Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет35/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

 
Психикалық аурулар патогенезі 
Патогенез – аурудың даму механизмі. Патогенетикалық механизмдер 
тҧқымқуалаушылық сипатта қалыптасты және адамға заманға сай ҧзақ 
табиғи-тарихи кҥрделі даму нәтижесінде қонды. Орныққан патогенетикалық 
ҥрдіс физиологиялық, биохимиялық, электрофизиологиялық, психикалық 
реакциялардан және мҥшелер мен тіндердегі структуралық ӛзгерістерден 
тҧрады, басқаша айтқанда патогенез уақыт аралығында ғана емес, белгілі бір 
кеңістікте 
кҥрделене 
тҥседі, 
сәйкес 
локализациясы 
болады. 
И.В.Давыдовскийдің пікірі бойынша морфологиялық ӛзгерістер белгілі даму 
заңдылықтарына тәуелді, олар ҥрдістің жеке фазаларын (әдетте стереотипті 
және циклды) суреттейді, ҥрдіске тҧрақтылық сипатын береді. Патогенез 
ҥрдістің территориалдылығын білдіреді, ал ол аурудың клиникалық 


~ 72 ~ 
кӛрінісінде бейнеленеді. Патогенез арқылы ауру себептерінің әсері 
организмнің жауап реакциясымен әрекеттеседі. Кӛптеген ауру тудырушы 
себептердің әсеріне ағза шектелген реакциялар жиынтығымен жауап береді. 
Реакцияның тҥрі, бағыты, сапасы, қарқыны ағзаның жеке мҥмкіншілігіне 
байланысты. Егер ағза мҥмкіншілігі шектелген немесе мҥлдем болмаса, онда 
оның жауап реакциясы болмайды немесе әлсіз болады. Мысалы, кішкене 
балаларда психоз моторлы және аффективті бҧзылыстармен – қимылдық 
қозу немесе ступор, қорқыныш, агрессивтілікпен кӛрінеді. Оларда сандырақ 
кездеспейді, себебі оларда тҧлғаның идеаторлы қҧрылымы жетілмеген, 
абстрактылы-логикалық ойлау қабілеті жетілмеген. Тек жасӛспірімдерде 
психоздың клиникалық кӛрінісінде сандырақ элементтерін байқай аламыз, 
олар 
эпизодты, 
тҧрақсыздықпен, 
толық 
ашылмаған 
фабуламен, 
полиморфизммен, жҥйесіз сипатпен кӛрінеді. Ересек адамға тән сандырақ 
сапасын, тек есейген балаларда кездестіреміз.
Патологияның ортақ теориясына сәйкес тҥзілген патогенетикалық 
ҥрдіс ӛзіндік даму, қозғалыс заңдылығына бағынады. Ауру себебі бір мезетте 
әсер етуі мҥмкін, бірақ ол тізбекті реакция тҥрінде бірінен соң бірі қосылып 
тҧратын кӛптеген компенсаторлы және бейімделу жауаптарын қозғалысқа 
алып келеді. Бір себеп әр тҥрлі бағдарламаларды қозғалысқа алып келеді: 
нақты қайсысы екені - қосымша жағдайларға тәуелді. Алкогольді шектен тыс 
қолдану кӛптеген аурулардың себебі бола алады: ақ қызба, алкогольді 
параноид, алкогольды галлюциноз, Корсаков психозы, Гайе - Вернике 
энцефалопатиясы т.б. Мерез жҧғуы әсерінен орталық жҥйке жҥйесі 
зақымдалуы мҥмкін, ол ҥдемелі салдану, ми мерезі сияқты жеке аурулар 
тҥрінде кӛрінеді. Сонымен қатар әртҥрлі себептер бір бағдарламаға тҧрақтап, 
патогенезі бір болуы мҥмкін. Мысалы, делирий себебі кӛптеген соматикалық 
аурулар, уланулар, ми жарақаты, кӛптеген жедел инфекциялар бола алады. 
Осылайша, патогенез аурудың клиникасын, симптоматикасын, синдром 
тҥзілу бағытын, патологиялық ҥрдістің нәтижесін анықтайды. Бірақ 
этиология, не болмаса патогенез бӛлек алғанда нозологиялық форманы 
анықтамайды. Нозологиялық формада этиология мен патогенез бірігеді: бір 
нозологиялық формаға этиологиясы мен патогенезі бір жағдай жатады.
Психикалық аурудың теориялық моделі – жалпылама, типті тҥсінік. 
Дерт белгілі бір адамды зақымдайды және белгілі бір субъектке тән жауап 
беру ерекшеліктерімен сипатталады. Бҧл ерекшеліктер ауру организмінің 
бастапқы физиологиялық жағдайына, жоғарғы жҥйке жҥйесінің типіне, 
мінез-қҧлқына, жынысына, жасына, тҧқым қуалау ерекшеліктеріне, 
иммунологиялық реактивтілігіне, басқа да науқастың конституциялық 
ерекшеліктерін сипаттайтын жағдайларға тәуелді. Индивидуальдылық жауап 
реакцияны ӛзгертеді, ауру клиникасында ауытқулар пайда болуына ықпал 
етеді. Ӛйткені әр адам табиғаттың қайталанбас туындысы, дерт кезіндегі 
атиптілік, типтіліктен гӛрі табиғат заңына сәйкесірек болып табылады. 
«Нозологиялық қорытынды жалпылама тҥрде ғана шынайылықты кӛрсетеді; 
олар шындыққа сәйкес, бірақ барлық шындықтың бетін ашпайды, яғни, 


~ 73 ~ 
индивидуальдылық маңыздылығын толық ашпайды. Барлық этиологиялық 
факторлар салыстырмалы тҥрде ғана патогенді, ал пайда болған 
патологиялық ҥрдістер біртекті емес, ӛйткені әрқайсысы индивидуальды». 
Нозологиялық диагноз қоюда клиникалық кӛріністегі ауытқуларды тҥсіну 
ҥшін науқасты дҧрыс қарап, анамнездік мәліметтерді толық анализдеу керек. 
Патогенез сҧрақтарын жақсы білу рацоналды, яғни патогенетикалық 
терапияның дҧрыс жҥргізілуіне себеп болады. Бҧл ем аурудың клиникалық 
кӛрінісінің негізіне жатқан тізбекті реакцияларды ҥзу ҥшін қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет