Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет55/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

Галлюцинациялар. Галлюцинация – объектсіз қабылдау, жалған 
қабылдау. Галлюцинация кезінде науқас шын мәнінде жоқ дауыстар естіп, 
адамдарды кӛреді. Бірақ науқас олардың бар екендігіне толық сенімді. 
Галлюцинацияны 
алғаш 
рет 
Ж.Эскироль 
сипаттаған, 
ол 
галлюцинантты қандай-да бір жоқ затты кӛретініне, еститініне немесе басқа 
да жолдармен қабылдайтынына сенімді адам деп қарастырды. 
Галлюцинацияны сезім мҥшесі бойынша: есту, көру, сезу, дәм сезу,өз 
денесін сезу немесе жалпы сезім галлюцинациясы болып бӛлінеді. Соңғы 
жағдайда патологиялық тҥйсік жеке мҥшелер немесе барлық денеге қатысты: 
іште бірдене жыбырлағандай, ішкі мҥшелер шектер жабысқан сияқты, ӛкпе 
тасқа айналғандай болып сезіледі. 
Галлюцинацияларды сезім мҥшелеріне қарай есту, көру, иіс сезу, дәм 
сезу, жанасу және денелік (тәндік), немесе жалпы сезімдік деп бӛлеміз. 
Соңғы аталған тҥрінде патологиялық сезім жеке мҥшелерден немесе бҥкіл 
денеге қатысты; іш қуысымда бір нәрсе қазбалап жатыр, ішкі мҥшелерім 
орын ауыстырды, ішектерім жабысып қалды, ӛкпелерім тасқа айналды. 
Галлюцинациялар элементарлы, бҧл кезде тек дыбыстар, шуыл, тарсыл 
/акоазмдар/, жарық жолақтарын, дақтар кӛру /фотопсиялар/, және аса күрделі 
болуы мүмкін, адамдардын сӛздерін естиді /вербальды галлюцинация /, 
бейнелер кӛреді. 
Кей 
жағдайларда 
галлюцинациялар 
тек 
ҧйықтар 
алдында 
/гипногогиялық галлюцинация/ немесе оянар кезде /гипнопомпиялық 
галлюцинация/ пайда болады. Сирек байқалатын экстракампинді 
галлюцинацияларды жеке айтып ӛту керек: бҧл кезде науқас кӛру аумағынан 
тыс нәрсені кӛред , мысалы, ӛз артындағы адамды кӛреді. 
Функцинальды, немесе рефлекторлы галлюцинация, бір нақты немесе 
ӛзге анализатор тітіркенген жағдайда пайда болады. Науқас желдеткішті 
қосқанда оның шуымен қатар әңгіме естиді; желдеткішті ӛшіргенде дауыстар 
жоғалады. Дӛңгелек сартылымен қатар ән естиді, поезд тоқтағанда ән 
естілмейді. Иллюзияда шын мәнінде бар тітіркендіргіш басқа зат ретінде 
қабылданса, рефлекторлық галлюцинацияда, тітіркендіргіш галюцинациямен 
бірге қабылданады. 
Галюцинацияның пайда болуы психикалық жағдайдың едәуір 
ауырлығын кӛрсетеді. Галюцинация психоз жағдайының жиі кӛрінісі, ал 
невроз жағдайында болмайды. 
Галюцинациялардың 
ерекшеліктерін 
әрбір 
жеке 
жағдайларда 
қарастыру психикалық дерт диагнозын қойып, нәтижесін болжауға 
кӛмектеседі. Адамға тән дауыстарды жалған қабылдау шизофренияға және 


~ 106 ~ 
алькогольді галлюциноз кезінде бақыланады. Шизофрения кезінде естілетін 
дауыстар жиі тікелей науқасқа бағытталған, бҧйрық береді, оның іс-әрекетіне 
талдау жасайды. Созылмалы алкогольді галлюцинозда дауыс ҥшінші 
жақтағы адам даусымен науқас жӛнінде сӛйлейді, оның маскҥнемдігін 
кінәләйді. 
Кӛру галюцинациясы орталық жҥйке жҥйесінің улануымен, 
инфекциясымен байланысты жедел психоздарға тән, бас миының 
органикалық зақымдануларында кездеседі. Бӛртпе тифозды психозда ауру 
бӛлме ішіндегі ӛртті кӛреді; ақ қызбада /белая горячка/ кӛз алдында 
жануарлар, қорқынышты қҧбыжықтар келеді. Жақын адамын жоғалтуға 
байланысты дамыған психоздарда ӛлген адамның бейнесі кӛз алдына келеді: 
әдетте тҥн уақытында, қараңғы жағдайда кӛрде немесе бӛлме бҧрышында ақ 
жабындымен кӛреді. Шизофренияға кӛру галлюцинациялары тән емес, олар 
кездескен жағдайда кҥрделенбеген тҥрде, қысқа уақытқа созылады, жедел 
жағдайға байланысты пайда болады. 
Шизофения клиникасында иіс сезу галлюцинациясының пайда болуы, 
дерттің емге тҧрақты жайсыз ағымға ауысқанының белгісі. 
Кокаинмен уланғанда ауру тері астында жәндіктер, инелер, майда тірі 
жәндіктер қозғалып жҥргенін сезінеді /Маньян симптомы/. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет