Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет47/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

Нейроморфологиялық зерттеулер 
Психикалық бҧзылыстар ми патологиясының салдары болып 
табылады. Бірақ симптомдардың пайда болуы мен дамуын байланыстыруға 
болатын патологоанатомиялық ӛзгерістер барлық аурулар кезінде табыла 
бермейді. Бҧл ҧғым ӛз ретінде психикалық ауруларды функциональды және 
органикалық деп бӛлуге негіз болды. Біріншісіне сӛзсіз маниакальды – 
депрессивті психоз, психогения, екіншісіне ақылкемдігіне алып келетін 
ҥрдісті сипаттағы аурулар жатады. 
Морфологиялық зерттеулер техникасының дамуы, гистохимия, 
электронды микроскопия және т.б. тәрізді жоғары сезімтал әдістердің пайда 
болуы ағзада қалыпты жағдай мен патология кезінде жасуша, синапс, 
рецептор деңгейінде болып жатқан кӛптеген функциональды процестерді 
тҥсінуге мҥмкіндік береді. Бҧл функцияның кез-келген ӛзгерісі ӛзінің 
негізінде қҧрылымдық ӛзгеріс жатқандығының дәлелі.
Психиатрияда электронды микроскопия әдісі шектелуі жағдайларда 
қолданылады, ол тірі тіннің морфофункцианальдық жағдайын фиксациялауға 
бағдарланған. Біздің елімізде психикалық науқастарға ӛмір сҥру кезеңінде 
психикалық ӛзгерістерді анықтау ҥшін ми биопсиясы жасалмайды, ал 
ӛлгеннен кейін миды электронды-микроскопиялық зерттеу кӛп сӛзталас 
тудырады, ӛйткені ол тіндегі аутолиздің әртҥрлі сатысын бейнелейді. 
Сондықтан дәстҥрлі микроскопиялық және нейрогистологиялық әдістер 
нәтижелеріне кӛп кӛңіл аударылады. Тарихи дамуы жағынан бҧл әдістер 
клинико – морфологиялық салыстырулар жолымен клиникалық мәліметтерге 
негізделген. 
Осыған 
байланысты 
патологоанатомиялық 
зерттеулер 
клиникалық зерттеулердің жалғасы болып табылады.


~ 93 ~ 
Патологоанатомиялық 
зерттеу 
жҥргізгенде 
мидың 
кӛлденең 
кесіндісінде анықталатын мидың мӛлшері, салмағы, тығыздығы ми 
қабықтарының жағдайы, жҥлге, иірімдері, тініндегі ӛзгерістер қаралады. 
Одан әрі гистологиялық зерттеу жҥргізгенде, миды 5% - формалин 
ерітіндісінде ҧстаған соң, жеке аймақтардан алынған бӛліктерін тҥрлі әдістер 
бойынша бояйды: Ниссель бойынша – жҥйке жасушаларын анықтау ҥшін, 
Ортеге мен Александровский бойынша – микроглияға, Бильшовский 
бойынша – нейрофибриллаларға және т.б. Кейде гистохимиялық зерттеулер, 
люминесцентті микроскопия жҥргізіледі. 
Нейроморфологиялық 
зерттеу 
аяқталған 
соң 
толық 
патологонатомиялық диагноз қҧрылады, ол барлық әдістермен бірге 
клиникалық факттарды да қамтиды. Патологонатомиялық диагноз қойған 
соң, нозологиялық форма, оның сатысы квалификацияланады, мидағы 
патологиялық ӛзгерістердің сипаты мен орналасқан жері анықталады
соматикалық локальды және жалпы ӛзгерістер, жасқа байланысты ӛзгерістер 
ескеріледі, ӛлім себебі анықталады. Кейде психикалық ауруларда ӛзіне тән 
морфологиялық субстрат болмаса, ( маниакальды - депрессивті психоз, 
психопатия, невроз) диагноз клиникалық мәліметтерге негізделеді. 
Барлық патологоанатомиялық ӛзгерістер 3 топқа бӛлінеді: 1) ми 
дамуының аномалиялары; 2) ӛмір сҥру кезіндегі церебральды ҥрдіс 
ерекшелігін бейнелейтін ӛзгерістер: жҥйке тінін зақымдайтын мезенхимнің 
біріншілік немесе екіншілік зақымдалуы нәтижесіндегі қабынулық немесе 
дистрофиялық ҥрдіс. 3) ми тініндегі тыртық, дефектке байланысты болатын 
резидуальды қҧбылыстар. Сонымен, патологоанатомиялық зерттеулер 
арқылы диагнозды дәлелдеп қана қоймай, сонымен бірге аурудың даму 
механизмін, 
ҥрдістің 
сипатын, 
орналасуын, 
тіндердің 
таңдамалы 
зақымдалуын, жеделдік дәрежесін, фазасын, ауруға организмнің жалпы 
реакциясын, ішкі органдардың жағдайын кӛз алдымызға елестете аламыз. 
Кейбір жағдайларда патологоанатомиялық зерттеулер аурудың себеп 
факторын табуға кӛмектеседі. Ҥдемелі салдануда, мерез ауруы кезінде мидан 
бозғылт спирохеталарды кӛре аламыз, Кох таяқшасын таба аламыз, сәйкес 
патология кезінде цистицерк немесе сәулелі саңырауқҧлақты таба аламыз. 
мидағы жалпы ӛзгерістер негізінде жарақаттар, уланулар, қан айналысы 
бҧзылысы кездерінде мидағы ӛзгерістердің жалпы суретіне сҥйеніп, бҧзылыс 
себептерін анықтауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет