Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет34/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

 
 
Екінші бӛлім
ЖАЛПЫ ПСИХОПАТОЛОГИЯ 
 
III тармақ 
Психикалық ауру 
 
6 тарау 
 
ПСИХИКАЛЫҚ АУРУЛАР ЖӚНІНДЕГІ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
 
ПСИХИКАЛЫҚ АУРУЛАР ЭТИОЛОГИЯСЫ 
Қатаң негізделген тәжірибелік профилактикалық, емдік және 
реабилитациялық іс-шаралар жҥйесін қҧруда психикалық аурулардың тҥп 
негізі, себептері, пайда болу жағдайлары, клиникалық кӛрінісінің тҥзілуіне 
қоршаған ортаның, тҧлғаның индивидуальды ерекшеліктерінің әсері, 
патологиялық процесстің ағымы мен аяқталуы жӛніндегі жетік білімге 
сҥйену қажет. 
Психикалық қызмет патологиясы адамның сыртқы ортаға бейімделуін 
кҥрт ӛзгертеді және шынайы ӛмірдің кҥрделі формаларының бейнеленуін 
бҧзады. Психикалық ауру тудырушы факторлар ӛте кӛп. Олардың бірі белгілі 
болса (органикалық, инфекциялық, интоксикациялық психоз), кейбірлерінің 
сипатын тек жанама белгілері бойынша байқай аламыз (шизофрения, 
эпилепсия). Психикалық аурулар этиологиясын зерттеу әлі де аяқталмаған 
процесс.
Психикалық аурулардың себептерін организмге қатысты сыртқы- 
экзогенді және ішкі-эндогенді деп бӛледі. Экзогенді ауру тудырғыш 
агенттерге инфекция, интоксикация, мидың жарақаттан кейін зақымдалуы
церебральды ісіктер, психогениялар (психикалық жарақаттардың әсерінен 
рухани кҥйдің бҧзылуы), соматогениялар жатады. Ал эндогенді себептер 
тҧқымқуалаушылық және адамның конституциялық ерекшеліктеріне, жас 
кезеңдеріне байланысты. Этиологиялық факторларды экзогенді және 
эндогенді деп бӛлу тәжірибелік психиатрияда кеңінен қолданылады. 
Этиологиялық принцип психикалық ауруларды жіктеуде шешуші рӛл 
атқарады. Теориялық жағынан зиянды факторларды эндогенді және экзогенді 
деп бӛлу дҧрыс бола бермейді. Мҧны тҥсіну ҥшін қоршаған орта әсеріне 
жауап ретінде адам организмнің барлық реакциялары (физиологиялық, 
патофизиолгиялық) ҧзақ эволюция барысында қалыптасқандығын еске тҥсіру 
қажет. Осы реакциялардың кейбірі адам ағзасының зат алмасу ҥрдісіне 
орнығып, тҧқым қуалайтын ерекшелікке айналған. Осылайша, сыртқы 


~ 70 ~ 
ортаның белгілі бір әсеріне организмнің индивидуальды жауабы оның 
болашақ ҧрпақтары ҥшін алдын – ала бағдарланған болып табылады. 
Басқаша айтқанда белгілі бір субьект ҥшін экзогенді болған себеп оның 
ҧрпақтары ҥшін эндогенді болып табылады. Ҧлы орыс клиницисті С. П. 
Боткин ауру сыртқы ортаның организмге тікелей немесе оның алыс-жақын 
ата - аналары арқылы әсер етуінен пайда болатынын айтқан. Адам 
эволюциясының кҥрделі даму жолында организмнің сыртқы ортаға 
бейімделу реакциясы ғана емес, сыртқы ортаның ӛзі де ӛзгерді. Адам ҥнемі 
қоршаған ортаны ӛзіне бейімдеу ҥшін ӛзгертіп келді. Бҧл ӛзгерістер ақыр 
соңында адамның ӛзін ӛзгертті.
Ауру туғызушы фактормен кездесу міндетті тҥрде ауруға шалдығу 
деген сӛз емес. Қолайсыз факторлар дерт туындатуы ҥшін ағза белгілі бір 
жағдайда болуы керек. Осылайша, дертті қҧбылыс этиологиясы жайсыз 
фактор болып табылмауы да мҥмкін. Методологиялық тҧрғыдан аурудың 
себебі – ауру тудырғыш элемент пен оны қабылдауға қабілетті организм 
қарым – қатынасы процессі. Тіпті тҧқымқуалаушылықтары бірдей бола тҧра 
бір жҧмыртқалы егіздердің біреуінің шизофрения немесе маниакальды- 
депрессивті психозбен ауруы, екіншісінің бҧл аурулармен жҥз пайыз 
ауыратындығын білдірмейді. Сондықтан бҧл жерде психикалық аурулардың 
тҧқымқуалаушылығы 
жӛнінде 
емес, 
оларға 
бейімділіктің 
тҧқымқуалайтындығын айтуымыз керек. Мәселе организмнің алдын-ала 
ауруға бейімделігінде. Бҧл бейімділік ауруға ҧласа ма, жоқ па, ол 
организмнің 
ӛмір 
сҥру 
ортасындағы 
жағдайларға 
байланысты. 
Эпидемиологиялық зерттеулерге сҥйенсек шизофрения тәрізді эндогенді 
ауруларда спонтанды дебют ӛте сирек кездесетіндігі анықталған. 
Науқастардың басым кӛпшілігінде дерттің басталуына психожарақаттаушы 
ситуация, соматикалық аурулар, алкогольмен уланулар себеп болған. 
Экзогенияларға сезімтал науқастарда сол зиянды факторлар шизофренияның 
қайта ӛршуін және ҧстамалар рецидивін шақыра алады. Эндогенді психоз 
тудыратын сыртқы орталық әсерлерді зерттеу психопрофилактика ҥшін 
маңызды.
Экзогенді зияндылықтардың ауру тудыруы ҥшін оған бейім 
жағдайлардың рӛлі маңызды. И.П.Павлов тәжірибесінде жоғарғы жҥйке 
жҥйесінің кҥшті типімен, бҧрын стресске тӛзімді жануарлар кастрациядан 
кейін неврозға жеңіл шалдығатынын кӛрсетті. Отандық психиатрлар 
С.Г.Жислин, Е.К. Краснушкин, Л.Л.Рохлин психогенді ауру тудыратын 
соматикалық ӛзгерістерге назар аударған. Г.Е.Сухарева ӛз жҧмыстарында 
инфекциялық психоздардың жиі жақын уақыт аралығында психикалық 
жарақат алған немесе резидуальды церебральды жетіспеушілігі бар 
балаларда кездесетіндігін атап кӛрсетті. Психикалық аурулардың дамуына 
ықпал ететін немесе кедергі болатын факторлар ретінде адамның жынысы 
мен жасы да маңызды. Генеративті функциялардың ерекшеліктеріне 
(менструальды цикл, жҥктілік, босану, лактация, климакс) байланысты 
жоғары эмоционалдылық, айқын циклдылық және зат алмасудағы ӛзгерістер 


~ 71 ~ 
– осылардың барлығы әйелдерде ерлерге қарағанда истерия, маниакальды-
депрессивті және пресенильді психоздардың жиі кездесуіне себеп болады. Ал 
алкогольді психоз, мерездік психоз, жарақаттар және церебральды 
атеросклероз елдер арасында кӛбірек кездеседі.
Жас кезеңдеріне байланыссыз аздаған психикалық аурулар тобы бар. 
Организмге адаптациялық қиындықтар туғызатын жас кезеңдерінде кҥрт 
ӛзгерістер (пубертатты криз, климакс) невроз, реактивті жағдайлар, 
психопатиялар декомпенсациясы, шизофрения, маниакальды - депрессивті 
психоз ауруларына бастама береді. Қарттық және пресенильді психоздар 
кезінде жастық факторлардың рӛлі маңыздырақ.
Ӛндірістік 
фактор 
психикалық 
бҧзылыс 
себебі 
тҥрінде 
(проффесиональды аурулар кезінде), кейде оған бейімдейтін жағдай рӛлін 
атқарады. Мысалы, ӛнеркәсіп жағдайындағы ҥнемі шу, вибрация, 
эмоциональды 
жҥктеме 
қантамырлық 
ауруды 
ауырлатып, 
психопаотологиялық симптоматиканың дамуына ықпал ете алады. Кезеңдік 
ағымдағы эндогенді психоздар ҥшін маусымдық фактор, ал метеотропты 
фактор қантамырлық патологиямен немесе БМЖ-нан кейінгі резидуальды 
қҧбылыстармен адамдар ҥшін маңызды. Егер нақты себеп болмаса, тек 
ауруға бейімдейтін жағдайлар психикалық ауру шақыруға қабілетті емес. 
Мысалы, барлық бейімдеуші жағдай болғанымен организмде солғын 
спирохета болмаса, ми мерезі немесе ҥдемелі салдану туындамайды. Елде 
малярия тәрізді қауіпті инфекциялар жойылғандықтан қазіргі кезде осы 
аурумен байланысты психоздар да кездеспейді.
Осылайша, аурудың себептері де, оларға бейімдейтін жағдайлар да 
экзогенді де, эндогенді де бола алады. Тәжірибеде нақты аурудың себебі мен 
бейімділік жағдайын ажырату қиын, бҧл кейбір ауруларды полиэтиологиялы 
деуге негіз болды. Білім жетіспеушілігінен қҧбылысты қарапайым 
тҥсіндіруге тырысамыз. Ӛмірде ӛзара қатынас және себеп-салдар қатынасы 
әлдеқайда кҥрделі. Осындай ӛте кҥрделі мәселелерге психикалық 
аурулардың этиологиясы мен патогенезі қатысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет