Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет60/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

Ес бҧзылысы 
Ес латын тілінде mnesis, сондықтан ес ҥрдісі мнестикалық деген атауға 
ие. 
Ес - бҧл ақпаратты бекіту, сақтау және ӛткен шақ тәжірибесін қайта 
жаңғыртудан тҧратын психикалық ҥрдіс. Оның ауытқуы мнестикалық 
ҥрдістің осы аталған ҥш буынының кез-келгеніне қатысты болуы мҥмкін. 
Мнестикалық ҥрдіс негізінде шартты рефлекторлы қызмет жатыр. Шартты рефлекс 
тәрізді барлық дағдылар немесе ассоциациялар адамның ӛмір сҥру ҥрдісінде тҥзілген 
байланыс болып табылады. Шартты рефлекс - тҥрлік тҥсінік, ал ассоциация – тектік 
тҥсінік. Шартты рефлекторлы қызмет бағынатын заңды ескере отырып, мнеститикалық 
ҥрдіске және оның бҧзылыстарына қатысты кӛптеген заңдылықтарды тҥсінуге болады. 
Жоғарғы жҥйке жҥйесінің заңдарына сәйкес шартты рефлекс неғҧрлым жиірек 
бекітілсе, соғҧрлым мықты болады. Осылай мнестикалық қызмет жӛнінде де айтуға 
болады, ассоциациялар кӛп қайталану нәтижесінде бекітілген болса ҧмытылуы оңай емес. 
Мҧнымен естің дӛрекі бҧзылыстары кезіндегі патология жағдайында профессиональды 
дағдылар мен білім ҧзақ мерзімге дейін сақталып қалады. Есте сақтаудың мығымдығына 
қажет бірінші жағдай – ақпаратты жеткілікті мӛлшерде қайталау болып табылады. 
Ес бҧзылуының маңызын медицина қызметкерлері арасында да әрқашан дҧрыс 
тҥсіне бермейді. Галлюцинация, сандырақ, жҥріс-тҧрыс бҧзылысымен науқастар 
жағдайын, олардың барлық жайтты жақсы есте сақтауы негізінде психикалық сау адам 
деп санайды. Қажу жағдайымен, тҧмаудан кейін, операциядан кейін, сомотогенді 
астенизациямен оқушылар мен студенттердің барлығы дерлік невропатологқа және 
психиатрға келгенде есте сақтаудың нашарлауына шағымданады. Осылайша, ҥй 
тапсырмасына бҧрынғыдан кӛп уақыт жҧмсалып, тиімділігі тӛмендейді. Есті объективті 
зерттеу кезінде ешқандай ӛзгеріс байқалмайды. Кӛзделген сҧрастыру мен зерттеулер 
назардың бҧзылғандығын, ал есте сақтау бҧзылысы 2-ші реттік екендігін кӛрсетеді. 
Белсенді зейін жетпіспеушілігіне байланысты мҧндай адам оқығанда кӛп алаңдайды,ойы 
басқа жаққа ауады, текстің мазмҧнын ойланбастан, механикалық тҥрде кӛзімен шолып 
ӛтеді. Мҧндайда ақпарат саналы тҥрде қабылданбайды,сондықтан санада із қалдырмайды. 
Осылайша, есте сақтау ҥшін маңызды болып табылатын екінші жағдай, ол зейіннің 
жеткілікті белсенділігі болып табылады. Арнайы кӛріністегі текст (жуан шрифтпен, 


~ 111 ~ 
курсивпен, асты сызылған, шеңберге алынған) зейінді ӛзіне бірден аударып, есте жақсы 
сақталады. 
Ӛте мықты білім адамның мақсатты қызметімен байланысты болады. Бҧл – үшінші 
жағдай. Кӛпшілік жағдайда ӛз сағатындағы 6 саны қандай тҥрде жазылғанын адамдар 
айта алмайды, ӛйткені біз жиі сағатымызға басқа мақсатпен қараймыз, сондықтан 
сағаттың кӛркемдік бӛлшектері біздің назарымыздан тыс болады. 
Төртінші жағдай - ақпараттың энергетикалық бекітілуі. Эмоциональды реакция 
пайда болуымен жҥретін ақпарат жақсырақ бекітіледі. Ауруда есте сақтау дың дӛрекі 
бҧзылысы байқалғанымен, кейде аффективті маңыздылығы жоғары, әсіресе жағымды 
естеліктер ҥзіндісі есте сақталып қалады. Клиникалық тәжірибеде ауыр теріс 
эмоциональды реакция тудырған жағдайлардың естен жоғалу жағдайы кездескен. 
Мысалы, жалғыз баласының ӛлімін басынан кешкен ана, кенеттен болған жағдайларды 
ҧмытып, баласының каникулдан ҥйіне қайтуына дайындалып, немесе оған жаңа оқу 
жылына кітап сатып алып, ҥй шаруасымен айналысып жҥреді. Ӛткен жайттың естен 
шықпағаны гипноздық ҧйқы жағдайында анықталады, немесе ол спонтанды тҥрде пайда 
болуы мҥмкін /мысалы, тҥс кӛруге байланысты/
Дертті жағдайға байланысты мнестикалық актілер жан-жақты бҧзылады - 
ақпаратты бекіту, оны сақтау немесе қайта жаңғырту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет