік ететін психопаталогиялық синдромға байланысты ҥдемелі 
салдану тӛмендегідей жиі кездесетін формаларға бӛлінеді: дементті
сандырақсыз және психомоторлы қозусыз ҥдемелі ақыл кемдігі, депрессивті 
- ӛзін- ӛзі кінәлау және соңына тҥсу сандырағымен кӛңіл-кҥйдің тӛмендеуі; 


~ 271 ~ 
экспансивті- эйфория қҧбылыстарымен, конфабуляцияциялармен, ауқымды 
ҧлылық сандырағымен. Арджил – Робертсон симптомы аса тән – 
конвергенция мен аккомодацияға реакция сақталуымен қарашықтардың 
жарыққа реакциясының болмауы. Бҧнымен қатар кӛз қарашықтарының 
біркелкі еместігі, птоз, аз қозғалмалы, кӛмескі мимика, мҧрын астынан 
шыққандай сӛз, сӛз артикуляциясы (жылдам сӛйлей алмайды), жазу, жҥріс 
бҧзылысы байқалады. 
Арнайы серологиялық реакциялар: қан және жҧлын сҧйықтығындағы 
Вассерман реакциясы әрдайым оң болады (әдетте сҧйылтылғанның ӛзінде 
2:10). Жҧлын сҧйықтығында клеткалар санының жоғарылағаны (плеоцитоз), 
оң глобулиндік реакциялар (Нонне – Апельттің, Панди, Вейхбродт 
реакциясы), пробиркалар тҥсінің паралитикалық қисық типтес ӛзгеруімен 
жҧлын сҧйықтығындағы коллоидты реакция (Ланге реакциясы). 
Науқас 59 жаста. Психикалық аурулармен тҧқым қуалау ауырлығы жоқ. Ӛсуі мен 
дамуы жағынан қҧрдастарынан артта қалмаған. Мінез- қҧлқы бойынша тіл табысқыш
лидерлікке ынталы болды. Мектепке 8 жасынан барған. Жақсы оқып, оқуға, музыкаға 
қабілеттілігі байқалған. 1941 жылы 10 класты аяқтап, соғысқа аттанып кеткен. 1945 жылы 
демобилизациядан кейін цирктік училищені аяқтап, циркте 25 жыл әуе гимнасты болып 
жҧмыс істеді. Шет елдерге шығып тҧрды. 25 жыл бойы бір әйелмен жақын қатынаста 
болып, ол қайтыс болғанда қатты қайғырған. Кездейсоқ жыныстық қатынастары болған. 
Мерез жҧқтырған мерзімі туралы дәл мәліметтер жоқ.
52 жасында мінезі бірден ӛзгеріп, анасына бҧрынғы жақындығы жоғалып, суық 
қатынас қалыптасқан. Ӛзімшіл, тітіркенгіш болып, басының жиі ауыратындығын, тез 
шаршағыштықты байқап, тҥнгі ҧйқысы нашарлаған. Стационарға тҥсерден 1 жыл бҧрын 
(58 жасында) командировкаға шыққан, онда ӛзінің қызметтестерімен керісу жағдайынан 
кейін ауруханаға қайтадан жатқызылды. Командировкадан мерзімінен бҧрын оралды. 
Сылбыр, жыламсырағыш, ӛзгеріп, едәуір салмақ жоғалтқан. Сӛзі тҥсініксіздеу, кейде мас 
адамның сӛулеуін еске тҥсіреді, артынан сӛйлеу бҧзылыстары кҥшейе тҥсті. Оқи алмады. 
Ҥнемі бас ауыруына және тершеңдікке шағымдар айта бастады. Кҥн бойында болған 
оқиғаларды қиындықпен еске тҥсіреді. Ауыруы ҥдей бастады. Кӛңілі бейғам және 
жыламсырағыш болып кетті. Мағынасы жоқ сҧрақтарды қойып, ӛзі қойған сҧрақтардың 
мәнін тҥсіне алмады. Сҧрақтарға сәйкес емес жауап берді. Кӛшеде айналадағылар оны мас 
адам деп санаған. Ӛзі пайдаға асыра алмайтын бӛтен адамдардың заттарын алып кететін 
болды.Туыстарын танымай, ӛзін-ӛзі кҥтуді қойды. Стационарға жатардың алдында ҥйінен 
кетіп қалып, мас адам деп танылып, милицияға тҥскен. Апасын танымай, қайда тҧрғанын 
тҥсінбеді. Ӛзін атақты әскер басшысы деп мәлімдеді. Осындай жағдайда психиатриялық 
ауруханаға жатқызылды. 
Психикалық жағдайы: науқас салақ, жҥрісі сенімсіз, теңселіп жҥреді, асығыс, ҥнемі 
бір нәрселерді сыбырлап айтады. Ауруханада жатқанын тҥсінеді. Жылды дҧрыс атайды, 
бірақ ай мен кҥнін атай алмайды. Дауыстап сӛйлейді, дизартриялы. Ӛзіне бағытталған 
сӛзді кҥтпестен, спонтанды, кӛп сӛйлейді. Сӛз қоры шектелген, аграмматикалы. Қойылған 
сҧрақтарға жалпы алғанда дҧрыс, бірақ зейінін аудартып барып, кеш жауап береді. 
Берілген текстерді дҧрыс оқи алмайды. Ӛзінің фамилиясын қиыншылықпен, қатемен 
жазады. Ӛзін атақты қолбасшы деп санайды. Қытайда, Америкада және Жапонияда 
соғысқандығын әңгімелейді. Дәрігерден ӛзінің қҧжаттарын алып келуін сҧранады. 
Алаңдағыш. Бҧрын болған жағдайларды еске жақсы тҥсіреді. Жақында болған оқиғаларды 
есіне нашар сақтайды. Әңгіме мазмҧынан қарай ӛзгеріп отыратын аффект тҧрақсыздығы 
байқалады. Кейде эйфориялы, кейде жабырқаулы, кейде жасаурағыш. Клиникада болған 


~ 272 ~ 
кҥндерінде қимылдық қозу жағдайы байқалды, асығыс біреуді іздеп жҥреді. Ӛз жағдайына 
сын кӛзқарас жоқ. Ӛз тағдырына немқҧрайлы қарайды. 
Неврологиялық жағдайы: қарашықтары бірдей емес, жарыққа реакциясы нашар. 
Конвергенциясы әлсіреген. Мҧрын, ерін қыртысының жазылғандығы байқалады. Кӛзін 
жапқан кезде қабақтары дірілдейді. Тізе рефлекстері кҥшейген. Ромберг позасында 
теңселеді. Лабораториялық мәліметтері: қандағы Вассермен реакциясы оң - 4 +. Жҧлын 
сҧйықтығы: Нонне-Аппельт, Панди, Вейхброд реакциялары оң мәнді, Вассерман 
реакциясы – 4+. Цитоз 35/3. Белок 9,9г/л. Панге реакциясы – 777766432211. 
Диагноз: ҥдемелі салдану, экспансивті формасы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет