Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау


Еңбекке қабілеттілікті бағалау және басқа сараптамалық



Pdf көрінісі
бет206/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

 
Еңбекке қабілеттілікті бағалау және басқа сараптамалық 
сҧрақтарды шешу 
 
Ҧстамадан кейін науқастар, ереже бойынша, еңбекке қабілетті. Аса 
ҧзаққа созылған ҧстамалар кезінде (жиі депрессивті ҧстамаларға тән) немесе 
сырқаттың ағымы continua (жалғасқан) типте болса оларға мҥгедектік 
тағайындау керек. 


~ 313 ~ 
Айқын 
аффективті 
бҧзылыстар 
жағдайында 
қылмыстық 
жауапкершілікті қажет ететін істер жасаған науқастарды сот – 
психиатриялық сараптамадан ӛткізу кезінде олар қабілетсіз болып танылады, 
ал егер жағдай азаматтық акт жӛнінде болса, онда қабілетті болып табылады. 
МДП зардап шегетін науқастар әскери қызмет ӛтеуге жарамсыз деп 
танылады. 
26 Тарау 
КӘРІЛІК КЕЗЕҢ ПСИХИКАЛЫҚ АУРУЛАРЫ 
Психикалық аурулардың бҧл тобы кӛрінісі мен айқындылық дәрежесі 
бойынша әртҥрлі психикалық бҧзылыстардан қҧралады, олардың пайда 
болуы науқас ағзасындағы жасқа байланысты ӛзгерістермен тікелей немесе 
жанама тҥрде байланысты болып келеді. 
Жалпы клиникалық ерекшеліктері 
 
Ағзаның қартаюы оның барлық - биологиялық және психикалық 
функцияларының ӛзгерістерімен бірге жҥреді. Бірақ бҧл ӛзгерістердің сипаты 
және пайда болу уақыты әрбір жеке адамда ерекше болып келеді және 
тербелмелі: жасқа байланысты психикалық ӛзгерістер ағза қартаюының 
соматикалық кӛріністерімен сәйкес келе бермейді. Қартаюшы адамдардың 
соматикалық кӛріністерінің ӛзі міндетті тҥрде ӛзгеріске ҧшырамайды. 
Ағзаның бір жҥйесінде жасқа байланысты ӛзгерістер мҥлдем байқалмаса, ал 
басқа бір жҥйесінде айқын кӛрінеді. Мысалы, жасқа байланысты тірек – 
қимыл аппаратының ӛзгерістері айқын байқалса, қантамыр жҥйесіндегі жасқа 
байланысты ӛзгерістер әлсіз кӛрініс береді немесе мҥлдем болмайды. Бірақ 
жасқа байланысты ӛзгерістер жиі ағзаның барлық функциональды 
жҥйелерінде белгілі бір арақатынаста бірлескен тҥрде байқалады. 
Жасқа байланысты психикалық функцияның ӛзгерістері таңдамалы 
тҥрде және әртҥрлі жас кезеңдерінде пайда болуы мҥмкін. Яғни, адамның 
қиялдау қасиеті салыстырмалы тҥрде ерте әлсірейді - оның ашықтығы, 
бейнелілігі нашарлап, психикалық ҥрдістердің қарқыны, зейіннің жылдам 
ауысу қасиеті нашарлайды. Кешірек жаңа білім, дағды игеру нашарлайды. 
Қазіргі уақытта қажет мәліметтерді еске тҥсіру қиындайды (естің элективті 
бҧзылысы). Бірақ белгілі бір мезгілден кейін ол мәліметтер еске тҥседі. 
Тҧлғаға тән интеллектуальды ҥрдістер қасиеті ҧзақ сақталады. Бірақ 
психикалық ҥрдістер ағымының баяулауына байланысты қандай да бір 
шешім қабылдау кӛбірек уақытты қажет етеді. 
Эмоциональды кӛріністер жасқа байланысты тҥрлерін ӛзгертеді. 
Эмоциональды тҧрақсыздық, ҥрей дамиды. Жағымсыз кҥйзелістерге ҧзақ 
фиксациялануға бейімділік, кӛңіл – кҥйдің ҥрейлі – депрессивті сипаты пайда 
болады. Психиканың жасқа байланысты ӛзгерістерінің пайда болу мерзімі 
салыстырмалы тҥрде индивидуальды болып келеді. Жеке адам ӛмірінің 


~ 314 ~ 
жасқа байланысты ӛзгерістер пайда болатын белгілі бір кезеңдері болады. 
Оның бірі - жасқа байланысты болса, ал екіншісі - ағзаның гармональды – 
физиологиялық 
ӛзгерісінің 
(климакс) 
басталуына 
сәйкес 
келеді. 
Инволюциямен байланысты психикалық ӛзгерістер 50 – 60 жастан 
басталады. Кәрілік алды және кәрілік кезеңіндегі психикалық бҧзылыстар 
шекаралық психикалық бҧзылыстар және психоздар тҥрінде кӛрінеді. Егде 
жастағы адамдарда психикалық бҧзылыстар жиілігі ӛте жоғары. 
65 жастан жоғары адамдарда әртҥрлі дәрежедегі психикалық 
бҧзылыстар 30 – 35 % қҧрайды, оның ішіне психоздар мен ақыл кемдігі 3–
5%.
Жас ҧлғайған сайын ауыр психикалық ӛзгерістердің пайда болу 
қауіптілігі артады. Шекаралық бҧзылыстарға невроз тәрізді, аффективті 
бҧзылыстар және тҧлғалық ӛзгерістер жатады. 
Невроз тәрізді бҧзылыстар ҧйқы бҧзылысымен, денедегі әртҥрлі 
жағымсыз 
сезімдермен, 
эмоциональды-тҧрақсыз 
кӛңіл 
– 
кҥймен, 
тітіркенгіштікпен, ешқандай негізсіз жанҧясы мен ӛз денсаулығы ҥшін 
ҥрейлену және т.б. кӛрінеді. Физикалық әлсіздік, соматикалық жайсыздық 
қандай-да бір қатерлі, дауасы жоқ «ӛлімге алып келетін» аурудың бар 
екендігі жӛнінде ой тудырады. Науқас тҧлғасындағы болып жатқан 
ӛзгерістер оның характерологиялық та және интеллектуальды да қасиеттерін 
қамтиды. Характерологиялық ерекшеліктер науқас тҧлғасына бҧрын тән 
болып келген тҧлғалық қасиеттердің ӛткірленуі және кҥшеюімен кӛрінеді. 
Мысалы, сенімсіздік кҥдікшілдікке, ал қҧнттылық – сараңдыққа, табандылық 
– қырсықтыққа ауысады. Интеллектуальды ҥрдістер ӛзінің айқындылығынан 
айрылады, ассоциациялар кедейлене тҥседі, тҥсініктерді біріктіру сапасы мен 
деңгейі тӛмендейді. Жаңа қҧбылыстар мен оқиғаларды қорыту ҥшін кӛп 
уақыт пен ҥлкен табандылықты талап етеді. Жаңа ақпарат мҥлдем 
игерілмейді немесе қиындықпен қабылданады. Ең алдымен кҥнделікті 
ағымдағы оқиғаларды еске сақтау нашарлайды. Ӛткен кҥннің оқиғалары 
қиындықпен еске тҥсіріледі. Науқастардың критикасы тӛмендейді - ӛзінің 
психикалық кҥйін және болып жатқан ӛзгерістерді дҧрыс бағалай алмайды. 
Егде жастағы адамдардағы осы аталған бҧзылыстардың ауырлық дәрежесі 
әртҥрлі болуы мҥмкін: салыстырмалы тҥрде жеңіл бҧзылыстардан жҥйелі 
емді және психиатр бақылауын қажет ететін айтарлықтай терең бҧзылыстар 
дәрежесіне дейін. 
Психикалық бҧзылыстардың айқын формалары психоз тҥрінде 
кӛрінеді. Қабылданған жіктеу бойынша олар кәрілік алды немесе 
инволюционды, кәрілік жас психоздары деп бӛлінеді. Кәрілік алды 
психоздарына инволюциялық меланхолия және инволюциялық параноид 
жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет