Реоэнцефалография. Жоғары жиілікті әлсіз электр тогына бас миы
тіндерінің қарсыласуындағы ӛзгерістер кӛлемін жазу болып табылады.
Реогрфиялық толқындар тҥріндегі электрлік қарсылық тербелістері жҥрек
жҧмысының әсерінен мидың қанмен қамтамасыз етілуінің ӛзгеруін кӛрсетеді.
Қарсыластықтың 80 – 90 пайыз кӛлемі ми қантамырлары, 10 – 20 пайызы бас
терісінің тамырларыныкі екені анықталған.
Реоэнцефалограмма (РЭГ) пульс тәріздес қисық сызыққа ҧқсайды. РЭГ
талдау кезінде визуальды бағалау және сандық ӛңдеу жҥргізіледі.
Қисық сызықтың басы, шыңы (ең жоғары нҥктесі), соңын бӛлеміз.
Басынан шыңына дейінгі аймақты ӛрлемелі немесе анакротикалық
реографиялық толқынның бӛлшегі, шыңынан соңына дейінгі қисық сызықты
тӛмендеуші немесе катокротикалық бӛлшек дейді. Қалыпты жағдайда
тӛмендеуші бӛлімнің жоғарғы және ортаңғы ҥштіктің ортасында 1–2
қосымша толқындар (инцизура) болады. Дені сау жас адамда ӛрлемелі бӛлімі
тӛмендеуші бӛлімге қарағанда ҥлкендеу, ал ҧшы ҥшкір немесе аздап
дӛңгеленген болып келеді. Церебральды атеросклероз дамуына байланысты
толқынның ҧшы тегістеліп арка тәрізді тҥрге айналады.
РЭГ - ның қисық сызығының сандық кӛрсеткішін анализдегенде
толқынның таралу уақытына, барлық толқындардың ӛрлемелі және
тӛмендеуші бӛлімдерінің уақытына, әр деңгейдегі толқындар амплитудасына
кӛңіл аударады, осы кӛрсеткіштер бойынша әр тҥрлі индексті есептейді.
Толқынның негізінен шыңына дейінгі ара қашықтықты РЭГ толқынның
амплитудасы дейді. Амплитуданың биіктігі бойынша қантамырдың пульстік
қанмен толуының мӛлшерін бағалайды: қан толуы кҥшті болған сайын
толқынның амплитудасы жоғары болады.
Амплитуданың мӛлшері жҥрек жиырылуының жиілігіне, қанның соққы
кӛлеміне, артериялық қысым кӛлеміне, қантамыр қабырғасының тонусына
байланысты болады. Тамырлардың локальды бҧзылыстарында (инсульт,
мидың зақымдалуында, гематоманың асқынуы) реоэнцефалографияны
зерттегенде ӛзгеріс, зақымдалған ошаққа сәйкес келеді. Функциональды
сынамалар арқасында бҧзылыстың тҥрін, оның орналасқан жерін,
реактивтілігі мен қантамырларының компенсаторлы мҥмкіншіліктерін
анықтауға болады. Функциональды сынамалар ретінде фармакологиялық
жҥктемелер, гипервентиляция, бастың орналасу жағдайын ӛзгерту әдістері
қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |