Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау


Психопатиялар кезіндегі еңбектік және соттық-психиатриялық



Pdf көрінісі
бет141/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

Психопатиялар кезіндегі еңбектік және соттық-психиатриялық 
сараптама 
Психопатиямен зардап шегетін адамдар, ереже бойынша еңбекке 
қабілетті. Психопатия кезіндегі еңбекке жарамдылық мәселесі декомпенсация 
кезеңінде кӛтеріледі. Бірақ бҧл бҧзылыстар, ереже бойынша, уақытша сипат 
алады. Тек паранойяльды психопатиялар еңбекке қабілеттіліктің тҧрақты 
бҧзылуына алып келе алады. 
Психопатия формасына сәйкес психопатиялық тҧлғаларда еңбектің 
кейбір тҥрі мен жағдайы олардың әлеуметтік бейімделулеріне кӛмектессе, ал 


~ 225 ~ 
екінші бір тҥрлері – бҧзады. Ереже бойынша олар қатардағы әскер қызметіне 
жарамсыз, ал қатардан тыс әскер қызметіне жарамды болып табылады. 
Соттық-психиатрия сараптамасы кезінде психопатиямен науқастар қабілетті 
болып танылады және қылмыстық іске жауапкершілікке тартылады. Тек 
тҧлғаның терең психопатиялық ӛзгерістерінде, яғни кҥйі психотикалық 
жағдайға теңестірілгенде қабілетсіз деп танылуы мҥмкін. 
 
15 Тарау 
АЛКОГОЛИЗМ 
Алкоголизм - медициналық тілмен айтқанда созылмалы ауру, спирттік 
ішімдіктерді жиі және кӛп мӛлшерде қолдану және оларға деген дертті 
әуестік нәтижесінде дамиды. Алкоголизмнің әлеуметтік анықтамасы –
денсаулыққа, тҧрмысқа, еңбекке және қоғам сәттілігіне зиянды әсер 
тигізумен жҥретін спирттік ішімдіктерді шектен тыс пайдалану. 
Алкоголизм ҥдемелі ағыммен және алкогольге патологиялық әуестік, 
абстенентті синдром, мастану кӛрінісінің және толеранттылықтың ӛзгеруі, 
ӛзіне тән тҧлғалық ӛзгерістердің дамуы, токсикалық энцофалопатия тәрізді 
психикалық және соматикалық бҧзылыстардың жиынтығымен сипатталады. 
Аурудың белгілі бip кезеңінен бастап психопатологиялық кӛріністер 
невриттермен және iшкі мҥшелердің ауруларымен (жҥрек-қантамыр 
жҥйесі, асқазан-ішек жолының ауруларымен) қоса жҥреді. 
Алкогольді шектен тыс қолдануды суреттеу ежелгі заманнан бар және сақталып 
қалған ескерткіш жазбалардан көруге болады. Аристотельдің еңбектерінде 
маскүнемдік – дерт екендігі көрсетілген. 
ХІХ ғ. ортасында К.М. Бриль-Крамер алғаш алкоголизм көріністерін жүйелі түрде 
суреттеген. Сол кезеңде алкоголизмнің әртүрлі формаларын бөліп, ажыратуға 
талпыныстар жасалған. Сонымен маскүнемдік, «ойномания», «салынып ішу» аурудың 
біріншілік белгісі деп қарастырылды. Салынып ішумен жүретін қандай-да бір 
психикалық ауру (шизофрения, эпилепсия және т.б.) фонында пайда болатын ерекше 
формасы - дипсомания – екіншілік маскүнемдік деп қарастырылды. 
Сонымен өткен ғасырдың ортасынан-ақ созылмалы алкоголизм өзіне тән 
симптомдары бар жеке нозологиялық форма ретінде қарастырылды.
Кешірек алкоголизмнің
анық және нақтылы түсінігi пайда болды. Сонымен бipгe 
көптеген авторлармен алкоголизм көріністерінің әртүрлі ерекшеліктері көрсетілді.
XIX және XX ғғ. арасында алкоголизм алкоголді шектен тыс пайдалану 
нәтижесінде дамитын психикалық және физикалық бұзылыстардың жиынтығы деп 
қарастырды. Психикалық бұзылыстарына тітіркенгіштік, тұлғаның этикалық және 
интеллектуальды деңгейінің төмендеуін, патологиялық қызғанышты, өз жаман әдетін 
тастауға қабілетсіздікпен көрінетін ерік
әлсіздігін жатқызды. 
С.С.Корсаков алкоголизмге түciнік бере отырып «алкоголизм» мен 
«маскүнемдік» түсініктерін ажыратқан. Алкоголизм клиникасын ол динамида қарастырды. 
Шетелдік авторлар алкоголизм мәселесінің әлеуметтік-этикалық тарапына көп 
көңіл бөліп, алкоголизммен науқастарды ішкіліктің нәтижесінде өзіне, жанұясына 
және жалпы коғамға зиян келтіретін тұлғалар деп санады. 
ДДҰ-ның алкоголизмге берген анықтамасына сүйенсек, алкоголизммен зардап 
шегетіндерге ішімдікке құмарлық нәтижесінде айқын психикалық бұзылыстарға ұшыраған 
немесе психикалық және соматикалық та бұзылыстар шақырылған, коллективпен 


~ 226 ~ 
қатынасы өзгерген, қоғамдық және материалдық қызығушылықтарына зиян келген 
тұлғалар сәйкес келеді. Бұл анықтаманың күрделі медициналық талдауы жоқ және 
алкоголизмге тән клиникалық суреттемені толық ашпайды.
Шетелдік зерттеушілермен салыстырғанда біздің ғалымдар алкоголизмнің 
биологиялық сипатына көп көңіл бөлген. И.В.Стрельчук былай деп есептеді, бір 
уақытта мөлшерлеу сезімін, спиртті ішімдікті қабылдауды бақылаудың 
жоғалуымен алкогольге дертті әуестікті созылмалы алкоголизм деп атауды 
ұсынды, бұл кезде спиртті ішімдіктерді ұзақ қолдану нәтижесінде әртүрлі 
интенсивтіліктегі бастапқыда қайтымды (функциональді), бірақ біртіндеп 
қайтымсыз сипат алатын (органикалық) психикалық және соматикалық 
бұзылыстар пайда болады.
Көптеген авторлар «созылмалы алкоголизм» терминін қолдану дұрыс емес 
деп санайды, мұны БҰҰ 1955 ж. алькоголизм проблемасы бойынша Комитетінің 
сарапшылары да қолдады. Олардың пікірінше «алкоголизм» термині тек 
созылмалы жағдайды ғана суреттейді. Сондықтан «алкоголизм» терминін 
«созылмалы» сөзінсіз қолдану дұрыс деп санады
 
Алкоголизм – еңбекте тиімділіктің жоғалуына, жанҧялық қарым-
қатынастың және қоғамдық ӛмірдің бҧзылуына, физикалық және психикалық 
денсаулық бҧзылыстарына алып келетін мӛлшерде және жиілікте алкогольді 
шектен тыс қолдану нәтижесінде дамитын ауру. Алкоголизм тҧрмыстық 
маскҥнемдіктен анық кӛріністерімен және биологиялық негізделген 
белгілерімен 
ерекшеленеді. 
Алкоголизм 
әрқашан 
тҧрмыстық 
маскҥнемдіктен басталады. Тҧрмыстық маскҥнемдік, алкогольді әдеттегі 
шектен тыс қолдану - бҧл әрқашан әлеуметтік-этикалық ережені бҧзу 
болып 
табылады. 
Сондықтан 
маскҥнемдік 
профилактикасы 
административті-қҧқықтық және тәрбиелік сипаттағы шаралардан 
тҧруы керек. Маскҥнемдікпен салыстырғанда алкоголизм ауру болып 
табылады, ол әрқашан медициналық сипаттағы белсенді іс-шараларды, 
емдік-реабилитациялық шаралар комплексін қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет