Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет22/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРМЕН КҤРЕС 
 
Біздің елімізде зиянды әдеттердің ішінде адам денсаулығына ауыр зиян 
келтіретін темекі мен ішімдік болып табылады. Темекі шегу ол қоғамға 
медициналық, моральды, әлеуметтік және экономикалық негізгі мәселе 
болып табылады. Темекі шегушілердің әсерінен болатын қайғылы жағдайлар, 
ӛрттің шығуы және жҧмыс уақытын жоғалту тәрізді зияндылықтар анық. 
Темекі тартумен кҥрес - бҧл денсаулық ҥшін, халық жасының ҧзаруы ҥшін, 
тҧрмыс жағдайын жақсарту ҥшін, ӛндірісте және тҧрмыста микроклиматты 
жақсарту ҥшін кҥрес болып табылады. 
Темекі тартудың негізінде темекі тҥтінінде болатын улы заттарға 
психикалық және физикалық тәуелділік тҥзілуімен жҥретін токсикомания 
жатыр. Темекі шартты рефлекс тҥрінде бекініп, ритуалға айналады. 
Алғашқыда қалыптасқан әдет метаболикалық механизмдер арқылы бекініп,
нәтижесінде организмнің никотинге мҧқтаждығы біртіндеп дамиды. 
Табакоманияның бірінші статысы 1 -5 жылға созылады, темекіге обсессивті 
әуестік тән, қолданылған никотин мӛлшерін бақылау тӛмендеп, 
толеранттылық жоғарылайды. Екінші сатысы 5 – 15 жылға созылады. 
Адамның никотинге толеранттылығы жоғарылайды, қолдану формасы 
тҧрақталады, обсессивті әуестік кезеңдік психикалық жайлылық сезімін 
алумен толықтырылып отырады. Астениялық, вазовегетатиті бҧзылыстар, 
соматикалық қолайсыз кӛріністер пайда болады. Ҥшінші сатысында бірінші 
орынға соматикалық бҧзылыстар шығады: бронхиттер, гастриттер, 
артериальды гипертензия, қатерлі ісік аурулары. Егер адам темекі тартпаса 
абстиненция белгілері пайда болады; адамның никотинге толеранттылығы 
тӛмендейді. 
Темекі тарту әсерінен қоршаған ортадағы адамдар да зиян шегеді. 
Темекі тҥтінінде никотиннен басқа улы газ, синиль қышқылы, аммиак, 
радиоактивті және шайыр заттары бар. Темекімен қатты уланғанда терінің 
бозаруы, суық тер, тахакардия, ентігу, қҧлақтағы шуыл, қҧсу, асқазан-ішек 
жҥйесінің бҧзылыстары, тоникалық – клоникалық қҧрысулар, қорқыныш 
сезімі, сананың бҧзылулары бақыланады. Бҧл симптомдар темекі тартылған 
мекемеде темекі шегуді бастаған адамдар мен темекі шекпейтін адамдар да 
пайда болуы мҥмкін. 
Темекі тҥтіні ауыздың кілігей қабатын, тыныс алу жолдарының кілегей 
қабатына тітіркендіргіш әсер етеді, созылмалы улану кезінде ринит, 
стоматит, ларингит, бронхит дамиды. Темекі тҥтінінің шайырлы заты 
канцерогенді болып табылады, ол ӛкпенің, басқа да органдардың қатерлі 
ісігіне әкеліп соқтырады. Темекі жҥрек бҧлшықетін қоректендіретін 
қантамырларын тарылтып, қысымның жоғарылауына әкеледі, нәтижесінде 


~ 45 ~ 
эндоартериит, коронаросклероз, миокард инфаркті, жалпы және церебральды 
атеросклероз, инсульт дамиды. Сонымен бірге темекі гастритке, асқазан 
ойық жара ауруына, 12 елі ішек ойық жара ауруына әкеледі. Созылмалы 
интоксикация әйелдердің бала туу қызметінің бҧзылуына, етеккір циклінің 
бҧзылуына, жҥктіліктің ҥзілуіне, эндокриндік ӛзгерістерге, ерте климакс 
дамуына әкеледі.
Темекінің организмге тигізетін зияны аса жоғары болғандықтан, бҧл 
мәселемен дҥниежҥзілік денсаулық сақтау ҧйымы айналысады. 29 – шы 
Дҥниежҥзілік денсаулық сақтау ассамблеясы темекімен кҥресу мәселелері 
бойынша рнайы резолюция қабылдады. Медициналық қоғам талабына сәйкес 
кӛптеген елдерде темекі заттарын сатуда “темекі сіздің денсаулығыңызға 
зиян келтіреді” ақпарат беру қолданылады. Біздің елде темекімен кҥрес 
денсаулық сақтау жҥйесінің профилактикалық жҧмысының қҧрам бӛлігі 
болып табылады. 
Радиода, телидардарда, киноларда және баспа орындарында никотинге 
қарсы ҥгіт жҥргізіледі. Темекі тарту әдетінен қҧтылғысы келгендер ҥшін 
ақысыз медициналық мамандандырылған кӛмек кӛрсетіледі. 
Темекі токсикоманияның бір тҥрі ретінде психогигиена мен 
психипрофилактика тҧрғысынан қарастырылуы керек. Психогигиена және 
психипрофилактика ӛте зиянды әдет – маскҥнемдікке қатысты белсенді 
жҧмыс жҥргізуі керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет