Заңды іс- шаралармен әр тҥрлі кәсіби зияндылықтарда қызмет етушілерге
арналған жҧмыс кҥнінің, жҧмыс аптасының ҧзақтығының нормалары
регламенттеледі, жеңілдіктерге, жҧмыс қабілеті жартылай немесе толық
жойылған жағдайда компенсацияға кепілдік беріледі, зейнетақы тағайындау
тәртібі анықталады, жасӛспірімдер мен әйелдер ҥшін жҧмыс нормасы мен
жағдайларын анықталады.
Заңның орындалуы мен нормаларын бақылау санитарлық қадағалаумен іске
асырылады, ол дҧрыс ҧйымдастырылса алдын-алу шаралары сипатына ие болады.
Оның мәні келесі санитарлық - техникалық шаралардан тұрады:
пайдалануға тапсырылатын ӛндірістік обьектілерді, машиналарды, механизмдерді
жаңа жабдықтардың санитарлық жағдайын бақылау; технологиялық процестерді
және химиялық заттарды қауіпсіз тҥрлеріне алмастыру; шығарылған ӛніммен
контактта
болмау
және
дистанциондық
басқаруды
ҧйымдастыру,
шаңсыздандыруға
бағытталған
жҧмыстар
жҥргізу;
жабдықтарды
герметизациялау; жоғары эффективті вентиляция жасау; жҧмысшылардың
индивидуальді қорғаныш заттарын дҧрыс, жҥйелі тҥрде пайдалану, оның тәртібін
сақтауды бақылау; оларды инструктаждау және гигиенаны ҥйрету; токсикалық
заттардың ауадағы МДК-сының жоғарлауын болдырмайтын жағдайларды
бақылау және т.б.
~ 50 ~
Жалпы профилактикалық жҧмыстардың ҥшінші бағыты сауықтыру болып
табылады, ол міндетті тҥрде алдын-алу және кезеңдік медициналық
тексерулерден, емдік-профилактикалық қоректендіру, витаминизация, ӛндірістік
гимнастика, шаң мен газды орындарда жҧмыс істейтін адамдарға ингаляция,
массаж, физио және сумен емдеуден тҧрады. Ӛндіріс жағдайындағы барлық
жедел уланулар ерекше тіркеуге алынып, СЭС тексеруінен 24 сағат ішінде ӛтуі
керек, созылмалы уланулар СЭС тексеруінен хабар алынған кҥннен бастап 7 кҥн
ішінде ӛтуі керек.
Тексеру нәтижелері арқылы алдағы санитарлық – техникалық және емдік
шаралардың мазмҧны анықталады.
Арнайы жҧмыстар біріншілік, екіншілік, ҥшіншілік психопрофилактикамен
байланысты болуы мҥмкін. Сау адамдардағы жҥйкелік - психикалық
бҧзылыстарды ескертуге бағытталған жҧмыстар комплесін мысалға келтіреміз
(біріншілік психопрофилактика):
1. Цехтарда және белгілі бір ӛндірісте, оның бӛлімдеріндегі жҧмыс
сипатын және жҧмыс жағдайын оқу.
2. Ӛндірісте жҧмыс істейтіндер арасындағы жалпы аурушаңдық ішінен
жҥйкелік-психикалық ауруларды зерттеу.
3. Медико-санитарлық
бӛлімдегі
психоневролог
консультациясы,
жҧмысшыларды кезеңмен тексеру және диспансеризация жҥргізу,
осы мәліметтерді талдау.
4. Жҥйкелік-психикалық бҧзылыстарға байланысты жоғарғы қауіптегі
контингентті динамикалық бақылау, тіркеу, айқындау: егде жастағы
адамдарды, жасӛспірімдерді, жоғарғы және орта білім беру оқу
орнында оқып жҥріп жҧмыс жасайтындарды, жиі және ҧзақ
ауыратындарды, созылмалы кәсіби аурулармен ауыратындарды және
т.б.
5. 1-4
іс-шаралардың
мәліметтерін
анализдеу
негізінде
психопрофилактикалық жҧмыстың жоспарын қҧру және оны медико-
санитарлық бӛлімнің жалпы комплексті жоспарына енгізу.
6. Жҧмысқа тҧратындарды алдын-ала тексеру және психикалық
денсаулығына байланысты кәсіби тҥрде таңдап алу.
7. Заңды
нормативтерді
және
техникалық
қауіпсіздік
және
индивидуальды қорғаныш ережелерін сақтауды қатаң бақылау.
8. Профилактикалық ем жҥргізу – спецификалық, нақты кәсіптік
зияндылықтарға бағытталған және қоршаған ортаның зиянды әсеріне
ОЖЖ-нің және организмнің қарсылық әсерінің жоғарлауын
қамтамасыз ететін спецификалық емес ем.
9. Зиянды әдеттермен және алкоголизммен кҥресу.
10. Арнайы топтарды керекті дағдыларға ҥйрететін психогигиена
бойынша жҧмыс жҥргізу (қажу мен невроздың және т.б.
профилактикасы); арнайы дайындалған бағдарлама бойынша
жҧмыстар, ӛндірістік-техникалық оқыту жҥйесіне енгізілуі мҥмкін.
11. Кең психогигиеналық ҥгіттеу, ағарту жҧмыстарын жҥргізу.
~ 51 ~
Осы мақсатта жергілікті және радиотрансляциялық тораб бойынша
ҥзіліс кезінде мәліметтер беру, стационарлық және кӛшпелі қабырға
газеттерін әдемі кӛркемдеу, санитарлық бюллетень шығару, жҧмыс
жасайтындар мен оқитындарға психогигиеналық актуальды тақырыптарға
нҧсқаулар беру, денсаулыққа арналған тақырыптық кештер ӛткізіледі.
Екіншілік
психопрофилактика
мақсаты
басталған
жҥйкелік-
психикалық бҧзылыстардың ауырлауы мен рецидивтерін болдырмау ҥшін,
сонымен қатар оның асқынуларын ескерту болғандықтан, оның негізі ерте
этиологиялық диагностика жҥргізу болып табылады. Бҧл ең алдымен
дерттің кәсіби факторлармен байланысты немесе байланыссыз екенін
анықтайды. Бҧл ҥшін диагностика кезінде анамнез мәліметтері талқыланып,
жиналады, лабораториялық кӛрсеткіштермен бірге клиникалық зерттеудің
нәтижелері салыстырылады (соматикалық, неврологиялық, психологиялық).
Анамнезінде аурудың жҧмысқа тҧрмастан бҧрынғы аралықтағы
денсаулық жағдайына кӛңіл бӛлінеді, алғашқы медициналық зерттеу
нәтижелері ескеріледі. Қазіргі кездегі патологияның сол кезде байқалмауы
кәсіби ауру диагностикасының критерияларының бірі болып табылады.
Аурудың кәсіби зияндылықтармен байланысы анықталады, оның сандық
бағасы беріледі (ҧзақтығы, ҥздіксіздігі, әсер интенсивтілігі) зиянды
факторлардың
сапалық
сипаты
анықталады,
осы
мәліметтердің
патологиялық
ӛзгерістердің
динамикасымен,
айқындығымен
және
динамикасымен
арасындағы
байланыс
салыстырылады.
Арасында
байланыстың болуы кәсіби аурулардың пайда болу жиілігін жоғарылатады.
Осылайша, сынап, марганец фосфорорганикалық қосылыстармен уланғанда
және басқа да кәсіби патология тҥрлері кезінде астенизациямен,
интелектуальды-мнестикалық тӛмендеу, ой жҧмысы кезіндегі жоғары
шаршағыштық, тҧлға қҧлдырауымен кӛрініс беретін энцефалопатия дамуы
мҥмкін. Сол бӛлімде жҧмыс жасайтын адамдардағы патологияның
ҧқсастығын және ӛндіріспен байланысы жоқ ауру белгілерінің пайда болуын
анықтау маңызды болып табылады.
Жағдайды анализдеу кезінде психопатологиялық жауаптың сипаты
(экзогенді және эндогенді тҥрдегі реакция), оның соматикалық,
неврологиялық ӛзгерістерге және лабораториялық зерттеу кӛрсеткіштеріне
байланыстылығы ескеріледі. Психопатологиялық жауап берудің экзогенді
тҥрінде және сәйкес анамнестикалық мәліметтер болғанда, организмде улы
заттардың немесе зат алмасу, эндокринді және басқа да бҧзылыстар
зияндылықтары әсерінен дамыған соматопсихикалық параллельдің болуы -
жҥйке - психикалық ӛзгерістермен кәсіби ауру диагнозын айқындай тҥседі.
Осылай тітіркенген әлсіздік кӛріністерімен және ҧйқының бҧзылуымен
астениялық симптоматиканың пайда болуы, қорғасынмен жҧмыс істейтін
адамда апатияның, жоғары шаршағыштықтың, ҧмытшақтықтың ҥдеуі
созылмалы уланудың болу мҥмкіндігін білдіреді.
Қызыл иек қырындағы қорғасындық жиек, гипохромды анемия, қанда
базофильді-дәнді
эритроциттердің
кӛп
болуы,
ретикулоцитоз,
~ 52 ~
порфиринурия, зәрмен қорғасынның бӛлінуі, бауырдың функциональды
жеткіліксіздігі, полиневрит сияқты белгілердің болуы тҧжырымның дҧрыс
екендігін дәлелдейді.
Ауруды анықтау терапияны бастауға мҥмкіндік береді, оның шарты
кәсіби зияндылықтармен жҧмысты тоқтату болып саналады. Организмнен
улы заттардың шығарылуына, жойылуына, ыдырауына шаралар
қолданылады, патогенетикалық, синдромальды терапия жҧмыстары
жҥргізіледі, жалпы әлдендіретін шаралар қолданады. Жағдайдың
синдромологиялық қҧрылымына байланысты психофармокологиялық
басушы
және
әлдендіретін
терапия
тағайындалады,
витаминдер
қолданылады, ноотроптар тағы басқа психоэнергетикалық заттар, жеке
тҧлғалық реакцияларда - психотерапия тағайындалады. Егер психиканың
патологиялық ӛнімі психотропты дәрілермен толық және тез басылатын
болса, кәсіби патология кезіндегі психопатологиялық дефицитарлы
психопатологиялық
симптоматика
(психоорганикалық
синдром,
амнестикалық синдром, ақыл естің кемдігі) аса тҧрақтылығымен
ерекшеленеді. Емдік және реабилитациялық жҧмыстардың эффективтілігін
кӛтеру ҥшін белсенділік пен жігерлілік қажет. Кӛбіне курорттарда емделу
жақсы нәтиже береді.
Кәсіби аурулар кезіндегі үшіншілік психопрофилактиканың ӛзіндік
ерекшеліктері бар. Егер кәсіби емес ауруларда оның жоғарғы
эффективтілігінің кӛрсеткіші болып, аурудың кәсіби деңгейі тӛмендемей ем
қабылдағаннан кейін бҧрынғы жҧмыс жағдайына қайта оралуы болып
табылады, айқын кәсіби патология кезінде мҧндай мҥмкіндік болмайды.
Емдеу нәтижесіндегі жетістіктердің тҧрақтылығына сенім тек адамның
бҧрын ӛндірісте ауру туғызған агентпен кездеспейтіндігіне кепілдік
болғанда болады. Сондықтан ҥшіншілік психопрофилактиканың міндеті
адамның кәсіби зиянды әсерлермен байланыста болмайтын ӛндіріске қайта
квалификациядан ӛткеннен кейін ӛзінің бҧрынғы кәсіби деңгейіне жетуі
болып табылады. Квалификация ӛзгерту қиындықтары кезінде кәсіби емес
аурулармен салыстырғанда науқастың 3-топ мҥгедектікте болған кезеңі
қолданылуы
мҥмкін.
Жас
организмнің
жоғары
адаптациялық
мҥмкіндіктеріне байланысты, ҥшіншілік психопрофилактика нәтижесі
жастарда ересек адамдарға қарағанда тиімдірек болады.
Жалпы ӛндірістік орындарда кәсіби аурулармен ауырмайтын кӛптеген
психикалық аурулар қазмет жасайды (3,5 %, егер алкоголизммен зардап
шегетіндерді санамаса). Сӛз - созылмалы аурулар жӛнінде болып отыр,
оның ¼ эндогенді психоздар (шизофрения, эпилепсия, маниакальды
депрессивті психоз), психопатологиялық симптоматикамен бас – ми
жарақатынан кейін болатын резидуальды кӛріністер - ¼ соматогенді,
инвалюциялық және басқа психикалық аурулар - ¼ қҧрайды. Арнайы
жҥргізілген зерттеулер, осы аурулардың жоғарғы кәсіби деңгейде жҧмыс
істеп еңбекте алған шағымдары аз екенін дәлелдеген. Психикалық ауру
пайда болған әрбір жағдайда олардың әрқайсысының клиникалық
~ 53 ~
ерекшеліктерін ескере отырып, жҥйелі активті диспансерлік бақылау жақсы
ҧйымдастырылса, ыңғайлы еңбек жағдайын қарастыратын болса, уақыт ӛте
психикалық жағдайының ӛзгеруіне қарай психикалық науқастарды
қарапайым ӛндіріс жағдайына икемдеуді кеңінен қолдануға болады.
Ӛндіріс орындарындағы психопрофилактиканы ҧйымдастыру және
психоневрологиялық кӛмек жергілікті жағдайларға және қажеттіліктерге
байланысты қҧралады. Ыңғайлы вариант ҥлкен зауыттарда медико-
санитарлық бӛлімнің болуы, психоневрологиялық диспансерде ауданд
кәсіпорындарында жҧмыс істейтіндерге арнайы кӛмек кӛрсететін
ӛнеркәсіптік психиатр кабинетінің қызмет етуі, ҥлкен масштабтағы
кәсіпорынды немесе бірнеше зауыттар мен фабрикаларға қызмет кӛрсететін
емханадағы
психоневролог
қызметін
ҧйымдастыру,
ведомстволық
бағынышты психогигиена, психопрофилактика орталықтарын қҧру болып
табылады. Қарапайым нҧсқа қҧрамына диспансерлік бақылау, элементарлы
психоневрологиялық кӛмек кӛрсету, цех дәрігерлік бӛлімшесінің арнайы
дайындығынан ӛткен бӛлімшелік терапевт, медико-санитарлық бӛлімнің
немесе емхана невропатологының тарапынан сауықтыру шаралары мен
медициналық білімді уағыздау, әртҥрлі мамандардың жҧмысшыларды
жоспарланған медициналық тексеруден ӛткізуі кезінде психоневрологтың
кезеңдік тексеруі, психоневрологиялық диспансер дәрігерінің жҥйелі тҥрде
бақылауы кіреді.
Осы кезге дейін алкоголизмді анықтаумен және емдеумен тек арнайы
емдік-профилактикалық орындар ғана айналысты. Қазіргі уақытта басты
алкогольмен кҥресті ӛндірістік орындарда іске асыру кӛзделіп отыр, бҧл
міндет кәсіпорындарға қызмет кӛрсететін жалпы медициналық емханалар
және ведомстволық емханалар, денсаулық сақтау орындары, медико-
санитарлық бӛлімдердің дәрігерлері және орта медициналық қызметкерлері
кҥшін қолданып іске асырылады. Керек жағдайларда қалалық немесе
аудандық денсаулық сақтау органдарының шешімі бойынша қҧрылыс және
транспорт ҧымдарын, кәсіпорындарға қызмет ететін емханаларда немесе
медико-санитарлық
бӛлімдер
жанынан
наркологиялық
кабинеттер
ҧйымдастырылады. Наркологиялық кабинеттердің міндеті алкоголизммен
зардап шегетіндерді ерте анықтап оларды есепке алып, комплексті ем
жҥргізу және диспансеризация, алкогольге қарсы ҥгіт және профилактика
шараларын жҥргізу болып табылады. Кабинет жҧмысы әкімшілікпен, кадр
бӛлімімен, зауыт комитетімен, маскҥнемдікке кҥрес комиссиясымен тығыз
байланыста жҥргізіледі. Наркологиялық кабинетке есепке алу пациенттің
тҧрғылықты жеріндегі психоневрологиялық диспансерді (егер болса
наркологиялық диспансерді) міндетті тҥрде хабарландыру арықылы
жҥргізіледі. Есептен шығару ҥшін алкогольды толық тиғаннан 3 жыл
ӛткеннен кейін болады, ол объективті мәліметтермен дәлелденуі керек.
Есепте тҧрғандар жылына 2 рет наркологтан тексеруден ӛтіп тҧрады, әрбір 6
айда бақылау нәтижелері туралы мәліметтер тҧрғылықты жердегі
диспансерге жеткізіліп тҧрады. Науқастарға кӛрсетілетін емдік кӛмек кӛлемі
~ 54 ~
психоневрологиялық диспансерлердегі наркологиялық кабинеттегідей
болады. Активті емнен кейін қосымша қуаттандыратын терапия
тағайындалады. Кейбір ірі ӛндіріс орындарында активті ем жҥргізу ҥшін
профилакторийлер, кҥндізгі немесе тҥнгі стационарлар жҧмыс істейді.
Қуаттандырғыш қосымша терапия мақсаты – алкогольге теріс кӛзқарасқа
жеткізу және спирттік ішімдіктерді пайдалануды сенімді тҥрде тоқтату.
Алкогольге қарсы жҧмыстардың маңызды бӛлімі болып науқастардың
тҧрақты психотерапиялық коллективін қҧру және емге қарсылық кӛрсетіп
жатқан және алкогольдік дәстҥрді таратушы адамдарды бӛлек емдеу
(изоляциялау) болып табылады. Бҧндай ауруларға тіпті қоғамдық-
социальдық шаралардан бастап, кҥштеп емдеу шаралары қолданылады.
Наркологиялық кабинеттердің мақсаты алкогольге қарсы активті кҥрес,
сауыққандарды еңбекке тарту, орналастыру, кӛпшілік жерлерде және
ӛндірісте жетістікке жетулерін қамтамасыз ету, олардың жанҧялық
адаптациясына кӛмек беру болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |